ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ


Slide 1

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.

Slide 2

Мақсаты: қаржы менеджменті курсының негізгі ұғымдарын меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Қаржы менеджментінің мәні, функциялары, мақсаты мен міндеттері.

2. Қаржылық менеджердің мақсаты, міндеттері мен ролі

3. Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Басқару субъектісі:

- қаржылық басқарудың ұйымдық құрылымы;

- қаржы бөлімінің кадрлары (бухгалтерлер, экономистер) ;

- қаржы құралдары;

- қаржылык әдістер;

- қаржылық бейнедегі ақпарат;

- қаржылық басқарудың техникалык құралдары.

Slide 8

Басқару объектісі:

- қаржылық ресурстардың көздері;

- қаржы ресурстары; .

- қаржылық катынастар.

Slide 9

Басқару субъектісінің функцияларына

Slide 10

Жоспарлау

қаржылық менеджментте маңызды роль атқарады. өйткені белгілі бір бұйрық жасау үшін мақсатты қалыптастырып іс-әрекеттер бағдарламасын құрастыру керек. Ал бұл үшін қаржылық іс-әрекеттердің арнайы жоспары жасалады. Басқару функциясы - қаржылық жоспарлау -жоспарлы мақсаттарды құрастырудан бастап оларды жүзеге асырғанға дейінгі барлық іс-әрекеттер кешенін қамтиды.

Slide 11

Болжамдау

Қаржылық менеджментте- бұл объекттің қаржылық жағдайының өзгерісінің ұзақ мерзімді перспективаларын жасау. Болжамдау жоспарлауға қарағанда жасалған болжамдарды іс-жүзіне асыруды мақсат етіп коймайды. Бұл болжамдар сәйкесінше өзгерістерді алдын ала көру болып табылады.

Slide 12

ұйымдастыру

Қаржылық менеджменттегі ұйымдастыру функциясы белгілі бір процедуралар мен ережелер негізінде қаржылық бағдарламаны бірге жүзеге асыратын адамдарды біріктіру болып табылады.

Slide 13

Реттеу

Қаржылық менеджментте - бұл басқару объектісіне әсер ету. Бұл әсер ету арқылы белгіленген параметрлерден ауытқу пайда болған жағдайда қаржылық жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Slide 14

Коордииациялау

Қаржылык менеджментте- бұл басқару жүйесінің барлық бөлімщелерінің, басқару аппараты мен мамандардың қызметінің үйлесімділігі.

Slide 15

Ынталандыру

Қаржылық менеджментте қаржылық служба қызметкерлерінің өз жұмыстарына деген қызығушылығын тудыру болып табылады.

Slide 16

Бақылау

Қаржылық менеджментте қаржылық қызметтің ұйымдастырылуын, қаржылық жоспарлардың орындалуын және т. б. тексеру болып табылады. Бақылау арқылы қолданылған қаржылық кұралдар мен объектінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат жиналады, қосымша резервтер мен мүмкіндіктер ашылады, қаржылық бағдарламалар мен қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуына өзгерістер енгізіледі.

Slide 17

Қаржы менеджментінің келесі негізгі мақсаттары анықталған:

- бәсекелестік күрес жағдайында фирманың түрақтылығы және қаржылық жағдайы;

- үлкен қаржылык қателіктерді болдырмау, банкроттыққа ұшырамау;

- фирманың экономикалық потенциалын шоғырландыру;

- өнім көлемі мен оны өткізуді арттыру;

- қызметтің рентабельділігін қамтамасыз ету.

Slide 18

Сонымен, қаржы менеджментінің негізгі мақсаты - тиімді қаржылык саясат көмегімен ағымдағы және келешектегі кезеңде кәсіпорын меншік иелерінің жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын көтеруді қамтамасыз етуде нақты көрінеді. Бірақ бұл бізде қалыптасқан пікірге қайшы келеді. Себебі, кәсіпорынның таза табысын арттырған кезде кәсіпорынның нарықтық құнын бірден көтеру үнемі мүмкін бола бермейді, ол ағымдағы тұтыну мақсатына толық жұмсалу мүмкін.

Slide 19

Сөйтіп, кәсіпорын өзінің алдағы дамуы үшін меншікті қаржы ресурстарын қамтамасыз етудің негізгі қайнар көздерінен айырылады. Ал, дамыған кәсіпорындар нарықтағы өздерінің бәсекелестік позициясынан айырылады, ішкі қайнар көздер есебінен меншікті қайнар ресурстарын қалыптастьгру потенциалын қысқартады, ол онын нарықтық құнын қысқартуға әкеп соғады. Оның сыртында нарықтық тәуекелі жоғары болғанда және келешекте банкроттық қаупі тонген кезде кәсіпорынның таза табысының деңгейі өседі. Сондықтан, нарықтық жағдайында таза табысты көбейту қаржы менеджментінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Медициналық қызмет көрсету нарығы
Банк менеджменті
Мемлекеттік салық менеджменті
Баскару алгоритмі
Кәсіпкерліктегі тәуекел менеджменттің негіздері
Банктік менеджмент
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Қаржы менеджменті
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz