Адайдың жеті қайқысы, өмірі мен шығармашылықтары




Презентация қосу
Дәріс № 13

Тақырып: Адайдың жеті қайқысы,
өмірі мен шығармашылықтары

Лауазымы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Кафедра: «Қазақ филологиясы» Отарова Ақмарал Нұрғожақызы
Жосп
ар:
1. Сал-серілер поэзиясы, Адайдың 7 қайқысы
туралы зерттеулер, жинақталуы
2. «Адайдың жеті қайқысы» атауының шығу
тарихы
3. Өскінбай Қалманбетұлы, Жылгелді
Теңізбайұлы, Шолтаман Байсарыұлы, Тұрсын
Алдашұлы өмір деректері мен
шығармашылығы
4. Досат Бәймембетұлы, Тастемір Боранқұлұлы,
Әділ Өтеғұлұлы өмір жолы, шығармашылығы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде
Маңғыстау түбегінде өмір сүрген, жыр айтып, домбыра тартып,
халықты туа біткен өнерімен таңдай қақтырған, атақ-даңқтары,
Маңғыстау, Атырау, Теке, Ақтөбе, Орынбор өңірімен қоса, көрші
елдерге де мәлім болған «Адайдың жеті қайқысы» - КІМДЕР?

Жаңай -Өскінбай Қалмамбетұлы (1860-1925)

Медет-Жылгелді Теңізбайұлы (1855-1938)

Жары-Шолтаман Байсарыұлы

Қаржау - Тұрсын Алдашұлы

Мая - Досат Бәймембетұлы

Жаманадай-Тастемір Боранқұлұлы

Кенже-Әділ Өтеғұлұлы (1869-1931)
«Жеті қайқы» әндерін біздің дәуірімізге жеткізген әншілер

Қонаршиев Қарағұл, Жұмабаев Имақша,
Қалмағанбетов Қайырбай, Нұраханов Құрмаш
Күріш Тасболатов, Ізбасар Шыртанов, Қыраубай Домбаев

«Жеті қайқы», «Досат»,
«Оймауыт», «Құнан нар»
сияқты әндерді А. Затаевич
нотаға түсіріп,
«Қазақ халқының 1000 әні»
(Орынбор,1925) жинағында
жариялаған.
«Адайдың жеті қайқысы» атауының шығу тарихы

В.И.Вербицкийдің «Словарь
алтайского и аладагского
наречий тюркского языка»
(1884) сөздігінен: «...алтай,
аладаг тілдерінде «қайқы» –
тамаша, керемет, қуман
диалектісінде де «қайқу» сөзі
осындай мағынада
жүретіндігін айтқан
зерттеуші Ш.Керімов
В.И.Рассадиннің «Фонетика и
лексика тофаларского языка»
(1971) еңбегінде хакас тілінде
«хай қастық» – таңданарлық,
ғажап; тофоларда «қайһа» –
таңдану, таңырқау деген
ұғымды білдіреді», - деген
Өскінбай Қалмамбетұлы (1860-1925)

Күйлері

«Жаңылтпаш» «Шоқай»

«Кербез Айша» «Жирен жорға»

«Шөлмек
«Жеті бұлбұл»
сынған»

Өскінбай мұраларын академик қорына,
жинаушыларына табыс еткен бел баласы Мұрат Өскінбаев.
Өскінбайдың өлең, толғаулары, А. Жұбановтың
«Қазақтың халық композиторы» (1962), «Ақберен» (1972),
«ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы»(1985) жинақтарында
жарияланған.
.
Жылгелді Теңізбайұлы (1855-1938)

Әндері,
толғаулары

«Дәурен» «Құнан нар»

«Ағилаш» «Ақзер»

«Жұт итке»

Қазіргі уақытта Жылгелдінің Белгібай (1905), Қошан (1911)
атты балаларынан өрбіген Мендібай, Теңелбайлар Қулы-
Маякта тұрады.
Жылгелдінің өзге қайқылардан ерекшелігі – сол замандағы
тарихи жағдайға қатысты ел басына түскен қиын-қыстау
кезеңді жырлайтын «Жұт итке» атты толғауы.
Шолтаман Байсарыұлы

Әндері

«Дәләйшім» «Сарыөзен»

«Көкжөтел» «Дөңасар»

«Жайма
қоңыр»

Әнші өз әндерін мазмұндық сипатына қарай үш топқа бөліп
отырады екен. Мысалы: «Дөңасар» - ат үстінде желіске салып
келе жатып айтатын ән. «Сарыөзен» - жиын-тойда айтылатын
ән. «Жайма қоңыр» - отбасы балаларымен үйде отырғанда
айтылатын ән. Бұлай әндерін саралауы әншінің бір ерекшелігі
деп білеміз.
Тұрсын Алдашұлы

Әндері

«Тас астау» «Көл қайнар»

«Шандоз
«Оймауыт»
қызға»

«Айырық»

Өнерлі ордада «Адайдың ілме қағысы» деген ерекше қағыс
болатын көрінеді сол заманда. Ал Тұрсынның қағысы
өзгелерден бөлек, сиқырлы қағыс болған екен. Бұл қағыстың
өзі – бір әуен. Тұрсынның ән орындауы да өзге қайқылардан
ерекше болғаны соншалық, тіпті ел «Тұрсын қағыс» деп
ерекшелеп айтқан көрінеді.
Досат Бәймембетұлы

Әндері

«Досаттың әні» «Босмойын»

«Жамал-ай» «Тәтті қыз»

Досат шығармаларының басты тақырыбы – махаббат
немесе ғашықтық лирикаға жатады. Өмірінде кезіккен әйелдер
бейнесін әніне арқау еткен Досат туындылары эстетикалық
көркемдікке бай болып келеді. Сұлулыққа жаны жақын табиғи
таланты бар өнер саңлағының әндері халық аузында өзіндік
ерекшелігімен айтылып жүр.
Тастемір Боранқұлұлы

Тастемір шығармаларынан бүгінге дейін бір
ғана «Маңғыстау» әні жеткен. Бұл әнді әнші
К.Тасболатов орындайды.
Сөзі былай:
Тастемір – өзім атым, ағам – Нұрым,
Алқада кім сөйлейді бізден бұрын.
Ағамның бар кезінде сөйлегем жоқ,
Қазақтың нақыл сөзін еттім ырым.
Маңғыстау, құлазырсың із кеткен соң,
Тартады жүзің солғын күз жеткен соң.
Бөктеріп қанжығама кетер едім,
Күнелтер қалай халқың біз кеткен соң, -
деп «Аға тұрып, іні сөйлегеннен без» дегенді
ұстанып, өзінің мұңды сағынышқа толы, кім-
кімнің де туған жерге деген махаббатын
арттырар, сезім қылын шертер, тіпті,
айтушысын тапса – көзден жас шығарар
«Маңғыстау» әні осыдан қалған екен.
Әділ Өтеғұлұлы (1869-1931)

Әділдің «Жайма қоңыр» әнінен:
Жарасқан ақ сұр атқа қара терлік,
Жігітке жараспайды төтен ерлік.
Жабыққан жамандардың ісі дейді,
Көңілді айтып өлең көтерелік...

Зерттеуші І.Шыртановтың айтуынша, «Әділдің
қара әні» деп аталатын әнді Шамғұл
Ибрагимов ақсақал орындаған. Қазіргі кезде
Күріш Тасболатовтың да репертуарында
айтылып жүрген ән. Әннің сөзі былай:
Түйені ойпаң жерге шөгергенмін,
Соңына салқамдардың көп ергенмін.
Жарты құрт жан қалтадан жарып жеген,
Құрбыдан сөйтіп жүрген не көргенмін?
Ақбоз ат астымдағы міндім пәмге,
Асынып шұбар мылтық жүрдім сәнге.
Жәй тастап, қоңырлатып, шарықтатып,
Тұсынан қызды ауылдың салдым әнге...

Ұқсас жұмыстар
Шернияз - Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы
Өмірі туралы мәлімет
ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ
XX ғасырдағы Қазақстанда кино өнерінің дамуы
Дарынды және талантты баланы анықтау
Сыр сандық өлеңі
Сәкен Сейфуллин "Сыр сандық" өлеңі
Ұлттық әдебиеттегі Мағжан ( Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан шығарлары)
Жаза тағайындаудың тәртібі мен ерекшеліктері
XX ғасыр әдебиеті
Пәндер