Файлды жазу


Slide 1

Информатика

10 сынып

Файлдармен жұмыс

Slide 2

- ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалана алу

Сабақтың мақсаты:

Slide 3

Мәтіндік файлды жазу үшін ашу үшін w (қайта жазу) немесе а (жазуға қосу) режимдерінің бірін қолдану керек. Содан кейін жазба жазу үшін write(str) әдісі қолданылады, онда жазылатын жол беріледі. Мұнда тек жол ғана жазылатынын атап өту керек, егер сандар немесе басқа да типті берілгендерді жазу керек болса, онда оларды жолға түрлендіру керек.

"hello. txt" файлына қандай да бір ақпарат жазайық:

with open("hello. txt", "w") as file:

file. write("hello world")

Файлды жазу

Slide 4

Егер біз Python-ның ағымдағы скрипті жазылған буманы ашатын болсақ, онда hello. txt файлының пайда болғанын байқаймыз. Бұл файлды кез келген мәтіндік редактормен ашып, қажет болса, өзгерту енгізуімізге болады.

Енді осы файлға тағы бір жолды қосып жазайық:

with open("hello. txt", "a") as file:

file. write("\ngood bye, world")

Slide 5

Файлға жаңа жол қосқан кезде ол ондағы соңғы символға қосылады, сондықтан, жазбаны жаңа жолдан бастау керек болса, "\n" эскейп-тізбегін қою керек. Нәтижесінде hello. txt файлында келесідей жазба болады:

hello world

good bye, world

Slide 6

Файлға жазудың тағы бір әдісі print() стандартты әдісі болып табылады. Ол берілгендерді консольға шығару үшін қолданылады:

with open("hello. txt", "a") as hello_file:

print("Hello, world", file=hello_file)

Slide 7

Файлға жазудың тағы бір әдісі print() стандартты әдісі болып табылады. Ол берілгендерді консольға шығару үшін қолданылады:

with open("hello. txt", "a") as hello_file:

print("Hello, world", file=hello_file)

print әдісі көмегімен берілгендерді шығару үшін екінші параметр ретінде file параметрі арқылы файл атауы беріледі. Ал бірінші параметр файлға жазылатын жолды көрсетеді.

Slide 8

Файлды оқу

Файлды оқу үшін оны r (Read) режимінде ашу керек. Одан кейін оның мазмұнын әр түрлі әдістермен оқуға болады:

readline() : файлдағы бір жолды оқиды

read() : файлдың барлық мазмұнын бір жолға оқиды

readlines() : файлдың барлық жолдарын бір тізімге оқиды

Slide 9

Мысалы, жоғарыда жазылған файлдың әр жолын жеке оқиық:

with open("hello. txt", "r") as file:

for line in file:

print(line, end="")

Әр жолды оқу үшін readline() әдісін нақты қолданбасақ та, бұл әдіс әр жолды алған кезде автоматты түрде шақырылады. Сондықтан циклде readline() әдісін қолмен жазып отырудың қажеті жоқ. Және жолдар "\n" жаңа жолға көшу символымен ажыратылғандықтан, жаңа жолға артық көше бермес үшін print функциясына end="" мәні беріледі.

Slide 10

Үйге тапсырма: §14. Практикум

«Мектеп» деректер базасын дайындау.

Сүзгілеуді пайдаланып, «Аты-жөні» өрісіндегі алфавиттік ретпен қою.


Ұқсас жұмыстар
Файлды ашу және жабу
СИ ОРТАСЫНДА ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Екілік файлдар
ФАЙЛДЫ ЕНГІЗУ - ШЫҒАРУ
Word редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
Меню жолы Тақырып жолы
ОЖ, оның даму жә не тү рлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның тү рлері)
Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар
Си тілінде құрылған программаның құрылымы
Мәтіндік құжатты форматтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz