Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері


Slide 1

Дәріс №12. Әлеуметтік-психологиялық тренинг әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтары

М. С. Төлеубаева

әл. ғ. м., әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

Тренингтік әдістер

Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері

Әлеуметтік-психологиялық тренингті жүргізуші (тренер) және қатысушы тұлғасы

Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтары

Slide 3

Тренингтік әдістер - оқыту әдістері немесе тәсілдері. Мысалы, рөлдік және жоспарлы ойындар, нақты ситуация әдістері, семинар, ой шабуылы, топтық дискуссия, өндірістік оқыту, топтағы жұмыс тренингі.

Slide 4

Мамандар тренингтік техниканы негізгі 4 түрін бөлді:

1) ақпараттық;

2) симуляциялық (имитациялық) ;

3) жұмысты практикалық орындау жаттығулары;

4) топтық динамикалық жаттығулар.

Slide 5

ақпараттық - қажетті бағдарламаны немесе мәліметтер беруді қамтамасыз етеді;

симуляциялық - әрекет орнын, ұйымдасатын ситуацияларды және еңбек процесіндегі проблемаларды шешуді имитациялайды;

практикалық орындаулар - өндірістік оқудың нақты бағдарламаларын орындау, еңбекке бейімделу, қайта оқыту;

топтық динамикалық жаттығулар - әлеуметтік құзыреттілік, іскерлік қарым-қатынас мәдениеті.

Slide 6

Технология түрлері:

тренингтік өзара тану технологиясы: өзара презентация тәсілі; партнерді тану тәсілі;

өзара түсінісу технологиясы: қарым-қатынастың сөздік (вербальді) тәсілі; сөзсіз (вербальсіз) қарым-қатынас тәсілі;

өзара әрекеттесу технологиясы: бірлескен дара; бірлескен бірізді; бірлескен өзара әрекеттесуші.

Slide 7

Психологиялық негізгі тренингтік әдістер:

топтық дискуссия:

деңгейі бойынша - 1) құрылымдық;

2) құрылымсыз.

мазмұны бойынша - 1) тақырыптық;

2) биографиялық;

3) интеракциялық.

ойын әдістері:

ситуациялық-рөлдік ойын;

дидактикалық ойын;

шығармашылық ойын;

ұйымдасқан іс-әрекет ойыны;

іскерлік ойындар.

Slide 8

әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған әдістер:

вербальді техника;

вербальсіз техника.

дене терапиясы, медитативті әдістер

Slide 9

Жалпы тренингтік әдістер:

топтық дискуссия;

ойын әдістері;

әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған әдістер;

денеге бағытталған психотерапия;

медитациялық әдістер.

Slide 10

1) топтық дискуссия - тікелей қарым-қатынас барысында қандай да бір талас сұрақты бірлесе отырып, пікірлерін, позицияларын және ішкі бағыттарын білдіру;

2) ойын әдістері - ситуативті рөлдік, дидактикалық, шығармашылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, имитациялық, іскерлік ойындар;

3) әлеуметтік перцепцияны дамытуға бағытталған әдістер - қабылдау, түсіну, бағалау ептілігін дамытады;

4) денеге бағытталған психотерапия - В. Раих дене құрылымымен жұмыс (Александр техникасы, Фельденкрайз әдісі), сезімдік түйсіну және жүйкелік-бұлшық еттік релаксация, шығыс әдістері (Хатха-иога, тайги, айкидо) ;

5) медитациялық техника - физикалық оқыту және сезімдік релаксация, психикалық қысымнан босаңсу, стресс, қалыптан шығу үшін қолданылады, өзіндік реттеу тәсілдері дамиды.

Slide 11

ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлғааралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.

Топтық тренингтердің негізгі міндеттері:

өзіндік түсіну;

өзіндік реттеу;

қарым-қатынас ситуациясында басқаларды түсіну;

адекватсыз және жаңа адекватты қарым-қатынас дағдыларын коррекциялау.

Slide 12

Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері:

1 принцип: еріктілік принципі - барлық қатысушылар тренингке қатысу туралы шешімді өз бетінше жасауы тиіс. Қыстау, қатысуға мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге алып келмейді, жекелік өзгерістер адамның ішкі қызығушылықтары туындаған кезде ғана мүмкін;

2 принцип: өзара әрекеттесуде диалогтық принцип - қатысушылар арасындағы толыққанды тұлғааралық қарым-қатынас өзара сыйластыққа, өзара сенімділікке негізделуі тиіс;

3 принцип: өзіндік диагностика - ең алдымен, клиент өз проблемаларын өздері түсініп қалыптастыруы, басқалай айтқанда өзіндік ашылуы тиіс;

4 принцип: ақпараттану: әрбір клиент сабақ қандай жағдайда болатынын білуге құқылы.

Slide 13

Тренингтік топқа қатысуға болатын оптимальді жас - 16-40 жасқа дейін.

Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

Slide 14

Тренер жұмысының 1-кезеңі - тренингке дайындық - әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу, олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру. Психолог тренингте қатысушылардың проблемалары мен ниеттерін анықтап алуы қажет. Тренер бағдарлама жасайды, тақырып анықтайды, уақыты мен орнын нақтылайды, аудио және видео таспалар таңдалады, таратылатын материал даярланады.

2-кезең - тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез келген әлеуметтік-психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дискуссияны енгізуі тиіс.

3-кезең - қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалайды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс. Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.

Қорытынды шығару сабақ циклі аяқталғанда жасалады. Психологиялық бақылауларды, анкеталарды, тестерді, бейнетаспаларды анализдеу арқылы тренингке қатысушы әрбір мүшенің жұмыс нәтижесін анықтайды.

Slide 15

ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТІ ЖҮРГІЗУШІ (ТРЕНЕР) ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАСЫ

Педагог-психолог - психология аймағында теориялық білімдерді меңгерген және клиенттің өмірлік және жекелік проблемаларымен жұмыс жасайтын тұлға. Бұл үшін психолог кеңес беруден басқа, белсенді әдістерді, ойындарды пайдаланады.

Оқытудың белсенді әдістерін өз практикасында психолог-тренерлер пайдаланады. Психолог-тренер өз бойында оқытушылық, ұйымдастырушылық, экспериментаторлық, кеңес берушілік қасиеттерді үйлестіреді. Психолог тренерді негізгі жұмыс формасы - әлеуметтік- психологиялық топтық тренинг. Тренер жұмыс жүргізу барысында топ мүшелерінің кездейсоқ және дара қайталанбас көңіл-күйдегі, мотивациядағы және мінез-құлықтардағы өзгерістерге ерекше мән беруі тиіс.

Slide 16

Тренингке қатысушылар белгілі бір мінез-құлық нормаларын қадағалауы тиіс. М. Боуэн ұсынған тұлға - орталықтанған нормада, тұлғада табиғи ырғақты және дамуға бағытталғандық бар.

1. Теңдік - әрбір қатысушы өз көзқарасында қалуға құқылы;


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологиялық тренинг пәніне кіріспе
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Тренинг ждүргізуші
ТРЕНИНГ ТОБЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психологиялық тренинг
Тренинг принциптері
ҰЙЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖОСПАР
Жас ұстаздар мектебі
Менің баламның әлемі
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БІЛІМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz