Бюджеттің дербестік қағидаты


Slide 1

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ

Slide 2

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталық-тандырылған қорын жасау және оны ұлғаймалы ұдайы өндіріспен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекетпен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Slide 3

Бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі

Slide 4

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесіне Қазақстан Республикасының Ұлтық қоры кіргізілген.

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.

Slide 5

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылы-мымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Slide 6

Бюджеттің дербестік қағидаты

Бюджеттің толымдылығы

Реалистік қағидаты

Транспаренттілік қағидаты

Дәйектілік қағидаты

Нәтижелілік қағидаты

Сабақтастық қағидаты

Негізділік қағидаты

Касса бірлігінің қағидаты

Уақтылық қағидаты

Slide 7

Тиімділік қағидаты

Жауапкершілік қағидаты

Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты

Slide 8

Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қор арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады

Slide 9

Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджеттердің, респуб-ликалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында:

трансферттермен;

бюджеттік кредиттермен;

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен;

бюджеттік кредиттермен;

кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Трансферттер (нормативтік үлестік жәрдемқаржы) - бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар.

Slide 10

Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді

Slide 11

Бюджеттік субвенциялар - жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады

Slide 12

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

трансферттер түсімдері;

2) шығындар;

3) таза бюджеттік кредиттеу;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо:

қаржылық активтерді сатып алу;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;

5) бюджет тапшылығы (профициті) ;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) :

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары

Slide 13

Бірыңғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады

Slide 14

Бюджеттік түсімдер сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.

Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасына сәйкес шығыстар төрт деңгейге бөлінеді: функциялық топ, функциялық кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) .

Slide 15

Бюджет шығыстарының экономикалық сынып-тамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады.

Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді. Сынып, кіші сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылайды, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы - жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.

Slide 16

Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды

Slide 17

Бюджет тапшылығының болуы мына себептерге байланысты:

1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;

2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;

5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

Slide 18

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1. Ақша белгілерін шығару. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығару, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т. б. қатысады.

3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.

4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Slide 19

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет. Бюджет жүйесі
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
Бюджеттің қағидаттары
Салықтық жоспарлау түсінігі және экономикалық мазмұны
Жеке бюджетті басқару
Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Салықтың обективті қажеттілігі
Ұйым шаруашылық субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және оның экономикалық мәні
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz