Саяси сананың деңгейлері


Slide 1

САЯСАТТАНУ ПӘНІ

Лектор: с. ғ. к., доцент

Тәжітаева Райя Сеиловна

№12 лекция. Саяси сана мен саяси

идеология.

Slide 2

ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

1. Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері.

2. Идеологияның мәні мен қызметтері.

3. Қазіргі негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксизм (социализм) .

4. Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.

Slide 3

Саяси сана деп қоғамдық өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер мен көзқарастар жиынтығын айтады.

Саяси сана - жекелеген адамдар мен топтардың саяси билікке, мемлекетке, партияларға, саяси ұйымдар мен қозғалыстарға, саяси өмір нормалары мен саяси құндылықтарға қатынастарын көрсететін түсініктер, көзқарастар мен мақсаттар жиынтығы.

Саяси сананың негізгі мәселесі - мемлекеттік билік, оның қызметтері.

Cаяси сана - саяси өмірдің субъективті жағын сипаттайтын саясаттанудың маңызды категориясы. Саяси сана адамзат қауымдастығының рухани өмірінің маңызды элементі.

Slide 4

САЯСИ САНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Гносеологиялық құрылымы, нақты шындықты бейнелеу көзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсетеді. Яғни, субъектілердің барлық көзқарастарын білім ретінде қарауды ұсынады. Саяси әлемді бейнелеудің мифологиялық, утопиялық және ғылыми типтерінің арақатынасын қарастырады.

Аксиологиялық құрылымы, саяси түсініктерді алуан түрлі пайымдаулар мен баға берулер ретінде түсіндіреді, субъектінің қайсыбір құнды басымдылықтарын білдіреді. Сондықтан саяси институттар, нормалар мен процестер жағымды және жағымсыз бағалануы мүмкін. Бұл бағалаулар саяси сананы толықтырады.

Әлеуметтанулық құрылым, саяси сананың барлық элементтерін, олардың алатын орнын, практикада ойнайтын рөлін сипаттайды. Бір жағынан, осы құрылым шеңберінде жеке даралық, топтық немесе бұқаралық сананың формасы сипатталса, екінші жағынан, адам ойының мазмұнының ауысу процесінің компоненттері сипатталынады.

Slide 5

Саяси сананың функциялары:

1. қоғамдық сана саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелейді;

2. субъектілердің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы, оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар береді;

3. саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру және іс-әрекеттерге итермелеу.

Саяси сананың функциялары:

идеологиялық

коммуникативтік

интегративті

Slide 6

Саяси сананың деңгейлері:

Саяси сананың мемлекеттік деңгейі - бұл ресми саясатты жасау мен негіздеуді іске асыратын деңгей. Осы деңгейде басқарушы саяси тәртіп пен басқару принциптері қорғалады.

Саяси сананың теориялық деңгейі - саяси сипаты бар әртүрлі тұжырымдар, идеялар мен көзқарастар жиынтығында көрініс табады. Бұл деңгей ғылыммен және идеологиямен тығыз байланысты.

Саяси сананың эмпирикалық деңгейі - саяси практикаға, саяси процеске адамдар мен әлеуметтік топтардың қатысуына негізделінген.

Саяси сананың түрлері:

Индивидуалдық сана.

Топтық сана.

Бұқаралық сана.

Қоғамдық сана.

Slide 7

Саяси сана қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүр, нанымдар жиынтығы. Ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.

Теориялық саяси сана саяси тұжырымдар мен көзқарастарды теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді және олардың жүйесін қалыптастырады. Теориялык саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.

Саяси психологияға саяси өмір негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.

Slide 8

«Идеология» деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан.

«Идеология» ұғымын француз философы Антуан Дестют де Трасси ХVІІІ ғасырдың аяғында «Идеология элементтері» атты кітабында енгізді. Идеология ұғымы туралы пікірлер мен көзқарастар көптеп кездеседі.

ИДЕОЛОГИЯ ДЕГЕНIМIЗ АДАМДАРДЫҢ ҮЛКЕН ӘЛЕУМЕТТIК ТОПТАРЫНЫҢ IС-ӘРЕКЕТIНЕ БАҒДАР БЕРIП, ОЛАРДЫҢ МАҚСАТ-МҮДДЕЛЕРIН БIЛДIРЕТIН ЖӘНЕ ҚОРҒАЙТЫН ИДЕЯЛАР МЕН КӨЗҚАРАСТАР ЖҮЙЕСI.

Slide 9

Идеологияның қызметтері:

1. танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;

2. бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т. б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;

3. жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;

4. амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі арқылы идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді;

5. бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.

Slide 10

Идеологияның

түрлері

Либерализм

(жаңарған либерализм)

Консерватизм

(жаңарған консерватизм)

Марксизм

(социализм)

Идеология мақсаттары:

Санаға өздерінің құндылықтық бағалауларын, саяси

даму мақсаттары мен идеалдарын ендіру.

Қоғамдық санаға ие болу

Азаматтардың мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау, оларды

мақсат пен идеалдар негізінде реттеу

Slide 11

ЛИБЕРАЛИЗМ /LIBERALIS- ЕРIКТI/ ХVІІ-ХVІІІ Ғ. Ғ. АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАН, БАТЫСТЫҚ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ САЯСИ ФИЛОСОФИЯЛАРЫ НЕГIЗIНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҢА БУРЖУАЗИЯ ТАБЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ.

Либерализм ағымдары:

Әлеуметтік либерализм -

Мемлекетке әлеуметтік қызмет

жүктеледі

Консервативті либерализм

Мемлекеттің әлеуметтік қызметін

қабылдамайды

Либерализм қағидалары:

Заң үстемдігі мен теңдігі;

Келісім мемлекеті;

Саяси плюрализм;

Оппозицияға төзімділік;

Діни төзімділік

Нарықтық экономика;

Биліктің бөлінуі.

Неолиберализм

Мемлекет экономикалық қатынастарды

реттейді, әлеуметтік бағдарламалар ұсынады

Дж. Локк, Ш. Монтескье, А. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвиль

ХХ ғ. 30 ж. жаңарған либерализм

Ф. Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт т. б.

мемлекет экономика мен әлеуметтiк

салада белсендiлiк танытуы қажет

Slide 12

КОНСЕРВАТИВТIК ИДЕОЛОГИЯ /КОНСЕРВАТИВУС- ҚОРҒАУШЫ/ ҰЛЫ ФРАНЦУЗ РЕВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ САЯСИ ИДЕЯЛАРЫНА ҚАРСЫ ИДЕЯ РЕТIНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДI. ОЛАР МОНАРХИЯЛЫҚ БИЛIКТI, ФЕОДАЛДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫ, ОНЫҢ САЯСИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАҒЫСЫ КЕЛДI.

Консерватизмнiң идеялық-саяси

негiздерi мыналар:

адамзаттың ежелгi моралдық

дәстүрлерiн сақтау, ата-бабалардың

даналығына құрметпен қарау;

мақсаты мен мазмұнына қарамастан

ескi басқару тәртiбiн артық көру,

оны қорғайтын сана жүйесiн қолдау;

саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң

белгiлi бiр бағдарлары мен

қағидаларын қолдау;

қоғамды рухани ақиқаттылық

ретiнде тану

Қоғамның негiзгi сипаты

тәжiрибе, дәстүр, мәдениет

қажеттiлiгiмен

анықталынады деп санау.

ХХ ғ. 70 ж. Батыс Европада жаңарған консерватизм бағыты пайда болды.

Олар жеке адамның бостандығын, құқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң

экономикалық, әлеуметтiк қызметтерiн, мемлекет меншiгiн шектедi, жекешелендiру

негiз алды, бұрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты.

Slide 13

СОЦИАЛИЗМ

(socialis лат. - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген,

мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

Ағымдары

Ленинизм (большевизм)

Буржуазиялық мемлекеттік машинаны жою,

жеке меншікті қоғамдық меншікке ауыстыру.

Социал-демократизм

Әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке бейбіт эволюциялық

құралдармен жету және тап күресінің күштеу түрінен бас тарту.

Демократиялық социализм

Еңбекші халықтың мүддесін қорғауға, әлеуметтік әділеттілікке, халық

билігіне, қоғамдық өзін-өзі басқаруға бағдар ұстану.

МАРКСИЗМ

К. Маркс (1818-1883 )

Ф. Энгельс (1820-1895 )

Slide 14

Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасынан

Жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру


Ұқсас жұмыстар
Саяси сана деңгейлері
Саяси сана
Саяси сана және идеология
Саяси сана мен саяси идеология
САЯСИ САНА, САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ
Саяси идеология қызметі
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дін социологиясы
Саяси сана. Мәдениет және өркениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz