Демократиялық партиясы



Саяси партиялар мен қозғалыстар
Айдарбаева Раушан Қайса қызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Жоспар
1. Саяси партиялардың түсінігі, белгілері және функциялары.
2. Саяси партиялардың жіктелуі. Партиялық жүйе
3. Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы
4. Лоббизм

Саяси партия - қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптарының мүдделерін білдіретін, белгілі бір топтың немесе таптың ең белсенді өкілдерінен тұратын және саяси мақсаттарға жету үшін құрылған (билікке жету, саяси жүйені өзгерту және т. б. ) ерікті саяси ұйымдар
«Партия» деген сөзді латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» деген мағынаны білдіреді.

Партиялардың даму кезеңдері
Тұңғыш алғашқы партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастаған
Аристократиялық үйірмелер
Саяси клубтар
Көпшілік партиялар
Жер иелерінің мақсатын құрайды.
Буржуазияның мүддесін қорғайды.
Көпшілікпен байланысты болып, барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады.
Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді көрсетті:

Саяси партиялардың негізгі белгілері
Кез келген партияның басты мақсаты - саяси билікке қол жеткізу;
партияның мақсаты мен міндеттері тұжырымдалған құжат - саяси бағдарламасы бар;
Айқындалған ішкі құрылымы бар: жарғысы - ішкі партиялық өмірдің маңызды нормалары бекітілген құжат; партияның орталық және жергілікті басқару органдары; партияға мүшелік;
Әрбір партия сайлауға қатысып, халықтың қолдауын қамтамасыз етуге тырысады

Партиялардың қоғамның саяси өміріндегі функциялары
1. Саяси функциялар - партияның мемлекеттік билікті алу үшін әзірленген саяси, экономикалық және басқа бағдарламаларды іске асыру;
2. Репрезентативті функция - әрбір партия белгілі бір әлеуметтік топтың немесе таптың мүдделерін көрсетеді.
3. Сайлау функциясы - кез-келген партия сайлауға белсенді қатысады, билікті талап етіп, сайлаушыларды өзіне мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысады;
4. Саяси әлеуметтену - саяси партиялар халық арасында белсенді үгіт-насихат жүргізеді, өз идеяларын, идеологиясын түсіндіріп, халықтың саяси сауаттылығын арттырады

Саяси партиялардың жіктелуі
Сайлаушылар мен белсенділер санына қарай
(М. Дюверже)
Кадрлық
Бұқаралық

Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты
Сайлаушылар партиясы
Авангардтық партия
Қауымдастық партиясы
Парламенттік партия

Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси идеологиясына қарай
Коммунистік
Буржуазиялық-демократиялық
Фашистік
Консервативтік
Социал-демократиялық

Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси өмірдегі алатын орнына қарай
Билеуші
Оппозициялық

Саяси партиялардың жіктелуі
Жұмыс істеу жағдайына байланысты
Ресми
Құпия
Жартылай ресми

Саяси партиялардың жіктелуі
Басты идеологиялық бағытында қарай
Революциялық
Реакциялық
Консервативтік
Реформистік

Саяси партиялардың жіктелуі
Саяси тәртіпті қолдануына байланысты
Демократиялық
Тоталитарлық
Авторитарлық

Партиялық жүйе
Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады.
Партиялық жүйенің типтері:
Бірпартиялық;
Екіпартиялық;
Көппартиялық;

Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.
КСРО
ВЬЕТНАМ
ҚЫТАЙ
ГИТЛЕРЛІК ГЕРМАНИЯ

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.
АҚШ -
демократиялық және республикалық

Сұрақ:
АҚШ-тың қазіргі президенті кім және қай партияның өкілі?

Демократ Джо Байден - АҚШ - тың 46-президенті

Ұлыбританияның екіпартиялық жүйесі: консерваторлар мен либералдар

Сұрақ:
Ұлыбританияның қазіргі премьер министрі кім және қай партияның өкілі?

Консерватор Борис Джонсон:

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады.
Көппартиялық жүйе Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тараған. Мысалы, Италияда - 14, Голландияда - 12, Швеция, Дания, Норвегияда -5-тен артық патрия бар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨППАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Қазақстанда ресми тіркелген 6 саяси партия бар:
«Нұр Отан» партиясы
«Адал»саяси партиясы
«Ақ жол» демократиялық партиясы
«Ауыл» патриоттар партиясы
Қазақстанның Халықтық партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨППАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Nur Otan ("Нұр Отан") - Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы»
Партия төрағасы - Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан.
Қазақстанның халық партиясы - Қазақстан коммунистік партиясының бөлшектенуі себепті пайда болды. 2020 жылға дейін Қазақстанның коммунистік халық партиясы аталып келді.
Партия төрағасы болып Айқын Қоңыров

«ADAL» партиясы - 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп «Бірлік»партиясын құрды. 2020 ж. 19 қарашасында партия съезінде партия аты «» АДАЛ болып өзгертілді.
Партия төрағасы - Серік Сұлтанғали
Партияның бағдарламасы:
Халықтың өмір сапасын көтеру;
Кәсіпкерлік - дамыған мемлекеттің іргетасы
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру
Өмірге қолайлы мемлекет
Өңірлердің өркендеуі - қуатты мемлекет діңгегі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz