Тұлғалық белгілер




Презентация қосу
ТҰЛҒА
Орындаған:Слан Нұрсағын,Садвокасов
Дамир,Тауманов Бауыржан,Нұртай
Ғасыржан,Әбдіманапұлы Тілеухан
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып,
адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның
әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-
қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.[
Философиялық түсінік бойынша
Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-
адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады.
Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология
ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып,
оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе
болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-
таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы
мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық
мағына сыйғызады.
ИНДИВИД, ТҰЛҒА,
ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып
жүрушісі. Нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид»
түснігін қолданылады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын
қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге
сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) –
мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және
сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл
анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде
әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.
Психологиялық түсінік бойынша
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық
ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені
адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз
бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен
айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар
адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық
шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады.
Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше
қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа
кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғааралық қатынас
Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық
дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық
қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен
өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік,
білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме
жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де
адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Тұлғалық белгілер
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін,
психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын
сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер
теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған
терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-
әрекетін бағдарлайтын және нақты бар
жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты
түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның
бағыттылығы оның мүлделерімен,
бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен
сипатталады және бұлар арқылы адамның
дүниетанымы білінеді.

Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері
тұрғысынан екі мағынаға ие:
1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі
саласына жауапкершілікпен қатысуға
тәрбиелейді;
2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді
дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен
оңтайлы логикалық-эмоциялық-
психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Тұлғаның имплицитті теориясы
Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір
тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің
негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі
ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның
имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда,
олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде
қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын,
құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын
өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.

Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қарым қатынастардың жалпы заңдылықтары
Тұлға аралық конфликт және оның шешу жолдары
Тұлғаның әлеуметтануы
Тұлға теориясы
Бұқаралық мәдениет
Тұлға
Тұлғалық - бағдарлы оқыту
Психодиагностикалық инструменттердің классификациясы
Тұлғалық белгілер және оның мәдениетпен байланысы
Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект
Пәндер