Дәрумендер туралы түсінік



Дәрумендер
Орындаған: Ахмадиев К. Д.
Топ: Бт-407

Жоспар:
1. Дәрумендер туралы түсінік.
2. Дәрумендер ашылу тарихы.
3. Дәрумендерге жеке-жеке тоқталу.
4. Дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Өндірісте өндірілген дәрумендер

Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Дәрумен (Витамин) - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қосылыстар. Витамин (латынша vіta - тіршілік) туралы ілім.

Дәрумендердің ашылу тарихынан. . .
1881жылы орыс дәрігері Н. И. Лунин өз эксперименттері негізінде тамақ құрамындағы қандайда бір ерекше заттардың болмауынан ауруға ұшырауын анықтады.
1911жылы поляк ғалымы К. Функ тазартылмаған күрішпен қоректенген көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты витамин(лат. vita-тіршілік) деп атады.

Дәрумендер
12
2
6

Ағзадағы дәрумендер концентрациясының бұзылуы
ГИПОВИТАМИНОЗ
ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігі
ГИПЕРВИТАМИНОЗ
ағзадағы витаминдер мөлшерінің артуы
АВИТАМИНОЗ қандай да бір витаминнің күрт жетіспеушілігінен болатын ауру. (Мысалы:бери-бери, пеллагра, құрқұлақ(цинга) және т. б. )

Дәрумендерге сипаттама
Дәрумен атауы
Тәуліктік мөлшері
Маңызы
Гиповитаминоз
А дәрумені
(Ретинол)
1-1, 5мг
Эпителий ұлпаларының дамуын, қалыпты өсуін реттейді;
Ферменттер жұмысын күшейтеді;
Көру пигменті -родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
-Тері құрғап жарылады;
-Қасаң қабығы бұзылады; -Ақшам соқыр ауруына шалдығады.
-Баста қайызғақ пайда болады;
-Тамақтың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынады;

А дәрумені - ретинол
Эпителий ұлпаларының дамуын, қалыпты өсуін реттейді;
Ферменттер жұмысын күшейтеді;
Көру пигменті -родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
Өсу витамині деп атайды;
Жануартекті өнімдерде-бауыр, сарымай, балық майында көп.
Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз, қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш, өрікте көп.
Тәуліктік мөлшері 1-1, 5мг.

Қызғылт пигмент - каротин
КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota -сәбіз және грек. eidos - түр), қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады; сперматозоидтың қалыптасуына;
Эндоплазмалық тордың жарғақшасында сіңіріліп, секреттік, тасымалдаушы нәруыздардың қалыптасуына әсер етеді;
Митоз үрдісінде жасушаның бөлінуін реттейді.
Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А дәрумені түзіледі.

А дәруменінің авитаминозы
А дәрумені жетіспесе көз қызметін нашарлатып, ксерофтальмия ауруын туғызады, теріде, көздің қарасында артық мөшерде кератин деп аталатын ақуыздың түрі жинақталады. А дәруменінен ретиналь деп аталатын зат түзіледі, ал ретиналь родопсиннің - көру пигментінің активті тобы болып табылады. Сондықтан А дәрумені жетіспесе адамның көзі нашарлайды.
Сонымен бірге витамин А артық мөлшері бауырда жинақталады, қажетті мөлшерден 20-30 есе артық болса, онда адамды уландырады. Арктиканың суық суларын жайлайтын балықтардың, ақ аюдың бауырында витамин А өте көп мөлшерде кездеседі. Ақ аюдың бауырын жеген адам уланып, өліп кетуі мүмкін.

Сізге А витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер:
Күндізгі жарық көзіңізге әдеттен тыс көп әсер етсе;
Сізге қарсы келе жатқан көлік жарығы көзіңізге қатты әсер етсе;
Ымыртта немесе түнде көруіңіз нашарласа, яғни ақшам сокырлықты байқасаңыз;
Шынтағыңыз, тізеңіз, бөксеңіз қызарып кетсе;
Тамағыңыздың сілемейлі қабықшасы жиі-жиі қабынса;
Басыңызда қайызғақ пайда болса.

D дәрумені (кальциферол)
Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
Бұлшықет тонусын күшейтеді;
Ферменттер жұмысына әсер етеді;
Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады;
Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;
Тәуліктік қажеттілігі 1 мг;
Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т. б. кездеседі.

Мешел (рахит) ауруы
Фосфор-кальцийлік алмасу бұзылады;
Бойдың өсуі баяулайды;
Сүйектің беріктігі төмендейді;
Аяқ сүйектері қисаяды;
Бас, қарын үлкен болады.

К дәрумені-Филлохинон
- 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам анықтады,
1943жылы осы еңбегі үшін Нобель сыйлығына ие болды;
Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі;
Қан ұюына, ішекте органикалық заттардың сіңірілуіне қатысады;
-К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде түзіледі.
К авитаминозы

Е дәрумені - Токоферол
-Үш түрі белгілі: α, β, γ - токоферолдар.
Өсімдік және жануар майларында, бидайда, сәбіз бен жұмыртқада, сүтте кездеседі.
Е дәруменінің биологиялық рөлі нақтылы биохимиялық процестерге қатысуы әліге дейін белгісіз.
Авитаминоз:
Бұл дәрумен өсімдіктер майларында көп мөлшерде болады. Токоферол адам ағзасына жетіспегенде оның бауыры нашарлап, мембраналар қызметі бұзыла бастайды.

F дәрумені
F дәрумені кешенді дәрумен, алмаспайтын қанықпаған май қышқылдарынан: линол, линолен және арахидоннан тұрады.
Линол мен линолен өсімдік және жануар майларында, ал арахион тек жануар майында ғана кездеседі.
Кездеседі: Зәйтүн майы, кептірілген жемістер.
Гиповитаминоз: Гиперхолестеринемия және тамыр склерозы туындайды.
Авитаминоз: тері ауруы.

Витамин (Тиамин)
Көмірсулар алмасуына қатысады;
Жүрек, бұлшықет, жүйке жүйесі
мүшелерінің қызметін реттейді;
Тазартылмаған астық тұқымынының дәндерінде, бұршақ тұқымдастарында, жұмыртқа сарыуызында кездеседі;
В1 витамині жетіспеуінен “Бери- бери” (полиневрит) ауруы пайда
болды.
Кептердегі В1 авитаминозы

Витамин (Рибофлавин)
ХІХ ғасырдың 30 жылдары алғаш анықталды;
Етте, сүтте, бауырда, жұмыртқада, астық дәндерінде, сары түсті көкөністерде кездеседі;
Рибитол спиртінен және изоллоксазиннен тұрады;
Жетіспеушілігінен көздің мөлдір қабықшасы қабынады, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы қабынады.
Авитаминоз: Анемия пайда болады

В5 дәрумені (никотин қышқылы ниацин немесе РР)
Тотығу реакцияларындағы катализатор-ферментердің құрамына енеді;
Май қышқылдарының синтезіне қатысады;
Аминқышқылдары айналымына қатысады;
Қарбызда, алмада, сыра ашытқы кебектерінде, бауырда, етте көп кездеседі;
Тәуліктік мөлшері 20мг.

РР дәруменінің авитаминозы

Витамин (Пиридоксин)
Ақуыз алмасуына қатысады;
Қантамырлар қабырғасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды;
Арпа, бауыр, бидай ұнтақтарында, сыра ащытқыларында кездеседі.
Тышқандардағы авитаминозы
Жетіспеушілігінен:
бауырдың семіруі;
көкбауырдың бұзылуы;
Қалқанша безі қызметінің нашарлауы байқалады.
атеросклероздың дамуы;
Тері ауруы (эритема, эдема) дамуы

Витамин
Азотты қосылыстар синтез реакцияларына кофермент ретінде қатысады;
Қан жасушалары-эритроциттер, тромбоциттердің түзілуін жүзеге асырады;
Жануартекті тағам құрамында- бауырда, бүйректе, жұмыртқада, сүтте кездеседі.
- Жетіспеушілігінен қаназдық (анемия) ауруы пайда болады.
Доңыздағы қаназдық ауруы

В тобындағы дәрумендер
В тобы дәрумендердің 15 -ке жуық түрлері бар;
Зат алмасуда маңызды қызмет аткаратын ацетилхолин құрамына кіреді.
Астық, бұршақ тұқымдастарда, қызылшада, бауырда, жұмыртқа сарыуызында, ашытқыда кездеседі.
Соя

В тобындағы витаминдер жетіспеушілігін білдіретін белгілер:
Тіліңіз қызарып кетсе;
Жүйкеңіздің жұқаруы жиі-жиі байқалса;
Ұйқыңыз қашып, берекетіңіз кетсе;
Ұзаққа созылған бас айналу жиі-жиі қайталанса;
Көз алдыңыз қарауытып, әлдебір”дақтар” ұшып жүрсе;
Тынысыңыз тарылып, деміңіз жиі-жиі жетпей қалса.

С дәрумені (аскорбин қышқылы)
С дәрумені
- Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады;
Көптеген ферменттер құрамына кіреді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz