Алкоголь - қосындыларды ашытудан алынатын есірткі
Презентация қосу
Алкогольді
ң адам
организміне
зияны
Орындаған: Мейрам Тілеубек
Тексерген:Толқын Шакаримовна
Топ: Т.Э-23-1 1-курс
Алкоголь – қосындыларды
ашытудан алынатын есірткі.
Ол шарапта, сырада болатын
масаңдататын элементтен
тұрады. Әр түрлі сусындар
үшін түрлі мөлшердегі стақан
пайдаланатындықтан, 1 бакал
шапатағы немесе 1 кружка
сырадағы алкогольдің
мөлшері 1 стақан коньяктағы
алкогольмен тең – 12.5 куб см.
Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді.
Кейде алкоголь-рахаттану орталығы дегенді білдіреді.
Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Жүйке жүйелерін
қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше рет әсер
етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады.
Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға
батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Алкоголдік ішімдік (этил спирті) мөлдір әрі түссіз сұйықтық.
Ішімдіктер әр түрлі жеміс-жидектердің ашытқысынан жасалады
және түстері кұрамындағы қоспаларға әрі ашыту процесіне
байланысты өзгереді. Ішімдікті аз мөлшерде қолдану ауыз
қуысы, өңеш, асқазан кілегей асқазан кілегей қабаттарын
тітіркендіріп, зақымдайды. Ал ішімдікті көп мөлшерде
қолданудың тыныс жолдарын тарылтып, мүгедектікке апарып
соғуы мүмкін.
Миға әсері. Ішімдік мидың қызметін бұзады. Адамның ойлау
қабілеті нашарлап, мінез-құлқында үлкен өзгеріс байқалады,
алкоголдық психоз пайда болады.
Жүрекке әсері. Ішімдікті қолдану қандағы холестеринді көбейтіп,
артериалды гипертензияға және миокард ауруына
шалдықтырады.
Ішекке әсері. Үнемі ішімдікті қолдану ішектің құрылымын бұзады.
Ұйқының бұзылуы. Ішімдікке тәуелді адам оны
қолданбайтындарға қарағанда диабет (сусамыр) дертімен он есе
көп ауырады.
Асқазанға әсері. Ішімдікті қолдану ас қорыту жолдарының
қызметін бұзып, асқазанның ойық жарасына әкеп соқтырады.
Осындай арнайы статистикалық зерттеулерге сүйенсек, ішімдік
өзін-өзі өлтірудің ең басты себебі болып табылады
Алкоголизм себептері
Алкоголизм себептерін айта кететін болсақ: тұрмыс-тұрқының
сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық,
психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-
гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік,
медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік)
физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.
Алкоголизмнің дамуының үрдісін
Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.
1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне
орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда
болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді.
Жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас
ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған
ашулана береді.
2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами
түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра
алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге
көріне бастайды.
3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай
үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден
маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам
күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;
Алкоголь — ол биологиялық у.
Ол барлық органдарды
зақымдайды. Ағзаның жұқпалы
ауруларға қарсы тұратын
қабілетін бірден жойып жібереді.
Мұның бәрі адамның мезгілсіз
уақытта өліп кетуіне әкеп соғады.
Ішкен арақты аш ішек тез арада
сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан
алкогольді барлық денеге
таратады. Ол ең алдымен мидың
қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы
70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен
әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь
ағзаға өте тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп,
бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв
жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық
бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын
травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат
осы арақ ішуден туындайды. Алкоголь ағзалардағы болатын
витаминдердің ( РР, С, А, ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат
алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді. Әрбір қылмыстық
істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.
Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай
жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түседі.
Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет
атқарады. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық
деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұның
бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны «популяциялық
деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады.
Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар
дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте
не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір ішімдік денсаулыққа
залалын тигізеді.
Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор
зияны бар екендігі ертеден-ақ
белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим
заңдарында алкоголь ішімдіктерін
30 жасқа толмаған жастарға ішуге
рұқсат берілмегендігі бекер емес,
себебі бұл уақытта жастардың
дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының
қарқынды жүретін уақыты. Көне
Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге
«ащы су» ішуге тосқауыл қойған.
Ресейдегі ертеден келе жатқан
құжаттарда жаңадан отау тіккен
жастарға ішімдік ішуге тыйым
салынған. Франция елінде арақ
ішкіш ата-аналардан туған әлсіз
балаларға арналған «жексенбі
күнгі балалар» немесе «көңілді
кештің баласы» деген кекесінді
атау бар
Арақ –
ректификатталған
этил спиртінің сумен
қосындысынан
тұратын күшті
масайтқыш ішімдік.
Арақ қара бидайдан,
бидайдан, арпадан,
т.б. жасалады.
Құрамындағы спирт
мөлшері 40, 50, 56%.
Алкоголь ағзада тұрған кезде тірі клеткалар тез жойылады,
ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адамның жыныстық
қызмет атқару органдарының жұмысын тоқтатады. Осының
зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ықтимал. Ал
жүкті болған жағдайда ішімдік қолданатын әйелдердің
болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туылуы
мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде алкоголь әйелдердің бетін
домбықтырып, оның табиғи әсемдігін жояды. Көз
қарашығының оты кетеді, бет үнемі қызарып тұрады,
шаштың түсуі, керісінше мұрттың шығуы байқалады.
Ағзада пайда болатын аурулар жүрек, қан айналым жүйесінің
бұзылуына соқтырады. Ең қауіптісі – бүйректің жұмысын бұзады.
Ішімдікті күнделікті кемінде 800 грамнан ішетін адамда ағзада
ақуыздың жетіспеушілігі бірте-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды
емдемеген жағдайда бүйректің бір бөлігі өледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының нормативі бойынша жан
басына шаққанда алкогольдік
ішімдіктерді 8 литрден көп
пайдаланатын елдің генофонды
деградацияға ұшырайды. Ал
Қазақстанда жан басына шаққанда
алкогольдік ішімдікті пайдалану
көрсеткіші 12 литрді құрап отыр.
Бұл көрсеткіш орыс ұлтының
тағдырына алаңдап отырған Ресей
еліндегіден 1,5 литрге артық екен.
Дүниежүзілік сауда ұйымының
тізімінде Ресей 22 -орында тұрса,
Қазақстан бұл тізімнің алғашқы
ондығына еніп, 8-орыннан көрініп
отыр. Ал бірінші орын африкалық
Уганда мемлекетінің еншісінде
екен.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы.
Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала
алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып,
үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой.
Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып,
сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді,
мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз,
есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге
болады
қ а й
е д і ?
ш іп б а ң
ы і б а а
ақ т н д
ар ы з ы н .
Бұл а у а ға
ү г іл й м ы
к т ш а а қ т
п е і а р о ң
Іш д е д н с
а м н н а н ..
а р л ғ а а д а
ізг е б о й д
а б ө п п а
л к
Ал ияны а л и н
З е р д
н Б
м а
(Ар
Қолданылған әдебиеттер:
1. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – денсаулық кепілі,
Алматы, 1999
2. Малдыбаев Ә. Мұны әркім де білуі тиіс, Алматы,
1987
3. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы
2002.344б.
4. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М.,
Медицина, 2004.,
5. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
6. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-
анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz