Әлеуметтанулық теория
Презентация қосу
1. ӘЛЕУМЕТТАНУ
ТЕОРИЯЛАРЫНА
КІРІСПЕ.
1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
Категориялары.
2. Әлеуметтанулық теория. Жеке мектептер мен бағыттардың
дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
3. Құрылымдық функционализм.
4. Қақтығыс теориялары.
5. Символдық интеракционизм.
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және
гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шыққан. Әлеуметтану
ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз
әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізіп, әлеуметтану
ғылымының негізін қалады. Ол 1839 жылы 6 томдық
«Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде
мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң
зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге
тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» еді.
Әлеуметтанудың да басты категориясы «қоғам» болып
табылады.
Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі
қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру
тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-
қатынастардың жалпы жиыны.
Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген
механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан,
тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік
нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін,
өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті
бірлестігі.
Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын
топтық қарым-қатынастардың қайталанып отыратын
үлгілері.
Әлеуметтік қиял - жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік
құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін
қабілет.
Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік
жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар,
мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар,
үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-
қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі
тұтастық.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар
немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт
пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым–қатынастар – адамдар және
топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі
біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз
өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол
өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым –
қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық
қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік
орындарымен саяси қатынас орнатады.
Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап
тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан
түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер,
институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық
іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б.
Әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе
әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық,
рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі
қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты,
терең танып білуді айтамыз.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға
ұласады. біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір
сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар»,
«Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат»,
т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді,
адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды
қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі
жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Конт әлеуметтануда алғашқылардың бірі болып, қоғамды
жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін
сипатын және оның бөліктерінің өзара бағыныштылығын атап
көрсете отырып, әлеуметтік жүйенің кез келген сан алуан
бөліктерінің бір-біріне үздіксіз ықпал ететінін және кері ықпал
ететінін айтады.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт
кезеңнен өтті:
1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды
баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан
бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы
мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік
тұжырымдарын іздестіре бастады.
2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60
жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік
және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану
эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.
3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде
әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-
тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс
елдерінде парламент және президент сайлауларының
қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі
білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан
түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
О.Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық
процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика
деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және
әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер әлеуметтануды
әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде
ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі
қоғам туралы ғылым деп білді.
Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э.Дюркгейм
үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың
пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар
ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана
жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан
түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет.
Неміс әлеуметтанушысы М.Вебердің көзқарасы бойынша,
әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен
тығыз байланысты. М.Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз
әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-
қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған
құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы
емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.
Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары
адам мінез-құлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге
әкелді. Бұлардың әлеуметтанудағы негізгілері:
1. құрылымдық-функциялық теория
2. конфликт теориясы
3. символдық интеракционизмді.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯ
Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне
американдық нұсқауы (Т. Парсонс, Р.Мертон және т.б.)
айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың
барлық бөлімдеріне таратты.
Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі,
статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық
тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және
тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі
деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге
негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз
байланыста болатын компоненттерден тұрады.
Құрылымдық-функциялық көзқарасты жақтайтындар
зерттеу барысында негізгі үш тұжырымды басшылыққа
алады.
1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың
басты критерий! - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
2. Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның
бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс
істейді.
3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы
жүзеге асырылады, бұл дегеніміз – әлеуметтік
құрылымдардың жаңа қажеттіліктер мен талаптарға,
негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, я ескірген
құрылымдардың жойылуы.
Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын
әлеуметтанушылар әлеуметтік құрылымдардың табиғатын
және салдарын зерттеумен шұғылданады. Құрылымдық-
функциялық теория ғалымдары әлеуметтік
құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін
функция ретінде, ал әлеуметтік қүрылымдардың теріс
(зиянды) салдарын дисфункция ретінде сипаттайды.
Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлаған)
салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және
жоспарланбаған) салдарлар арасындағы
айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор
болғандықтан құрылымдық-функциялық теория
ұғымдарын басқа көзқарастағы әлеуметтанушылар да
қолданады.
Функция – әлеуметтік тұрақтылықты арттыратын
әлеуметтік құрылымдардың жетістіктері.
Дисфункция – әлеуметтік тұрақтылықты төмендететін
әлеуметтік құрылымдар қарекеттерінің салдарлары.
Айқын функциялар – бұл жоспарланған немесе
танылған әлеуметтік құрылымдар қарекеттерінің
нәтижелері.
Астыртын функциялар – жоспарланбаған немесе
кейін дамитын әлеуметтік құрылымдар қарекеттерінің
салдарлары.
КОНФЛИКТ ТЕОРИЯСЫ
Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға
келу (консенсус) және тұрақтылық тұрғысынан
қарастырса, конфликт теориясы оны қақтығыстар мен
өзгерістер негізінде сипаттайды.
Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы
бәсеке мен шиеленістерді, әсіресе біреулер жеңіп,
екіншілері жеңіліске ұшырайтын процестерді сыни
түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конфликт
теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған
орай, қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын
жолдарды қарасгырады.
Конфликт теориясы Маркс идеяларынантуындайды. Қазіргі
конфликт теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық
қатынастағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке
барлық әлеуметтік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар
арасындағы қарым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі
бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың
барлығында билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар.
Кез келген нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен
топтар осы теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес
мүдделер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық
емес, көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді,
оның үстіне, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Құрылымдық функцияшылдар секілді конфликтологтар
де әлеуметтік құрылымдарды зерттейді. Алайда конфликт
теориясының ғалымдары қазіргі әлеуметтік қүрылымдардан
қандай топтардың көп пайда көріп отырғанын және олардың
бұл артықшылықтарын қалай сақтап отырғанына баса мән
береді.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж.
Г.Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде
өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге
тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін
оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар
түсіну міндетін жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші
болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады.
Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға
қатысын және оларға эсер ету ерекшеліктерін
зерттейтін әлеуметтанушылар символдық
интеракционизм теориясын пайдаланады.
Символдық интеракция теориясы (немесе
символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің
субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып,
дамытатын процестерді қарастырады.
Бұл теория адамдардың өзара әрекетке түсуінің
символдық (немесе субъективті) мағынасын
зерттегендіктен осылай аталады. Символдық
интеракционизм теориясы - осы тарауда сипатталған
дәстүрлі үш георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясы галымдарының
пайымдауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш
негізгі нысандықтұжырымнан бастау алады:
1. Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен
қимылдың я сөздің бірнеше мағынасы болуы және олар
әркелкі нәрселерді сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын
түсіну үшін оның сол мінез-құлыққа я қимылға қалай
қарайтынын зерттеуіміз керек.
2. Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды.
Қарым-қатынас өзгергенде мағына да өзгереді.
3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды.
Біз басқа тараптан шыққан мән-мағынаны ойланбастан бірден
қабылдамаймыз. Бір нәрсенің бізге және өзгелерге қатысты
мән-мағынасын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz