Әктас өндірісінің технологиясының негізі



Тақырыбы: Әктас өндірісінің технологиясының негізі. Негізгі қасиеттері және қолдану салалары. Әктасты сөндіру. Коагулянт өндірісінің жылу ағынын есептеу. Затворительдер. Магнезиалды байланыстырушы заттардың қатаюы. Алюмокалийлы ашытқылар өндірінің материалды ағынын есептеу.
Орындаған: Дюсембинова М. У
Тексерген: Лебаева Ж. Т
Топ: ХН-221

Әктастар - шөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады. Барлық шөгінді тау жыныстарының 20%-ін құрайды. Әктастар жоғары температураның әсерінен қайтадан кристалданып, мәрмәрға айналады. Олар көбінесе теңіз түбінде түзіледі.

Әктас - кальциттен, кейде арагониттен тұратын кең таралған шөгінді тау жынысы. Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар, халцедон, кварц, глауконит, пирит, гипс, ангидрит, т. б. кездеседі. Әктастар негізінен саяз теңіздер мен қолтықтарда, кейде тұщы көлдерде қалыптасады. Жаратылысы жағынан әктастар органогенді, хемогенді (химиялық), кесекті және криптогенді болып түзіледі. Органогенді әктастар жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтарынан қалыптасады. Жәндік қалдықтарынан тұратынын зоогенді, ал өсімдіктен тұратынын фитогенді әктастар дейді. Хемогенді әктастар қалыңдығы тұрақты қабаттар, конкрециялар құрайды. Олардың түстері әр түрлі (ақ, күңгірт сұр, қара, т. б. ) болып келеді. Химиялық әктастар саяз теңіздерде, көлдерде қалыптасады. Кесекті әктастар әр түрлі өлшемді карбонатты кесектер мен үгінділерден тұрады. Криптогенді әктастарға жаратылысы белгісіз, өзгерген әктастар жатады. Олар кристалл түйірлі болады

Қолданылуы Металлургияда, құрылыста, химия өнеркәсібінде пайдаланылады. Ол қара металлургияда флюс ретінде, химия өнеркәсібінде (сода, карбид, минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін), қант, шыны, цемент өндірістерінде қолданылады. Әктастың Қазақстанда көптеген кен орындары (Саяқ, Ақтас, Керегетас, Ақжар, т. б. ) бар

Доломит (француз геологы Д. Доломьенің есімімен аталған) - 1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3) 2] . Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3, 5 - 4, меншікті салмағы 2, 85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; 2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 - 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді. [5] Егер негізгі қоспа - ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады. Доломит кембрийге дейінгі және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.

МАГНЕЗИАЛДЫ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАРҒА каустикалық магнезит және каустикалық доломит жатады. Каустикалық магнезит табиғи магнезитті 750 . . . 850 градусқа күйдіріп, одан кейін ұнтау арқылы алынады. Күйдіру нәтижесінде магнезит магний оксидіне және көміртегі оксидіне (IV) ыдырайды: MgCO3=MgO+CO2 Каустикалық доломит алу үшін табиғи доломитті тек магний карбонаты ғана ыдырайтын температураға дейін қыздырады да, одан соң тиірменге тартып ұнтайды. Басқа байланыстырғыш заттардан ерекше, магнезиалды байланыстырғыштарды сумен емес, тұз ерітінділерімен, көбінесе хлорлы магний немесе магний сульфаты ерітінділерімен шылайды. Бұл жағдайда байланыстырғыш тез қатаяды, одан алынатын құрамы 1:3 (байланыстырғыш құм) тастың беріктігі артады, өйткені қатайғанда Mg (OH) 2 бірге магнийдің су хлориды да (3MgO* MgCl2 *6HO2 ) түзеді. Магнезиалды байланыстырғыштардың беріктігі жоғары: Р сығу 60 . . . 100 МПа; оларды ксиолит және фибролит деп аталатын ағаш үгінділері мен жаңқалары, көнеп сабағы, т. б. өсімдік талшқтары негізінде жасалатын еден төсеуге қолданылатын тақтайлар, еденнің жіксіз негізін және дыбыс, жылу өткізбейтін бұйымдар өндіру үшін пайдалануға болады. Магнезиалды байланыстырғыш заттарда активті магний тотығы көбейген сайын олардың беріктігі жоғарылайды. Сондықтан каустикалық доломиттің беріктігі каустикалық магнезитпен салыстырғанда 2 есе төмен. СҰЙЫҚ ШЫНЫ деп тығыздығы 1, 3 . . . 1, 5 г/см 3 натрий немесе калий силикаттарының колоидты су мөлшері 50. . . 70 процент. Сұйық шыны ауада баяу қатады, көмір қышқылымен реакцияға түседі. Бұл жағдайда кремний қышұылы коагуляцияланып гель пайда болады: Na2O*SiO2*2H2O+CO2=SiO2*2H2O+Na2CO3

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz