ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА


Slide 1

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.

XVIII ғ. - ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті

«ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ" КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫЛАРЫ КУАНДЫКОВА Э. Д., МУСАБЕКОВА Г. К.

Slide 2

2. Ортағасырлардағы түркі мәдениеті және оның ерекшеліктері.

3. Хандық дәуірдегі ақындар мен жыраулар шығармашылығы.

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

1. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Қазақстан жеріндегі көне тайпалар мәдениеті: әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, тұрмыс-тіршілігі.

3. XVIII ғасыр - ХIХ ғасырдың соңы аралығындағы қазақ мәдениеті.

Slide 3

Мәдениет - әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым. Әрбір ұлттық мәдениет адамдандарылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік тарихи ағынның өрісі болып табылады. Қазақтың ұлттық төл мәдениеті көшпелі түркі мәдениетінің жалғасы болып табылады.

Номадизм - көшпелі түркілердің шаруашылық қызметінің аса маңызды саласы, кеңістіктегі адамдар тобының көшіп - қонуы. Қазақ көшпелілерінің көшу жүйесінде қыстау, көктеу, жайлау және күздеу тәрізді айналып көшу жүйесі қалыптасқан. Көне Қазақстан аймағындағы көшпелі мал шаруашылығын б. д. д. 1 - ші мыңжылдыққа жатқызамыз. Соның негізінде мал шаруашылығының үш типін анықтаймыз: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 4

Көшпенділік - шаруашылық қызметтің ерекше түрі және онымен байланысты қоғам түрі, онда халықтың көпшілігі экстенсивті көшпелі мал шаруашылығымен айналысады. Көшпелілікті үш басты белгімен байланыстырған жөн:

шаруашылық қызметтің басты түрі ретінде экстенсивті мал шаруашылығы;

2) халықтың басым бөлігінің мерзімді қоныс аударуы;

3) ерекше материалдық мәдениет, қоғам типі және дүниетанымы.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 5

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ-КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚ ТАРИХЫНЫҢ КӨРІНІСІ. МЫҢДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫМЕН КӨШПЕЛІЛЕР ТАЙПАЛАРЫ ЖҮРІП ӨТТІ, ОЛАР ӨЗДЕРІНІҢ БІРЕГЕЙ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ, ӨЗІНДІК САЛТТАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ, КӨРШІЛЕС ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БОЛДЫ.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 6

КИІЗ ҮЙ

Қазақтың материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі - киіз үй.

Киіз үй - көшпенділер үйі. Бұл оңай және тез жиналатын, содан кейін бөлшектеліп, жылқылар мен түйелерге жүктеліп, жаңа

жайылымдарға баратын үй. Ол төрт элементтен тұрады: киіз үйдің қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат (кереге) ; киіз үйдің төбесі (шаңырақ), шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар (уық), киіз үйдің ағаш есігі (сықырлауық) . Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 7

Қазақ мәдениетінің негізі

болған көшпелі өмір салты халық қолөнерінде өз ізін қалдырды. Адамдар бір

жерден екінші жерге жүріп, жолда ұзақ тұру үшін барлық нәрсені жасады.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Қазақстан қолөнерінің

ішінде, ең алдымен, жолда тұруға және жайлылық жасауға көмектесетін түрлер -

ағаш өңдеу, жылқыларға арналған жабдықтар мен киіз үйлердің үстіңгі қабаттарына

арналған киімдер ерекшеленеді.

Жазда өте ыстық және желдің салдарынан қыста шыдамсыз суық болған кезде, қазақтар былғарыдан, аң терісінен және жануарлардың

жүндерінен жасалған жылы киімдер мен бас киімдер тігуді қолға алды. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көініс тапты. Киім киюдің де

өзіндік рәсімі болған.

Халық інжу - көзді шел басудан, көз суйелінен; құлпырма

тас көз тиюден, маржан - азғындыққа түсуден, дүр тасы - жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген,

әйелдін қолындағы жүзікті ас адалдығынын кепілі деп білген. Сондай-ақ, темір ұстасы мен зергерлік

шеберлік кең таралды.

Slide 8

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, өз тарихында дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның күй-жайын жете түсінген және өзіне тән рухани мұра жасай білген.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Халық өз шығармаларында адамның көңіл-күйін, қуанышы мен ренішін, қайры-қасіретін, сүйініші мен күйінішін, достығы мен махаббатын, сенімі мен үмітін, мұраты мен мақсатын бейнеледі.

Қазақ халқының руханилығы аңыз әңгімелер, жыр дастандары, поэзиясы арқылы ауыз екі таралып күні бүгінгіжаңа заманға дейін жетті. Өзінің бастауын сонау б. з. дейінгі VII ғасырдан бастап б. з. ІІ ғасырына дейін өмір сүрген сақтар әулетінен бастау алғаны тарихта айқындалды.

ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ

Slide 9

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуына мифологиялық (аңыз) ертегілері; хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс-салт)

ертегілерінің де әсері өте үлкен роль атқарды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда, адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кезінде туған.

Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте қарапайым болған. Күн, ай, от пен судың жойқын қүштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген.

Slide 10

Көне түріктердің нанымында ерекше

орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған.

Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әртүрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне Тәңірдей сиыну елеулі орын алған. Түріктер өзінің төтемі ретінде әсіресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бұл аңның төтемдік сипаты өз көрінісін түрік қағаздарынан патшалық рәміздерінен тапты: олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын «бөрілер» деп атаған.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 11

XVІ-XVІІ ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да, оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған да халық арасынан шыққан дарынды адамдар - ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Жыраулар поэзиясы - ауызша және жазбаша сөз өнері поэзияның көшпелі тұрмыс мәдениеті жағдайындағы өзгеше құбылысы.

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Slide 12

Қазақ әдебиеті

тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

1. Жыраулар кезеңі

(XV ғасыр - XVIII ғасырдың бірінші жартысы) .

2. Ақындық кезең

(XVIII ғасырдың екінші жартысы - XIX ғасырдың бірінші жартысы) .

3. Айтыс кезеңі

(XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы) .

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Slide 13

Жыраулар мектебінің белгілі


Ұқсас жұмыстар
Рухани мәдениеті
Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік, стилистикалық жаттығулардың маңызы
Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері
Баспасөз тілі мәдениеті
Дәстүрлі қазақ мәдениеті
Философиясы және еңбектері
Қазақ мәдениеті өркениеттік болмысы
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz