Оқытудың инновациялық әдістері



Инновациялық білім беру технологиясы

1-ші КҮН
Танысу
Инновацилық білім беру технологиясы
Оқытудың дәстүрлі әдістері
Оқытудың инновациялық әдістері

Инновация - (латынның «innovation» - жаңаны енгізу, өзгерту, жаңарту) жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға өзгеруін тудыратын, енгізу ортасына жаңа элементтерді мақсатты түрде енгізетін жаңа нәрсені құру, игеру, қолдану және тарату бойынша іс-әрекет
Инновациялық технология - бұл білім беру жүйесі үшін жаңа өндіріс немесе жаңа нәрсені ойлап табу
Білім берудегі инновациялық технология - бұл білім берудегі тиімділіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін және сапалы түрдегі әдістер, тәсілдер, қағидалар мен технологиялардан құрылған білім беру үрдісін ұйымдастыру

Білім берудің қазіргі заманғы формуласы
Білім АЛУ →
Оны ҚОЛДАНУ →
Жаңа білімдерді ТУДЫРУ

«Жақсы толыққан миға қарағанда, жақсы реттелген ми жоғары бағаланады»
М. Монтень

Инновациялық технологияның мақсаты:
өз іс-әрекетінің жоспарын өзі құруын;
өз міндеттерін шешу үшін қажетті ақпараттарды өзі табуы;
ақпарат ала және бере білу;
өз еңбегінің нәтижесін сапалы, тиімді көрсете білу;
кез-келген таныс емес кәсіби салада дұрыс шешім таба білу.
техникалық құралдарды (компьютер, сканер т. б. ) кез-келген жағдайда пайдалана білуге үйрету.


Оқытудың дәстүрлі әдістері
Оқытушының ақпараттық-көрнекі қызметіне (әңгіме, көрсету, пікірлесу) және білім алушының репродуктивтік әрекетіне НЕГІЗДЕЛЕДІ. Білім алушы өзіне таныс емес фактілермен танысады, пайымдай отырып, міндеттерді шешеді және оларды ой елегінен өткізеді, сонымен қатар қолданады. Бұл кезде студент ДАЙЫН БІЛІМДІ алып отырғандықтан, оның ассоциациялық жадысы ғана жұмыс істейді.

Оқытудың дәстүрлі әдістері
Дәріс
Семинар
Кеңестер беру
Оқу дискуссиясы
Кітаппен жұмыс
Көрсету (көрнекіліктер арқылы)
Жаттығулар
Лабораториялық жұмыс
Практикалық жұмыс
Өзіндік жұмыс

Оқытудың дәстүрлі әдістерінің басты кемшілігі:
бұл - білім алушылардың бір-біріне жалғасы жоқ, тез ұмыт болатын білім-көшірмені алуы. Ақпараттық-репродуктивтік оқыту дамытушы болып табылмайды.

Дәстүрлі оқытудың кемшіліктері
1) материалды игерудің ынталы жалпы қарқыны;
2) білім алушылар игеретін білім көлемінің бірыңғай болуы;
3) білім алушылардың материалды өз бетінше емес, дайын күйінде игеруі, салдарынан білім алушының «ойлау қабілеті төмендейді»;
4) оқытушы өзінің берген білімін білім алушының толық игеріп жатқанын мүлдем білмеуі;

Дәстүрлі оқытудың кемшіліктері
5) материалды баяндауда ауызша әдістердің басым болуы, бұл білім алушының назарын шашыратады;
6) оқу материалдарының жеткілікті түрде ретті болмауынан білім алушылар оқулықпен жұмыс істеуде қиыншылық тудырады;
7) материалды жаттап айту қажет болғандықтан, жадыға басым салмақ түсіру.

Инновациялық оқытудың ерекшеліктері:
Білім алушының ойлау белсенділігін арттыру;
Дамудың алдын алып, озық болуға жұмыс істеу;
Тұлғаға, оның дамуына бағытталуы;
Мақсатқа жетуге ынталандыру;
Міндетті түрде шығармашылық элементтерінің болуы;
Нақты өмірде болатын жағдайды жобалау;
Оқытушы мен білім алушы арасындағы үздіксіз байланыс;
Түпкі мақсатқа жетуге арнайы жол салу.

ЯҒНИ, БІЗ ӨТЕМІЗ

Сіз бір нәрсені оқығаннан кейін, сіз 10 %-ын есте сақтап қаласыз;
Сіз бір нәрсені естігеннен кейін, сіз 20 %-ын есте сақтап қаласыз;
Сіз бір нәрсені көргеннен кейін, сіз 30 %-ын есте сақтап қаласыз;
Сіз бір нәрсені көргеннен және естігеннен кейін, сіз 50 %-ын есте сақтап қаласыз;
Сіз бір нәрсені өзіңіз жасағаннан кейін, сіз 70%-ын есте сақтап қаласыз;
Сіз бір нәрсені өзіңіз жасағаннан кейін, және оны басқа біреулерге түсіндіргеннен кейін сіз 90%-ын есте сақтап қаласыз.

Оқытудың үш моделі: 1) пассивті - білім алушы «объект» рөлінде (тыңдайды және көреді)
Оқытушы
Студент
Студент
Студент

Белсенді - білім алушы «субъект» ретінде (өзіндік жұмыс, шығармашылық тапсырмалар)
Оқытушы
Студент
Студент
Студент

ИНТЕРАКТИВТІ - білім алушы ықпал ету объектісінен өзара ықпал ету субъектісіне айналады
Оқытушы
Студент
Студент
Студент

Инновациялық үрдіс заңдары
Педагогикалық инновациялық ортаның қайтымсыз тұрақсыздану заңы;
Инновациялық үрдістің соңғы (мәрелік) іске асу заңы;
Педагогикалық инновациның стереотиптену заңы;
Педагогикалық инновациның жаңа жағдайлардағы циклдік қайталану және қайта айналып келу заңы

Инновациялық үрдістің қағидалары
Білім беру жүйесі жағдайының басқармалық инновациялық өзгеру қағидасы;
Ақпараттық, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыздық қағидасы;
Үрдістердің қайтымдылығын және қайтымсыздығын болжау қағидасы;
Инновацилық үрдістердің тұрақтылығын күшейту қағидасы;
Білім берудегі жаңа енгізілім үрдісін дамытуды жетілдіру қағидасы.

Оқытушының инновациялық іс-әрекет деңгейлері

“Педагог-қамқоршыдан” “педагог-менеджерге” ауысу тұжырымдамасы
Сипаттама
“педагог-қамқоршы”
“педагог-менеджер”
Білім алушыға деген қарым-қатынасы
“Бастысы-баланы сүю, және оны өзім қалағандай ету”
“Бастысы-баланы сыйлау, оның даму қажеттіліктеріне бағдар беру”
Әсер етудегі стратегиялық тәсіл
“Мен қалай айттым, солай жаса”
“Сен басты ережелер мен салдарын білесің, енді таңдауды өзің жаса”
Оқу материалын беру тәсілін таңдау
Оқу бағдарламасы мен оқу құралына бағытталған
Білім алушылардың қажеттіліктеріне бағытталған
Бағалау тәсілі
Білім алушыларды бір-бірімен салыстыру және бекітілген тәртіп бойынша бағалау
Білім алушылардың жетістігін алдыңғы жетістіктерімен салыстыру
Қорытынды бағалау
Оқытушы өзінің жеке пікірі бойынша бағалайды
Тест - мұнда педагогтың пікірі әсер етпейді.

Оқытудың инновациялық әдістері
Шағын топтармен жұмыс
Жобалық технология
Case-study (нақты жағдайларға талдау жасау)
Рольдік және іскерлік ойындар
Ой талқы
Мастер класс
Модульдік оқыту
Проблемалық оқыту
Өзіндік жұмыс
Тәжірибе негізінде оқыту
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
(IT- әдістер)

Шағын топтармен жұмыс
Іс-әрекет түрін және тапсырмаларды нақты белгілеп алу;
Шағын топ құру (3-5 адам немесе одан да көп болуы мүмкін) ;
Нақты нұсқаулар бойынша жұмыс жасау;
Үйлестіру және көмек беру;
Талқылау және тексеру

Жобалық технология
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдау; - өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіру; - мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйрену; - аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдылану; - өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдылану; - шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше білу; -өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысу.

Case-study
Case-study - шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология
МАҚСАТЫ:
Білім алушының бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;
Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
Ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету;
Үрдістің аяқталуы - ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең үздігін таңдап алу

Рөлдік және іскерлік ойындар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz