Шығу тарихы



Телефон
Орындаған:Көшербай Қ
Экл15-1

Жоспары
1. Шығу тарихы
2. Түрлері
3. Ұялы телефонның артықшылығы
4. Ұялы телефонның кемшілігі
5. Телефонды дұрыс қолдану
6. Қызықты мәліметтер
7. Қорытынды

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Александр Грейам Белл
Шығу тарихы

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1, 15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефон/смартфон
Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т. б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart - білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т. с. с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

1) Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда
адаммен хабарласа алады.
2) Ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзіңізбен ұстай аласыз
3) Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде отырамыз
4) Оқыс жагдайға ұшырасақ (көлік апаты, ұрлық, кездесуге уақытылы улгере
алмаған жағдайда, өз өміріңе- жақындарыңа қауіп төнген жагдайда, өз
денсаулығыңа қауіп төнген жагдайда) бірінші қолға ұстайынымыз ұялы телефон
5) Біреудің өліміне куәгер болсаңыз дәлел сіздің қолыңыздағы ұялы телефонның
бейнекамерасы
6) Адам ұрланған жағдайда оның ұялы телефонының чипы арқылы орналасуын
тауып алуға болады
7) Оқыс жағдайға өз сөзіңіздің растығын дәлелдейтін бірден -бір айғақ ұялы
телефонның камерасы
8) Дүкендердегі киім, әшекей бұйымдар, ойыншықтар, үй жиғаздары, кітаптар, т. б
заттар ұнап жатса ұялы телефонының интернеті арқылы тапсырыс беруге болады.
9) Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бір- бірін көріп сөйлесуге болады
Ұялы телефонның артықшылығы

1 ) Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.
2) Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
3) АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды. . . »
4) Жас балаларға және егде жастағы кісілерге өте зиянды.
5) Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.
6. Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидықатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін
7. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және
Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.
8) Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы
түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі
аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.
Ұялы телефонның кемшілігі


"Канцерогенді болуы мүмкін" - Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз. Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз. Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз. Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады. Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.


1) Телефон арқылы көбінесе далада сөйлесуге тырысыңыз. Себебі радиотолқындар қабырғалы бөлмеде тежеліп, еркін әрі кедергісіз сөйлесуге мүмкіндік бермейді. 2) Телефон трубкасын тікелей құлаққа тіреп сөйлеспеңіз. Себебі ол сіздің есту мүшеңізге нұқсан келтіруі бек мүмкін. 3) Телефонды қолданған кезде трубканың астыңғы бөлігінен ұстаңыз. Себебі телефон аппаратындағы антенна оның үстіңгі бөлігінде орналасқан. 4) Телефонды тік тұрған күйінде қолданыңыз. Солай сіз телефонға келетін толқындарды 3 есеге дейін кемітесіз. 5) Телефон гуілдерін (гудоктар) тыңдамаңыз. Себебі дәл сол гуілдер кезінде ұялы телефон өзінің максималды күшін пайдаланып, жұмыс істейді. 6) SAR-ы төмен ұялы телефонды қолдануға тырысыңыз. SAR дегеніміз - электромагниттік энергия жұтылуының меншікті сыйымдылық коэффициенті. Қарапайым тілде айтсақ, салмағына қарай тоқтың жұмсалуы. 7) Телефонды қолданғанда оны көздің бойымен және жақын қылмай ұстау керек. Сонда ғана сіздің көзіңіз де ауырмайтын болады, мойныңыз да қисаймайды.

«Смартфон» термині тұңғыш рет Ericsson компаниясының 2000 жылы Ericsson R380s жаңа телефонын жарнамалау кезінде шыққан. Құрылғы Symbian OS v5. 1 басқаруында жұмыс істеді және ашып-жабылатын қақпағы бар монохром сенсор экраны болған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz