ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Slide 1

1

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Slide 2

2

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы -

ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту

Міндеттері:

1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Slide 3

3

«Даналық мектебі» клубы:

«Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі»

Психологиялық-педагогикалық ағартудың мазмұны

Ата аналарды қолдау балалардың жас ерекшелігіне сай білім беру курстарының бірін таңдауға сәйкес жүзеге асырылады:

1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ

5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ

10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ

Ата-аналарды оқытуға арналған қосымша материалдар Орталықтың цифрлық

платформасында орналастырылады.

Көлемі 8 сағаттық курсты оқу ұзақтығы - бір оқу жылы.

Slide 4

4

1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

Отбасы - бақыт бесігі

Ата-ана өмірінің жобасы - бақытты адам

Білімдіге дүние жарық. Біліп, тану қуанышы: сүйсініп оқимыз

Әрбір бала - жарық жұлдыз: оны қалай ашамыз

Баланы жастан . . . Баланың білімдарлығы мен ептілігін қалай дамытамыз

Ойынға тәуелділікті қалай жеңуге болады?

Сенім арту - жетістік кепілі

Қиын жағдайда баланы қалай демейміз

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

Үлгі болу арқылы тәрбиелеу

Тәлімменен өрілген біздің дәстүр

Дәстүрлер отбасылық саламаттықтың негізі ретінде

Баланың бас ұстазы - ата-ана.

Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, естірте білу

Ақыл айтпа, жол көрсет.

Оқудың жаңа шарттары: бала бейімделуден қалай өтеді

Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер

Өз балаңның жүрегіне кілт табу

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Шығармашыл тұлғаны өсіру

Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері.

Интернеттегі бала: ортақ шешімге келу

«Әр нәрсенің өлшемі бар . . . »

«Керек» пен «қалаймын» арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұру

Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары.

Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына

Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу . . .

Тұлға - адамгершілік құндылықтар негізіндегі өзін-өзі дамыту нәтижесі ретінде

Көркем мінез - баға жетпес байлық.

Эмоционалдық интеллект - табысты тұлғаның негізі

Сен жанбасаң лапылдап . . .

Балаға өз қалауын табуға қалай көмектесеміз

Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы

Жоғары сынып оқушыларының қауіп-қатер аймақтары

Әлеуметтік желілер және интернет-кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы

Күйзелістен шығар жол

Сүйіспеншілік - сыйластық кілті

Атадан өсиет, анадан қасиет. Отбасы дәстүрлері мен құндылықтары

Slide 5

5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

жобаны басқарудың кешенді жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді және бақылауды жүзеге асырады:

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту жөніндегі Республикалық кеңесті құрады және қызметін үйлестіреді;

Орталық туралы ережені бекітеді;

Орталық қызметінің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

Орталық қызметін іске асыру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінен жауапты мамандарды тағайындайды;

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттар тізбесіне және олардың нысандарына өзгерістер енгізеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы) .

Slide 6

6

ОБЛЫСТЫҚ, АСТАНА, АЛМАТЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ

өңірлердегі Орталық қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады:

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

Орталықтың мақсаты мен оның қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

Орталықтың аймақтағы/қаладағы/аудандағы қызметін ұйымдастыруға жауапты маман тағайындайды;

қалалық (аудандық) білім бөлімдерімен, оқу-әдістемелік орталықтармен, білім беру ұйымдарымен байланысты қамтамасыз етеді;

біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының тізімін қалыптастырады;

Орталық қызметін ұйымдастыру сапасына мониторингті жүзеге асырады;

қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне және оқу-әдістемелік орталықтарға, білім беру ұйымдарына материалдар таратуды қамтамасыз етеді;

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өркен» ұлттық институтына Орталықтың қызметі туралы ақпарат дайындайды;

Орталықтың қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде насихаттайды.

Slide 7

7

«ӨРКЕН» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық сүйемелдеуді жүзеге асырады:

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту бағдарламаларын, ОӘК әзірлейді;

ғылыми-әдістемелік және бейнематериалдар дайындайды;

вебинарлар, семинарлар, шеберлік сыныптары, конференциялар өткізеді;

білім беру ұйымдарында Орталық қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді;

әзірленген білім беру бағдарламалары негізінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізеді;

интернет-порталын әзірлейді және толтырады;

Орталық қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде насихаттайды.

Slide 8

8

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ

ата-аналарды ағарту жұмыстарын практикалық түрде жүзеге асырады:

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

орта білім беру ұйымының директоры Орталықтың қызметіне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады; Орталықты ашу және құрамына Орталықтың қызметін ұйымдастыратын әкімшілік, педагогтер қатарынан жауапты тұлғалар кіретін жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарады;

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орталықтың қызметін ұйымдастыруға және оның қызметін реттейтін ішкі құжаттарды дайындауға; педагогтерді Орталықта сабақ өткізуге дайындауға; педагогтерге білім беру курстарын бекітуге; «Даналық мектебі» клубының қызметін ұйымдастыруға жауапты;

педагогтердің, ата-аналар мен балалардың мониторингке қатысуын, Орталықтың қызметін БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етеді; қаланың (ауданның) білім бөліміне Орталық қызметі туралы ақпарат дайындайды.

Slide 9

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

9

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ІС-ӘРЕКЕТІ:

1. Педагогикалық қолдау көрсету орталығын ұйымдастыру туралы бұйрық шығару.

2. Педагогтерден тұратын шығармашылық жұмыс тобын құру. Топтың басшысы және жауапты тұлға ретінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын тағайындау.

3. Сабақ кестесін бекіту, қажетті ресурстары бар кабинеттерді бекітіп беру (кабинеттер, акт залы, т. б) .

4. Орталықты құру, оның мақсаты мен міндеттері туралы ата-аналарды құлақтандыру мақсатында ата-ана жұртшылығының белсенділерін қатыстыра отырып, жалпы мектептің, сыныптардағы ата-аналар жиналысын өткізу.

5. БАҚ, әлеуметтік желілерде Орталықтың қызметін көрсету бойынша жұмысты жандандыру.

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ КЕҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРКТЕСТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ата-аналар оқулары, ата-аналар конференциялары; ата-аналар, әкелер, аналар, әжелер, аталар форумдары;

бірлескен жобаларды іске асыру;

консультациялық жұмыс;


Ұқсас жұмыстар
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау
Мектептерді басқарудың ерекшеліктері
Репродуктивтік денсаулық және тәлім-тәрбие
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау
Акционерлік қоғам жайлы
Балалар және жастар шығармашылық орталығы
Зейнетақы төлеу жөнінде мемлекеттік орталық
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Балалар және жастар шығармашылық орталығының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz