Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны


Slide 1

Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны

Slide 2

Бестемше ойынының тарихы

Бестемше ойыны қазақ халқының ақыл-ой ойындарының бірі. Оның пайда болу мерзімі 4 мың жылдық мерзімді қамтиды. Бұл ойынға ұқсас ойындар Қырғызстан, Индонезия, Вьетнам, Малазия, Марокко және Түркияда кездеседі. Бестемше туралы мәліметтер өте аз. Ойын туралы «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде былай делінеді: «Тоғызқұмалақ ойынының бірнеше түрі бар. Оның балаларға арналған қарапайым, түрлерін «қоздату», «б е с т е м ш е» деп атайды (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 46) .

Slide 3

Бестемшенің тас тақтасы

Slide 4

Диуани Лұғатит ат-турк

Тоғызқұмалақ ойындарының тарихы 4 мыңжылдық кезеңді қамтығанымен, нақты жазба деректерінің болмауы кесірінен ойынның хронологиялық кезеңдері бірізді емес. Ауыз әдебиеті үлгілері мен аңыз-эпсаналарда ғана тоғызқұмалақ туралы мәліметтер бар, бестемше туралы жоқ. Ең алғашқы жазба әдебиет үлгісі ретінде Махмуд Қашғаридің Диани Луғатит-ат-турк шығармасын айтуға болады. Шығарма ХІ ғасырда жазылған. Осы еңбекте Бестемше ойынына ұқсас ойын - «көшүрме» деген атпен ұшырайды.

Slide 5

Диуани Лұғатит ат-турк

Slide 6

ОЙЫН СИПАТЫ

Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 орда, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір орда, бес отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны - бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны - қостаушы деп атайды.

Slide 7

БАСТАПҚЫ ПОЗИЦИЯ

Slide 8

НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

І. Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны келісімімен анықталады.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар шарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

Slide 9

ЖҮРІС ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ

Тарату сәтінде аттар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы шар қарсыластың тақ санды шары бар отауына түсіп, ондағы шарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы шарлар ұтып алынып, өз ордамызға салынады. Егер соңғы шар қарсыластың отауына түсіп, ондағы шардың саны тақ болса немесе өз отауымызға түссе, шар ұтып алынбайды.

Slide 10

Мәселен, бастаушының №4 отауынан бастап таратайық. Сонда осы отаудағы шарларды таратқанда қарсыластың №3 отауына түсіп, онда 6 шар болады. Сонда төмендегі позиция пайда болады

Slide 11

Егер қостаушыда № 4 отаудағы 5 шарын таратса, онда төмендегі жағдай қалыптасады. Екі ойыншының ордасында 6 шардан бар.

Slide 12

Бастаушы осы позициядан кейін, № 5 отаудағы 6 шарды таратса, төмендегідей позиция пайда болады. Бұл жай жүріс.

Slide 13

Қостаушы №5 отаудағы 7 шарын таратса, онда өзінің № 1 отауына түсіп, 8 болады. Бірақ ешнарсе ұтып алынбайды.

Slide 14

Отаудағы жалғыз шар көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

Slide 15

Осы позицияда қостаушы № 5 отаудағы бір шарды жүрсе, орны бос қалып, қарсыластың отауынан 2 шар ұтып алады.

Slide 16

ІІІ. “Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы шарлар таусыла бастайды. Әр шар ұтып алынған сайын жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

Ойыншылардың бірінің отауларындағы шарды бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы - атсырау деп аталады.

Slide 17

Мысалы, Бастаушы № 5 отаудағы 1 шарды жүрсе, орны бос қалады.

Slide 18

Сонда төмендегі позиция қалыптасады.

Slide 19

Бастаушының шары таусылды, қостаушы бақылау жүрісін жасап, барлық шарды өз ордасына салып алады. Мәселен, № 2 отаудағы 2 шардың бірін № 3 отауға жүрді.

Slide 20

Ойынның аяқталуы

Slide 21

Көңіл бөлгендеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Slide 22

Бестемше ойынының маңызы

Қазіргі кезде бестемше ойынының шет елдерде кеңінен таралып, мектеп бағдарламаларына енуі - ұлттық ойынның бала тәрбиесінде алатын маңызына байланысты болып отыр. Осыған байланысты, осы ой өнерінің жасөспірім тәрбиесіне беретін қандай маңызды ерекшеліктері бар, соған тоқталайық:

Slide 23

Тоғызқұмалақ ойынының маңызы

Ойлау жүйесін дамыту

Дербестікке үйрету

Жеңілісті дұрыс қабылдауға үйрету

Назарды шоғырландыру

Уақытты тиімді падйлану

Жоспарлау және бас тартуды үйрету

Жадыны жақсарту және есте сақтау қабілетін дамыту

Ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы

Қол моторикасының дамуы

Жан-жақты қалыптасу

Slide 24

Бестемшенің басты маңызы - ойлау жүйесін дамытады

Бестемше ойыны - математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау - оның негізгі өзегі. Сондықтан оқушы ойынды үйрену барысында оның бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бұл кез-келген салада болашақта керек болады. Өйткені өмірде де болашақ істеріңді алдын-ала ойлау - негізгі мәнге ие.

Slide 25

Қол моторикасының дамуы

Бестемше ойынында ұсақ шарларды ұстау кезінде қолқозғалысы арқылы ми және жүйке талшықтарына әсер етеді. Сонымен қатар, ойын барысында қол қозғалысының жылдамдығы сағатты басу кезінде ойын тағдырына да әсер етеді. Қол моторикасын дамыту - өз саулығыңызды үнемі зияткер ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Slide 26

Жан-жақты қалыптасу

Осы жоғарыдағы қабілеттердің дамуының арқасында болашақта бала жан-жақты жетілген тұлға боп қалыптасады. Оқу үлгерімінің артуы, ақыл-ой белсенділігінің дамуы, бәсекеге қабілеттілікке бейімделуі, имидж қалыптасуы барлығы ұлттық ойынның беретін маңызы болып табылады.

Slide 27

Насихатталуы

Бестемше - қазақ халқының ұлттық ақыл-ой ойыны. Тамыры тереңнен нәр алған бұл ойын бүгінгі күні көптеген елдерде насихатталып отыр. Қазақстан, Қытай, Ресей, Чехия, Түркия, Румыния және тағы басқа елдер. Чехияда зияткерлік ойындар фестивалі бағдарламасында шілде айында жыл сайын халықаралық жарыс өткізіледі. Халықаралық шаралар Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан елдерінде өткізілді.

Slide 28

Бестемше балабақшада

Нұр-сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен 2021 жылдың тамыз айынан бастап 15 мемлекеттік балабақшада бестемше ойыны вариативті сабақ ретінде енгізілді. Осы 15 балабақшаның тәрбиешілеріне “Qazintellect” зияткерлік ойындар орталығы мамандары шеберлік семинарын өткізді. Сондай-ақ арнайы балабақша шәкірттеріне арналған әдістемелік құрал дайындалды. Бұл сабақ аптасына екі күн таңғы уақыттарда 30 минуттан жүргізіледі. ҚАзіргі кезде бестемше ойынын үйретуші балабақша саны 45-ке жетті.

Slide 29

Бестемше балабақшада


Ұқсас жұмыстар
Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру
Қария сөзі - тәрбие көзі
Ана тәрбиесі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Қазақ халық әдебиеті
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар,қанатты сөздер
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар .(Отбасындағы бала тәрбиесі)
ҚАЛА МЕН АУЫЛДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
Бала тәрбиесіндегі Отбасы рөлі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар:бала тәрбиесінде нақыл, қанатты,шешендік сөздер қолдану;халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz