Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК

ҚАЗАҚСТАН

МЕДИЦИНА

АКАДЕМИЯСЫ

Орындаған: Тәжен Дастан

Тобы: СТҚ 05-22

Қабылдаған: Абдраманова А

«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы

Шымкент 2023

БӨЖ

Slide 2

Жоспары:

1. Иммуноглобулиндер, жіктелуі

2. Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі

3. Иммуноглобулиндердің қызметтері

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады.

Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді. G, M, A, D, E.

Латын тілінен аударғанда immunis босатылған, арылған, ал globulus домалақ деген мағынаны береді.

Халықаралық классификацияға сай антиденелер қасиетіне ие сарысулық ақуыздар жиынтығы қазіргі кезде иммуноглобулиндер деп аталады және Ig таңбасымен белгіленеді. Осыған дейін оларды сарысу электрофорезі кезінде γ-глобулиндердің қатарында миграциялайтындығынан γ-глобулин деп атайтын.

Иммуноглобулиндер

Slide 4

Иммуноглобулиндердің класы. Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900. 000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік иммуноглобулин М В-торшаларға антиген танитын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.

Қан сарысуында 0, 4-2, 2 г/л. Иммуноглобулин М ең ірі молекулалары, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып ағзадан шығарып жібереді. IgМ ағзаға антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Жатырдан өте алмайды. Нәрестелерде тек инфекцияға қарсы пайда болады. IgМ антигенге фагоциттерді белсендіріп шақырады.

Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуноглобулиндердің, молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол жатырға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобулин G-дің 4 түрі бар: (ауыр тізбектің айырмашылығымен) . IgG қан сарысуында 7-18 г/л.

Slide 5

Иммуноглобулин А - сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы концентрациясы 0, 8-3, 7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA - комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-ны инактивацияға шалдықтырады (мыс. гонококктер)

.

Иммуноглобулин Е - молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шырышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозинофилдер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0, 25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.

Иммуноглобулин Д - молекуласы 18 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тәулік, толық зерттелмеген, тек қана В торшалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Барлық класстар иммуноглобулиндерінің молекулалары жұп ауыр және жұп жеңіл полипептидті тізбектерден құралады.

Молекулярлық салмағы шамамен 2 болатын жеңіл тізбектер барлық иммуноглобулиндер үшін бірдей болады және екі типке жіктеледі: κ (каппа) және λ (лямбда) . Олардың адам ағзасындағы арақатынасы - 70/30.

Иммуноглобулиндердің әр молекуласында жеңіл тізбектер әрдайым тек бір типке ғана жатады.

Slide 9

Изотиптілігі - ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі - әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты

.

Идиотиптілігі - бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип - антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

Slide 10

Нәрестенің ерте постнатальды кезеңде иммундық жүйенің тимусқа тәуелді және тәуелді емес бөлімдерінің қатынасы, өзара әрекеті анықталады. Туылған сәтте нәресте қанында ана ағзасынан түскен IgG концентрациясы анасындағыдай болады. Өмірдің 3-4 айында оның мөлшері едәуір төмендеп, шамамен 6 айға таман қанда мүлдем жоғалады. Осы уақытта әр түрлі антигендермен стимуляциялаудың арқасында өздік антигендердің синтезі басталады. Сонымен қатар, IgG қарағанда IgM тезірек синтезделеді.

Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі

Slide 11

Нәресте уақытында туылса, жасушалардың фагоцитарлық белсенділігі анасындағыдай болады және 3-4 күнге қарай жоғарылайды. Лизоцим деңгейі анасының қанындағыдан жоғары болады. Дені сау баланың ағзасында пропердин мен комплемент мөлшері анасының ағзасындағы мөлшерден айтарлықтай төмен болады. Олардың орташа көрсеткіштерінің бала өскен сайын жоғарылап, ересек адамның деңгейіне жатады. Бейспецификалық иммунологиялық реактивтілік факторларының құрамының барлық өзгерістері негізінен өмірдің бірінші аптасында жүреді.

Slide 12

Балалар иммунитетінің 5 ерекшеліктері

1) Дамудың 17-аптасында ұрықтағы IgG мөлшері шамамен 0, 1 г/л болады.

Жүктіліктің соңғы апталарында IgG мөлшері олардың анасынан плацента арқылы тасымалдануының есебінен едәуір артады.

◊ Бұл антиденелер ана сүтімен берілетін антиденелермен қатар баланы алғашқы 3-6 айларда әр түрлі инфекциялық аурулардан қорғайтын енжар (пассивті) иммунитетті қалыптастырады.

◊ Басқа иммуноглобулиндер плацента арқылы өтпейді. Секреторлы IgAS ұрықта шамалы мөлшерде өмірінің 3-4 айында пайда болады.

◊ Балада өмірінің 2-ші және 6-шы айларының аралығында өзінің IgG синтезі әлсіз жүреді. Біріншілік иммундық жауап IgM антиденелерінің синтезімен көрінеді. 1-ші жылының соңында IgG мөлшері ересектердердікінің 50-60%, ал IgA шамамен 30% құрайды. ◊ ◊ Секреторлық IgAS өмірінің 3-айынан кейін секреттерде пайда болады. Алғашқы 4 жыл бойы кейбір секреттердегі олардың концентрациясы ересектердікінен 4-5 есе төмен, сол себепті жергілікті иммунитет төмен болады. Ішекте IgAS жетіспесе, балалар тағамдық аллергияға шалдығады.

Slide 13

2) Өмірінің 3-6 айлары. Анасының антиденелері жойылуымен байланысты пассивті гуморальды иммунитеттің әлсізденуімен сипатталады. Көптеген антигендер енуіне біріншілік иммунды жауап түзілуі байқалады, IgM антиденелерінің синтезі басым келеді. Иммунды ес жасушалары түзілмейді. Тек 2-3 қайтара антигенді енгізгеннен кейін IgG синтезі басым болатын екіншілік иммунды жауап көрінеді. Иммунды ес жасушалары түзіледі. Жергілікті иммунитеттің жетіспеушілігі сақталады. Бұл кезде тұқымқуалайтын иммундық жетіспеушіліктер айқындалады.


Ұқсас жұмыстар
Жаңа туылған нәрестелер иммунитетінде анасы мен ұрық организмінде жиналатын иммуноглобулиндер кластарының маңызы
Гуморальдық иммунитеттің жетіспеушілігі
Оргагизмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары 2.Кан топтарының түрлері және оның сипаттамасы
1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама 2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық
Иммунды жүйенің шеткі мүшелері
Иммундық жауапта иммундық мүшелердің рөлі
Табиғи иммунитеттің гуморальдық факторы
Антидене түзу
Гибридомды клеткаларды клондау
Жедел гломерулонефрит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz