8-сынып қазақ әдебиеті: Т. Ахтановтың Күй аңызы әңгімесінің тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желілерін және пролог пен эпилогын талдау


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің

тақырыбы мен идеясы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (Т1)

8-СЫНЫП

Бөлім атауы: Қиял мен шындық

Slide 2

Оқу мақсаты: Т/Ж 1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаты:

• Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін талдайды;

Шығарманың эпилог, прологтарын анықтайды.

Slide 3

Бағалау критерийі:

әңгіменің сюжеттік желілерін талдайды

шығарманың эпилог пен прологін анықтайды

Slide 4

Балалар, қазір «Күй аңызы» әңгімесінің видео мазмұнын тындап, сұрақтарға жауап беріңіздер

Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?

Қандай тақырып қозғалды?

Не себепті автор әңгімені «Күй аңызы» деп атаған?

Slide 5

Шығармадан үзінді

Сюжет тақырыбы

- Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім…

Шал Естеместің қолқасын түсініп төмен қарап, ойланып қалды.

- Апырым-ай, мынауың шынында да елде жоқ қолқа екен, - деді ол сәлден кейін. - Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым.

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары

- Ботасы өлген боз іңген, - деп күбірледі Естемес атын тебініп қозғала беріп. Ойынан енді ғана сергіп, Оразымбетке бұрылды.

- Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой аруананың. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды.

- Мен қорқып қалдым, - деп Оразымбет шынын айтты. - Киелі шығар жануар . . .

Екі күйшінің жолға шығуы,

күйшілер әңгімесі.

- Ар жағын сен тарт! - деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді. Оразымбет домбыраны қағып алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.

Біз қайдан білейік, ел «Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті.

Жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі

Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып барады.

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе

нардың июі. “Нар идірген” күйінің өмірге келуі

. . . Түндігі бүркеулі қаракөлеңке үйдің ішінде жалғыз шалдан басқа адам жоқ екен. Ол орнынан тұрып қонақтардың сәлемін алып, екі күйшіні төрге отырғызды.

Жаңа күйдің пайда болуы. нардың иіп, сүт шығуы

1-тапсырма. Үзіндідегі сюжет желісі бойынша тақырыптарды сәйкестендір

Slide 6

Шығармадан үзінді

Сюжет тақырыбы

Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары

- Ботасы өлген боз іңген, - деп күбірледі Естемес атын тебініп қозғала беріп. Ойынан енді ғана сергіп, Оразымбетке бұрылды.

- Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой аруананың. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды.

- Мен қорқып қалдым, - деп Оразымбет шынын айтты. - Киелі шығар жануар . . .

Екі күйшінің жолға шығуы,

күйшілер әңгімесі.

. . . Түндігі бүркеулі қаракөлеңке үйдің ішінде жалғыз шалдан басқа адам жоқ екен. Ол орнынан тұрып қонақтардың сәлемін алып, екі күйшіні төрге отырғызды.

Жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі

- Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім…

Шал Естеместің қолқасын түсініп төмен қарап, ойланып қалды.

- Апырым-ай, мынауың шынында да елде жоқ қолқа екен, - деді ол сәлден кейін. - Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым.

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

- Ар жағын сен тарт! - деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді. Оразымбет домбыраны қағып алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе

нардың июі. “Нар идірген” күйінің өмірге келуі

Ықтимал жауап:

Slide 7

Келесі тапсырманы орындамас бұрын, әдебиет теориясына көз жүгіртіп, эпилог пен прологтің анықтамасын есімізге түсірсек.

Эпилог - көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.

Пролог (гр. prologos - кіріспесі) көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру.

Slide 8

2- тапсырма. Шығарма прологінде айтылған ойды өз көзқарасың арқылы жаз

Шығармадан үзінді


Ұқсас жұмыстар
Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіне арналған әдістемелік сабақ жоспары
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы: шығарма идеясы, тақырыбы және кейіпкерлерді талдау
5-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Н. Ақыш Нағыз әже қайда? әңгімесінің кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін талдау
8-сынып қазақ әдебиеті: Мұқағали Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдау және дебат сабағы
Ыбырай Алтынсариннің Қыпшақ Сейітқұл әңгімесін талдау: мазмұны, тақырыбы мен идеясы
8-сынып Қазақ әдебиеті: Абайдың он жетінші қарасөзін талдау және кемел адам идеалы
Қасым Аманжоловтың Ақын өлімі туралы аңыз поэмасының тақырыбы, идеясы және сюжеттік-композициялық құрылымы
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлының Адамдық диқаншысы өлеңінің тақырыбы мен идеясын талдау және адамгершілік тәрбиесі
6-сынып қазақ әдебиеті: Қалқаман Әбдіқадыровтың Қажымұқан повесін сюжеттік және әлеуметтік талдауға арналған сабақ жоспары
8-сынып әдебиеті: Расул Гамзатовтың Менің Дағыстаным әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz