ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Тақырыбы: Дарынды балалардың ерекшеліктері және оларды білім беру үрдісіне қосудың жолдары
Орындаған:Бахтыгереева Гүлайнұр
Қабылдаған:Қарабаева Н. Б
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
КеАҚ «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»

Дарындылық - бұл адамның тек ақыл-ойы дамуының жоғарғы көрсеткіштері емес, тұлғаның дамуына бағытталған ішкі талап- мақсаттары. Қазақстан республикасы «Білім туралы заңында мемлекеттік санат негізінде»: «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Дарындылық ұғымына педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі»

Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда да жақсы көрініс тапқан: 1989 жылғы 30 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның баптарында: «Баланың жеке тұлға ретінде дамуына, бала бойындағы дарынын, ақыл-есін, дене бітімін толық дамытуға, яғни білім алу тұлғалық, дарындылық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек»- делінген.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдеде қабылданған «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті - жеке адам ретінде бала бойында дарындылық, адамгершілік, салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру»- делінген.

Жас баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілеті, дарындылықты тани білу, оны одан әрі дамытуға бағыт- бағдар беру әрбір ата-ананың, ұстаздардың міндеті, дарынды балалармен жұмыс жасауда әсіресе мұғалім маңызды орынға ие.

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесін көрнекті психологтар: Л. С. Выготский, Б. А. Ананьев, Н. С. Лейтес, В. Н. Теплов т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде дәлелдеп, көптеген тұжырымдар жасады. Дарындылық мәселесі зерттеушілердің еңбектерінде көптеп кездескенменде, бұл мәселе әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Дарын - адам бойындағы жоғарғы талант, ерекше қабілет. Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді орындауда жоғары нәтижеге жетуі: біріншіден, дарынды балалардың қызығушылығы жоғары, олар алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылады. Екіншіден, өзіндік жұмыстармен өзбетімен айналысады, олар тәжірбие жасауға, жаңа әдебиеттермен жұмыс жасауға, ұйымдастырушылық шараларға үлкен ынтамен араласады. Үшіншіден, олар қоршаған ортаға, ондағы іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алады

Төртіншіден, оларды көптеген сұрақтар қызықтырады, олардың жауабын білгісі келеді, сабақта мұғалім зерттеушілік тапсырма берген жағдайда оларда жоғары деңгейде қызығушылық пайда болады. Бесіншіден, олар негізгі, қажетті материалдарды бірден ажырата алады. Алтыншыдан, тіл байлығы жақсы жетілген, ойлау қабілетінде өзгешеліктер басым, танымы жоғары, ішкі жан-дүниесі жағынан сезімтал, ерік-жігері мықты, ізденуге құмар, өзін-өзі дамыту, талғампаздығы жоғары болып келеді.

Дарынды оқушылар өз қатарынан озық дамыған, ерекше зейінді, жоғары қабілеттілік танытып, жетістіктермен дараланатын балалар, дарындылық: жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы дарындылық - кез - келген істі орындаудағы оқушының жалпы икемділігі, есте сақтау қабілетінің жоғарғы деңгейде дамуы, ойлау қабілетінің тереңдігі, түрлі мәселелерді шешуде өзбеттілігін көрсете алуы. Арнаулы дарындылық - белгілі іс - әрекет аймағында көрініс беретін қабілет: музыка, өнер, әдебиет, математика, спорт, өнертапқыштық және т. б

Дарынды балалардың ерекшеліктері:
Танымдық үрдістері жоғары
Кез -келген іс - әрекетті өз бетінше орындайды
Лидерлік және әлеуметтік дағдыларының болуы
Есте сақтау қабілеті жоғары

Дарындылықтың дамуына отбасының әсері өте зор:
- Жанұядағы эмоционалды ахуалдың әсері;
- Бала мен ата-ана арасындағы жағымды қарым-қатынас тәсілдері;
- Ата-ананың бала дарындылығын түсінуі, оны қолдауы;

Оқушылардың дарындылығын анықтауда:
- Баланың отбасы жағдайын зерттеу;
- Шығармашылық қабілетін анықтау;
- Сауалнамалар, психодиагностикалық зерттеулер т. б өткізу;
- Ата-анамен әңгімелесу;
- Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жұмыстарына қатыстыру;
- Дарынды балаға сенім білдіру;
- Баланың бойындағы білімге құштарлығын жойып алмай, оның алға қарай
дамытуда баланың табиғи талап-тілектерін ескеру;
- Оқушылардың білімін дұрыс бағалау;
- Оқушылардың ғылыми ізденістеріне жетекшілік жасау;
- Оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін дұрыс
пайдалануын үнемі зерттеп отыру;
- Жалпы білім беретін мекемелерде дарынды оқушылар үшін арнайы
сыныптар мен топтар ашып, оларды тереңдетілген бағдарламалар бойынша білім алуларына жағдай жасау;

Дарынды оқушылармен жұмыс жасау - ол жақсы ұстазды қажет етеді, ұстаздарға қойылатын педагогикалық - психологиялық талаптарды былайша топтастыруға болады: 1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар: оқушыны жақсы көру, қабілеті жоғары балалармен жұмыс жасау, яғни бала жүрегіне жол таба білу. 2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: өзінің сабақ беретін пәнін жоғары деңгейде білуі, баланың үлгеріміне ғана емес, оның әрбір жетістігіне мән беру;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: дарынды оқушыны анықтай білуі, дарынды балаларға арналған тереңдетілген бағдарламалар дайындауда жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін пайдалану, сыни тұрғыда, проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отыра оқыту, жүйелі түрде қосымша тапсырмалар беру, оқушының білімін дұрыс бағалай алу, олардың ғылыми ізденістеріне жетекшілік жасау, оқушыларды түрлі деңгейдегі сайыстарға, 83 пәндік олимпиадаларға дайындауда биік жетістіктерге жете алатындай деңгейде жұмыс жасау, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру, дарынды балалардың ата-аналарына педагогикалық-психологиялық кеңестер беру.

Қазіргі таңда дарынды балалардың шығармашылығын дамытуда ғылыми жобалау технологиясының маңызы зор. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат: - оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру; - өзбетімен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру; - ақпараттық бағдарлау арқылы біліктілігін қалыптастыру; - сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру; - әртүрлі ортада өзінің білімін дәлелдей алу сапасын дамыту;

Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары сынып ішіндегі психоэмоционалды ахуалды қалыптастыру жағдайларымен тығыз байланысты, яғни дарынды балаларды қолдау мәселесі: - әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларын мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету; - денсаулығын қадағалап отыру; - каникул мезгілдерінде сауықтыру орындарына тегін жолдамалар беру; - психологиялық тұрғыда қолдау жұмыстары; - оқушының шығармашылық жұмыстарын газет-журнал беттеріне жариялау; - дарынды баланың жаңалықтарына байланысты шағын кітапшалар, брошюралар дайындау; - өзге мектептердегі дарынды оқушылармен тәжірибе алмасу, түрлі пәндік сайыстар, жарыстар, оқушының дарындылығын арттыруға арналған жұмыстарды ұйымдастыру;

Дарынды балаларды осылайша қолдау:
- Оқушының өзін-өзі тануына, тәрбиеленуіне, ізденімпаз, тәжірибелер жасауға құштар, принципшіл, ешкімді қайталамайтын, бойындағы дарындылығын дамыта алатын тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі;
- Дарынды балалар болашақта кәсіби мамандық таңдауда өзбеттерінеше шешім қабылдай алады;
- Дарынды оқушылар мектеппен ғана шектелмей жоғарғы оқу орнының ғалымдарының жетекшілігімен жұмыс жасайды;
- Оқушының шығармашылығы артып ғана қоймайды, оның жеке қасиеттерінің де дамуына қолдау жұмыстары үлкен әсер етеді, олар кез-келген ортада өзінің жұмысын сенімді түрде еркін дәлелдей алады;
- Дарынды баланы қолдау оның болашағына әсер етеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz