Аккредиттеудің мақсаты




Презентация қосу
Жетісай аудандық “Асық ата” ауруханасы
Аккредитация 2023 дайындық сабағы

Аккредиттеудің мақсаты:

Аккредиттеу – бұл медициналық ұйымның ұлттық
сапа стандарттарына сәйкестігін ресми растау рәсімі.
Аккредиттеу (accrēde – сенім білдіру) латын
терминінен шыққан және клиникада пациенттерді
емдеуге барлық жағдай жасалғанына сенімділік
болып табылады.
Бейіндер бойынша стандарттардың барлығы 6 түрі бар. Олар 2023
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
1 тарау. Басшылық (Руководство) Стандарт №5

5. Қауіпсіздік мәдениеті (пациенттің қауіпсіздігі кәсіби ынтымақтастықтан жоғары болатын
ұжымдағы жазалаушы жағдай емес). Ұйым басшылығы қауіпсіздік мәдениетін енгізеді және
қолдайды, оқиғаларды анықтауды ынталандырады және жұмысты жақсарту үшін жүйелі шаралар
қабылдайды

1) Медициналық ұйымда "қауіпсіздік мәдениетін"іске асыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар I
орындалады. Клиникалық қызметкерлер жазалау қаупі жоқ оқиғаларды толтыруды және тіркеуді
қамтамасыз ететін жазаланбайтын жүйе туралы біледі, сонымен қатар "ықтимал қате", "қате",
"төтенше оқиға"анықтамаларын біледі

2) Медициналық ұйымда жоғары тәуекелді (сот ісін жүргізу қаупі жоғары)рәсімдер мен операцияларды I
орындайтын медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды (кепілдендіруді)
қамтамасыз ету процесі енгізілді **

3) Медициналық ұйымның бекітілген рәсімдеріне сәйкес инциденттерді (ықтимал қатенің, қатенің, I
бұзушылықтың, экстремалды оқиғаның құжатталған жағдайы) тіркеу және хабарлау процесі енгізілді
*

4) Медициналық ұйымда инциденттердің негізгі себептерін зерделеу бойынша бақылауды, сондай-ақ II
персоналды инциденттерді басқару мәселелеріне оқытуды қамтитын инциденттердің мониторингі мен
басқаруына жауапты жауапты тұлғалар (тұлға) айқындалды

5) Инциденттен зардап шеккен тараппен қарым-қатынасты қоса алғанда, процестер мен қызметтердің I
сапасын жақсарту мақсатында инциденттің түпкі себептерін сәйкестендіруді және оларды жүйелі
шешуді қамтамасыз ететін инциденттерді зерделеу тетігі орындалады **
Баға баллдық жүйе негізінде қойылады:

5 балл – стандарт талаптарына толық сәйкестік (90-100 % бақылауда орындау);
3 балл – стандарт талаптарына ішінара сәйкестік (50-89 % бақылауда орындау);
0 балл – стандарт талаптарына сәйкессіздік (0-49 % бақылауда орындау).

Аккредиттеу рәсімі аяқталғанда аккредиттеуші орган мынадай санаттарды береді:

екінші санат – I дәреже стандарттарына кемінде 60%, II дәреже стандарттарына
кемінде 60%, III дәреже стандарттарына кемінде 60% сәйкес келген кезде;

бірінші санат – І дәреже стандарттарына кемінде 70%, ІІ дәреже стандарттарына
кемінде 65%, ІІІ дәреже стандарттарына кемінде 60% сәйкес келген кезде;

жоғары санат – І дәреже стандарттарына кемінде 90%, ІІ дәреже стандарттарына
кемінде 80%, ІІІ дәреже стандарттарына кемінде 70% сәйкес келген кезде.
Аккредитация орталығының вебинарларының үзіндісі

https://youtu.be/QYl1P6y3TY8?si=oQM12PMVDv9vw1hd
«Оқыс оқиғаларды басқару»
«Управление инцидентами»

Инцидент(Оқыс оқиға) – бұл медициналық ұйым қызметінің
қалыпты ағысының шегінен асатын ерекше жағдай. Оқыс оқиға
көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әсер етеді немесе
әсер етуі, бұл жағымсыз нәтижеге әкелуі мүмкін.

Медициналық ұйымдағы оқыс оқиғалар бөлінеді.

Потенциалды қателер(ағылш. Near Miss)
қателер (Error)
экстремалды оқиғаларға(ағылш. Sentinel Event)
Потенциалды қате (ағылш. Near Miss) – қатеге жол берілмеген және орын
алмаған кездегі оқыс оқиға түрі. Бірақ мұндай оқиға қайталанса, қате байқалмауы
және ол орын алуы мүмкін деген қауіп бар. Мысалы, дәрігер препараттың
дозасын дұрыс жазбады, тағайындауды тексерген кезде қате байқалып, түзетілді.
Яғни пациентке препараттың дозасын дұрыс енгізбеудің алды алынды. Бірақ
келесі жолы препараттың дозасы дұрыс тағайындалмағаны байқалмай, пациентке
дәрі дұрыс емес дозада енгізілуі мүмкін деген ықтималдық бар. Сондықтан
потенциалды қателерде қателер сияқты хабарлануы және талдануы қажет.

Қате (ағылш. Error) – қате орын алған және медициналық көмектің сапасына
немесе пациенттердің қауіпсіздігіне қызметкерлердің, аппаратураның және т.с.с.
дұрыс әрекет етпеуінің, әрекетсіздігінің немесе қажетсіз әрекетінің салдарынан
жағымсыз әсер еткен кездегі оқыс оқиға түрі. Жағымсыз салдарсыз немесе
пациентке, қызметкерлерге зиян келтірген қателер болады.

Экстремалды оқиға (ағылш. Sentinel Event)- денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірген
оқиға, күтпеген оқиға, өлімге ,ауыр физикалық (функцияның жоғалуы, аяқ-қолдың
жоғалуы және т.б.) немесе психологиялық жарақатқа әкелді. Мұндай оқиғалар Төтенше
жағдайлар деп аталады және жедел тергеу мен шаралар қабылдауды қажет етеді.
Экстремалды оқиғаларға жататындар:

күтпеген өлім – пациент ауруының табиғи ағымымен немесе
жағдайымен байланысты емес, мысалы, тасымалдау кезіндегі күтпеген
өлім;
тасымалдау кезінде суицид;
жол-көлік оқиғасы нәтижесінде персоналдың немесе азаматтың қайтыс
болуы;
операция үшін дұрыс емес орынды таңдаумен хирургиялық операция,
дұрыс емес процедураны жүргізу және дұрыс анықталмаған ("дұрыс
емес") науқасқа хирургиялық процедураны жүргізу;
дәрілік заттарға елеулі жанама әсерлер;
операцияға дейінгі және кейінгі диагноздар арасындағы айтарлықтай
сәйкессіздіктер;
қан мен оның өнімдерін құю нәтижесінде созылмалы немесе өлімге
әкелетін аурудың берілуі;
дәрілік заттарды қате қолдану салдарынан денсаулыққа ауыр зиян
келтіру.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен
есепке алу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 20 тарауында
баяндалады.

Жазатайым оқиға (Несчастный случай)-қызметкердің еңбек (қызметтік)
міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде зиянды
және (немесе) қауіпті өндірістік факторға әсер етуі, нәтижесінде өндірістік
жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы, оны еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік ауруға не өлімге
әкеп соқтыруы (ҚР Еңбек кодексі).
Аккредитация орталығының вебинары: Қауіпсіздік
мәдениеті және оқиғаларды басқару

https://youtu.be/uRmJuYMdktY?si=gH1-SXbHSXVm-QsO

Ұқсас жұмыстар
TRANSPARENCY INTERNATIONAL ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Тіл мәдениетін жетілдіру
ЖОО БАСҚАРУ
Сапа анықтамалары
Қар үстіндегі іздерді бақылау
Мақсат құру процесі
Автобусты бақылау
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
Тәрбиенің мақсаты
Пәндер