Жұқпалы аурудың көзі - тек қана науқас адам




Презентация қосу
Қызылша
Қызылша
Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы
механизм арқылы берілітін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен,
интоксикация белгілерімен, катаральды синдроммен, макулопапулезді
бөртпемен және ерекше энантемалармен, конъюнктиваның және жоғарғы
тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын антропоноздық
жіті жоғары контагиоздық респираторлық вирустық инфекция
Этиологиясы

Қызылша қоздырғышы
(Polinosa morbilliorum) -
морфологиялық жақтан басқа
да парамиксовирустармен
ұқсас, оның вирионының
диаметрі 120-250 нм.
Қабықтары 3 қабаттан тұрады
– белоктық, липидтік,
гликопротеидтік. Құрамында
РНҚ бар. Сыртқы ортада
төзімсіз.
Эпидемиологияс
ы
Жұқпалы аурудың көзі — тек қана
науқас адам. Ол жасырын кезеңнің
соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан
кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға
қызылша вирустарын бөледі.
Бөртпенің 5-ші күнінен бастап
аурудың жұғу қауіпі жойылады.
Инфекцияның берілу механизмі —
ауа-тамшылы. Контагиозды индексі
бұрын 1,0 болған, вакцинациядан
кейін - 0,1-0,2. Ауру жыл бойына
тіркелгенмен, оның өршу мерзімі
қарашадан наурызға дейін
байқалады.
Патогенезі
Инфекцияның кіруі — жоғарғы тыныс алу жолдарының
шырышты қабықтары. Вирус тыныс алу жолының эпителийінде
көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе
шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде, вирусты қаннан бөлуге
болады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға гематогенді таралады. Жасырын
кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-ші толқыны
байқалады. Вирусты сондай-ақ кеңірдектің шырыш
қабықтарынан, бронхтардан, кейде дәреттен табуға болады.
Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден, соның ішінде лимфа
түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көкбауырдан гигантты
ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталған. 3-ші
күні вирусемия бірден төмендеп, 4-ші күні вирус әдетте
табылмайды.
Қызылша кезінде ағзаның ерекше аллергиялық
құрылысы дамиды, ол ұзақ уақыт сақталады.
Қызылша анергия жағдайына алып келіп,
залалданған адамдарда аллергиялық реакциялардың
(туберкулин, токсоплазмин және т.б.) жойылуы
көрінген, сондай-ақ созылмалы аурулардың
(туберкулез және т.б.) асқынуы байқалған.
Иммунодепрессия бірнеше ай сақталады.
Ауруды бастан өткізгеннен соң тұрақты иммунитет
қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек.
Вакцинациядан кейінгі иммунитет тым қысқа
мерзімді
Клиникасы
Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады.
Ауру циклді түрде дамиды. Бастапқы кезеңі дене
қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, шаршағыштықпен,
тәбетінің нашарлауымен сипатталады. Катаральды
көріністер қалыптасады. Құрғақ жөтел басталады,
конъюнктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм
пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары
(Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады, ол жиі
жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына
жайыла бастайды. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына
немесе кебекке ұқсайды. Экзантеманың пайда болуымен
олар жойылады.
Клиникасы
Бастапқы кезеңнің аяғында (3-4-ші күні) дене қызуы
төмендеп, содан кейін қызылша бөртпесінің пайда болуымен,
қызба қайтадан аса жоғары деңгейге дейін көтеріледі. Бөртпе
кезеңі дақты-папулезді бөртпенің пайда болуынан басталады.
Қызылша экзантемалары бөртпенің сатылы шығумен
сипатталады: 1-ші күні бөртпе элементтері бет және мойында
пайда болады; 2-ші күні — кеудеде, қолдарда, жамбаста, 3-ші
күні бөртпе аяқ пен табандарды қамтиды, ал бетте ол ағара
бастайды. Бөртпе бет және мойында, кеуденің жоғарғы
тұстарында жиі орналасады. Элементердің диаметрі –10 мм. 3-
4 күннен кейін бөртпе ағарып, олардың орнында пигментация
қалады. Одан әрі кебек тәрізді қабыршақтану байқалады
(бетте, кеудеде).
Жіктелуі
1. Түрі бойынша:
• типтік;
• атиптік (митигирленген, абортивті, басылған белгілерсіз);

2. Ауырлығы бойынша:
• жеңіл,
• орташа,
• ауыр түрі;
3. Ағымы бойынша:

• біркелкі;
• біркелкі емес (асқынулармен, салдарлық жұқпаның қосылуымен, созылмалы
аурулардың өршуімен).
Қызылшаны эпидемиологиялық тергеп-тексеру кезінде:
1. байланыста болған адамдардың егу мәртебесін
анықтау;
2. қызылшамен ауыратын науқастардан алынған
материалды зертханалық зерттеу;
3. науқаспен байланыста болған адамдарды аурудың
соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік
бойы күнделікті медициналық бақылау;
4. аурудың басқа күдікті жағдайларын белсенді іздеу.

№ ҚР ДСМ-13 бұйрығы
• Қызылшамен ауыратын адаммен тығыз байланыста
болған 30 (отыз) жасқа дейінгі егілгені туралы
деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші
профилактикалық егуі жоқ адамдарға қызылшаға
қарсы моновакцинамен, ол болмаған кезде құрама
вакцинамен шұғыл вакцинациялау жүргізіледі.
Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста
болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан
кешіктірілмей жүргізіледі.

Ұқсас жұмыстар
Балалардың жұқпалы аурулары
Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар
Денесінің сыртқы бөлшектенуі
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Туберкулёз
Туберкулез тарихы
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
БАЯУ ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
Ішек аурулары
Пәндер