Балалардағы йод тапшылығы жағдайларының алдын алудағы мейіргердің рөлі


Slide 1

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Балалардағы йод тапшылығы жағдайларының алдын алудағы мейіргердің рөлі»

Орындаған: Жақанқызы Н.

Мамандық: «Мейіргер ісі» Біліктілігі: «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»

Ғылыми жетекші: Коконбаева А. К.

Notes: Оригинальные шаблоны для презентаций: https://presentation-creation. ru/powerpoint-templates. html

Бесплатно и без регистрации.

Slide 2

ТаҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Жер шарының1/3 халқы үшін йодты жетімсіз қабылдау қауіпінің мүмкіншілігі аса жоғары, бұл адамзаттың интеллектуалдық потенциалына тікелей төнген қауіп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, айтуынша мектеп жасындағы балалардың шамамен 285 млн және бүкіл әлем бойынша шамамен 2 миллиард адам жеткіліксіз йод қабылдайтынын көрсеткен.

Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық йод тапшылығынан болатын бұзушылықтарға қарсы кеңес 2014 жылы йод тапшылығы ауруларын денсаулық сақтаудағы 118 әлем елдерінің мәселесі ретінде мойындады. Йод тапшылық бар аймақтарында 1570 млн. астам адам өмір сүреді, яғни әлем халықтарының үштен бір бөлігі йод тапшылығының салдарынын жапа шегуде. Осы элементтердің тапшылығының салдарынан 20 млн. адам ақыл-ойдың кемістігіне шалдыққан.

Slide 3

Зерттеудің мақсаты:

4

балалардағы йод тапшылығы ауруларының алдын алу кезінде мейіргердің маңызын анықтау

1

3

5

Slide 4

Зерттеудің міндеттері:

4

йод тапшылығы ауруларының алдын алудың негізгі әдістерін зерттеу;

1

2

3

5

йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелері бойынша балалардың білім деңгейін анықтау;

йод тапшылығы ауруларының алдын алу мәселелері бойынша балалардың хабардар болу деңгейін арттыратын тиімді іс-шараларды зерттеу;

Slide 5

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста жүйелік тәсіл қолданылды, оның ішінде зерттеудің статистикалық әдістері: статистикалық бақылау, деректерді өңдеу және топтау, статистикалық материалдарды талдау, бағалау. Статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігі бағалау әдісі, салыстырмалы әлеуметтік әдістер (сауалнама жүргізу) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу барысында Тараз қаласының № 2 қалалық емханадағы 6-12 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына йод тапшылығының алдын алу мақсатында оқыту әдістері жүргізілді. балалардағы Йод тапшылығы ауруларының алдын алу кезінде мейіргердің маңызы анықталды.

Slide 6

Қолдаңылған зерттеу тәсілдері:

Дипломдық жұмыста жүйелі тәсіл қолданылды, оның ішінде: статистикалық бақылау; жиналған деректерді өңдеу және топтау; статистикалық материалдарды талдау; статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігін бағалау; сараптамалық бағалау әдісі; салыстырмалы талдау әдісі; мақсаттарды құрылымдау әдісі; социологиялық әдістер (сұрақ қою, тестілеу) ; компьютерлік бағдарламада енгізе отырып, математикалық модельдеу арқылы ұсынылатын көпөлшемді жүйелік талдау.

Жүйелік талдау мейіргерлік персоналындың йод тапшылығы бар аурулардың алдын алу мәселелерін шешуге жүйелі көзқарас үшін әдіснамалық құрал ретінде қызмет етеді. Бүкіл зерттеу барысында жүйелі тәсіл әдісін қолдандық. Осы әдіспен алынған материал диплом жұмысының барлық тарауларында көрсетілген.

Slide 7

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Зерттеу 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың қараша айына дейін №2 Қалалық емханада жүргізілді. Жүргізілген шаралар мен араласулар қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың проблемалары мен міндеттеріне және көптеген бағалаулар мен жағдайды талдауға жалпылауға негізделген.

Зерттеудің сенімді және объективті нәтижелерін алу үшін әр түрлі деңгейдегі мейіргер қызметтерін зерттеудің заманауи ақпараттық және функционалдық әдістерін қолдана отырып, алынған нәтижелерді математикалық модельдеу арқылы кешенді тәсілді қолдандық.

Бұл дипломдық жұмыста жүйелі тәсіл қолданылды, оның ішінде: статистикалық бақылау; жиналған деректерді өңдеу және топтау; статистикалық материалдарды талдау; статистикалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігін бағалау; сараптамалық бағалау әдісі; салыстырмалы талдау әдісі; мақсаттарды құрылымдау әдісі; социологиялық әдістер (сұрақ қою, тестілеу) ; компьютерлік бағдарламада енгізе отырып, математикалық модельдеу арқылы ұсынылатын көпөлшемді жүйелік талдау.

Slide 8

2. 1 Йодтың биологиялық рөлі және оның әсері туралы хабардарлықты анықтау анализі

Йодтың биологиялық рөлі және оның адам денсаулығына әсері туралы хабардарлықты анықтау мақсатында, біз қаламыздың тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік. (Қосымша 1) . Сауалнамаға 78 респондент қатысты. Респондентердің көбі кәмелетке толмаған жасөспірімдер болғандықтан, заңды өкіл ретінде ата-аналары немесе жақын туыстарын сұрастырдық. Сауалнама арнайы «Google Forma» жүйесі арқылы жүргізілді, респонденттерге бірнеше сұрақ ұсынылды, және жасы, жынысы, білімі жайлы бірнеше сұрақ қойылды. Сауалнама анонимді түрде жүргізілді.

Респонденттер арасында әйелдер басым болды - 89 ± 2%. Жасы бойынша ресондеттер келесідей бөлінді: 20 жасқа дейін - 2, 3 ± 0, 2%, 21 - 30 жас аралығында - 40, 4 ± 2, 41%, 31 жаста 40 жасқа дейін - 26, 3 ± 2, 2%, 41 жастан 50 жасқа дейін - 17, 2 ± 1, 6%, 51 жастан 60 жасқа дейін -9, 7 ± 1, 7%, және 61 жастан үлкендер - 4, 1 ± 1, 3%. Респонденттердің орта жасы 27, 2 жасты құрады (сурет 1, %) .

Сурет 1 - Респонденттердің жас бойынша бөлінуі

Slide 9

Респонденттердің көбі (83, 2 ± 2, 2%) жоғары білімді, 5, 5 ± 2, 0% - орта мамандандырылған біліммен, аяқталмаған жоғары білімді - 3, 9 ± 0, 95% және орта біліммен- 7, 4 ± 0, 6%. Респонденттердің 79, 3 ± 2, 2% ішкі секреция безінің қалыпты жұмыс істеуі үшін йод қажет пе деген сұраққа жауап беруге қиналды, 10, 3 ± 1, 2% - ия деп жауап берді, қалған 10, 3 ± 1, 2% респонденттер жоқ деген жауапты белгіледі, (сурет 2) . Респонденттердің көбі - 83, 3 ± 1, 7%, бұл без қандай гормон шығаратынын білесіз бе? Деген сұраққа жауап беруге қиналды. Тек, 6, 7 ± 0, 7% ия деп жауап жазып, бірнеше гормондарды атап өтті, (сурет 3) .

Сурет 3 - Респонденттердің, Бұл без қандай гормон шығаратынын білесіз бе, деген сұраққа жауабы

Сурет 2 - Респонденттердің Ішкі секреция безінің қалыпты жұмыс істеуі үшін йод қажет пе деген сұраққа жауабы

Slide 10

Йод тапшылығы қандай ауруға себеп болуы мүмкін деген сұраққа 37, 5 ± 1, 8% респондент көптеген ауруларға деген жауапты белгілеген, 24, 6 ± 1, 9% эндемиялық зобты ата өтті, 12, 5± 1, 1%, респондент жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын артады деп есептейді; 25, 4± 1, 1% респондент жауап беруге қиналды (сурет 4) . Сіз йодталған тұзды жейсіз бе? деген сұраққа респонденттер келесідей жауап берді: ия 28, 2% (22 респондент), жоқ 21, 7% (17 респондент), жауап беруге қиналамын 50% (39 респондент) . Бұл сұрақты талдайтын болсақ респонденттердің көбісі йодталған тұз қандай тағамдардың құрамында бар екенінің білмейтінің байқауға болады, сурет 5.

Сурет 5 - Респонденттердің йодталған тұзды жейтіні жайлы жауаптары, %

Сурет 4 - Респонденттердің йод тапшылығы қандай ауруға себеп болуы мүмкіндігі жайлы жауаптары, %

Slide 11

Сіз теңіз өнімдерін жиі жейсіз бе? Деген сұраққа келесіде жауаптар алдық, мен мүлдем қолданбаймын 32% (25 респондент) ; сирек 23% (18 респондент) ; жиі 25, 6% (20 респондент) ; күн сайын 19, 2% (15 респондент), 6 суретте бейнеленген. Сізді йод тапшылығы мәселесі қызықтырады ма? деген сұраққа келесідей жауап алдық, ия 24, 3% (19 респондент), жоқ 46, 1% (36 респондент), жауап беруге қиналамын 29, 4% (23 респондент), 7 суретте бейнеленген.

Сурет 6 - Респонденттердің теңіз өнімдерін пайдалануы

7 сурет - Респонденттерді йод тапшылығы мәселесі қызықтыратыны, %

Slide 12

Бұл сұрақтың жауаптарын талдайтын болсақ көбінесе респонденттердің басым бөлігі 46, 1%, йод тапшылығы мәселесі қызықтырмайтының байқауға болады, бірақ осы мәселені шешудің қандай әдістерін ұсына аласыз деген сұраққа, келесідей ұсыныстар айтылды: 32% респонденттер йод бар тағамдарды жиі қолдану керек деп есептейді, 28 % респонденттер тегін дәрі-дәрмек беруді талап етеді, 33% респонденттер түсіндіру жұмысты жүзеге асыру және сауалнамаға қатысқандардың 7% йод тапшылығының таралуын болдырмау дәрігерлердің тұрақты тексерісі керек деп санайды, 8 суретте бейнеленген.

8 сурет - Йод тапшылығы мәселесін қалай шешуге болады, респонденттердің пікірі бойынша

Slide 13

2. 2 Йод тапшылығы мәселесінде мейіргерлердің кәсіби маңыздылығын анықтау

Мейіргерлік көмектің сапасын бағалау мақсатында біз респонденттерге әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Сауалнама 12 сұрақтан тұрады, олар респонденттер туралы деректерді (жынысы, жасы, білімі және т. б. ), мейіргер көмегінің көлемі туралы сұрақтарды, пациенттердің мейіргер ісі мамандарының жұмысы туралы пікірін, мейіргер көмегінің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Сауалнамаға 76 респондент қатысты. Респонденттер жасы бойынша келесідей нәтижелер алынды - 30% (23 адам) «35-45 жас», оның ішінде 25% (19 адам) «45-65 жастан асқандар»және 25% (19 адам) «15-35 жас», ал 19% (15 адам) «5-15 жас» нұсқасын таңдады, 9-суретте бейнеленген.

9 -сурет -Респонденттердің жас көрсеткіші

Slide 14

Сауалнаманың талдауы бойынша респонденттердің 52% (40 адам) «жұмыс істейтін», 32 % (25адам) «жұмыссыз», 14 % (11 адам) «студент», 10 суретте бейнеленген.

Сізге қаншалықты мейіргердің күтімі маңызды деген сұраққа, респонденттердің (38 адам) 50% «90-100%» нұсқасын, (24 адам) 31 % «70-80 %»нұсқасын, (12 адам) 15% «60-70» нұсқасын, (2 адам) 2% «40-50%» деген нұсқаны тандады, 11 суретте бейнеленген.

Бұл сұрақтаың жауаптарын ескеретін болсақ респонденттер үшін мейіргер мамандары қаншалықты маңызды екенің байқауға болады.

10 -сурет - Респонденттердің жұмыспен қамтылу динамикасы, %

11 -сурет -Мейіргер күтімінің маңыздылық көрсеткіші, респонденттердің пікірі бойынша

Slide 15

Емхана мейіргерлерінің күтіміне қанағаттанасыз ба деген сұраққа, респоденттің (65 адам) 85% «әрине, өте жақсы» нұсқасын, ал (9 адам) 11 % «жақсы» деген нұсқасын, сонымен қатар (2 адам) 2 % «қанағаттанарлық» деген нұсқаны көрсетті, 12 суретте бейнеленген.

Емнің нәтижесінің жақсы көрсеткіш көрсетуі кімге көбірек маңызды деген сұраққа, (28 респондент) 36 % «дәрігер, ал (3 респондент) 3 % «мейіргер» нұсқасын, сонымен қатар (45 респондент) 59 % «дәрігер және мейіргер»деген нұсқаны таңдады, 13 суретте бейнеленген.

12 -сурет - Емхана мейіргерлерінің күтіміне респонденттердің қанағаттануы

13 - сурет - Емнің нәтижесінің жақсы көрсеткіш көрсетуі кімге көбірек маңызды деген сұрақтың нәтижесі, %

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Йодтың адам ағзасындағы артық мөлшері
Аурухана ішілік инфекция туралы түсінік
Аурухана ішілік инфекция және мейіргердің ролі
Балалардағы АИТВ - инфекциясы
Тіршілікке қажетті элементтер
Йод жетіспеушілігі
Күтімді жоспарлау
Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі
Алиментарлы анемия
Қант диабеті бар пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz