Қатты денелердің механикалық қозалысы




Презентация қосу
Кафедра: Ақпараттық жүйелер

Тақырыбы: Қатты денелердің
механикалық қозалысы

Орындаған: Тұрғамбаева Айдана
Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а. Қатты денелердің жіктелуі
б.Механикалық қозғалыс
в.Қозғалыстың жалпы түрі
3. Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Қатты дене — қалпы
тұрақтылығымен және
затты құраушы атомдардың
тепе-теңдік жағдайының
маңайындағы аз тербелісі
түрінде болатын жылулық
қозғалысымен,сипатталатын
заттың агрегат күйі.
Қатты денелер әрқашанда өздерiнiң сыртқы пiшiндерiн сақтап
тұра алмайды. Сыртқы күштердiң әсерiнен олардың геометриясы
мен көлемi өзгеруi мүмкiн.
Қатты денлердің жіктелуі
Кейбір заттар әртүрлі жағдайда аморфтық және
кристаллдық қасиеттер білдіреді.
Қатты денелер өзіне түсірілген күштің әсерінен
пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады.
Сыртқы күштер әсері тоқталғаннан кейін толық
жойылатын деформациялар серпімді деформация
(созылу, сығылу) деп аталады.
Кристалдар
Кристалдар – атомдары немесе молекулалары кеңістікте белгілі
орын алып, реттеліп орналасқан қатты денелер. ● Аморф денелерде
атомдардың дәлме – дәл ретті орналасуы жоқ. Тек жақын көрші
атомдар – белгілі бір ретпен орналсады. Бірақ кристалдарға тән
құрылымның қандай да бір элементінің барлық бағытта дәлме – дәл
қайталануы аморф денелерде болмайды.
● Аморфтық денелер

Аморфты денелердің қасиеттері барлық бағыттар бойынша бірдей.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі
бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты. Кристалда
жарықтың таралу жылдамдығы, жылу өткізгіштік коэффициенті,
серпімділік модулі және басқа да физикалық қасиеттері ондағы
бағытқа тәуелді.Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда
да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден
аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана
орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола
алады. Оған мысал кремнийдің қос тотығы Sio2. Бұл Sio2
кристалдары дұрыс кристалдық құрылым түзетін кварц. Ал аморфты
кварц шынының сол элементтерден ғана тұратын құрылымы, яғни
дәл соған жуық тәптіпте болғанымен бұл элементтердің өзара
байланысы әр түрлі, оларда алыс тәртіп жойылған
Кристалдар анизатропиясы. Бірақ
сыртқы пішіні дұрыс болып келуі кристалдың реттелген құрылысының
жалғыз ғана, тіпті ең басты салдары бола алмайды. Бастысы –
физикалық қасиеттердің кристалда таңдалып алынған бағытқа
тәуелділігі. Ең алдымен, кристалдың механикалық беріктігінің әр
түрлі бағытта түрліше болатыны көзге түседі. Сондай – ақ, графит
кристалы қабаттарын да бір бағытта оңай ажыратуға болады.
Қарындашпен жазған кезде, графит қабаттары осылай үздіксіз
ажыратылады да, оның жұқа қабаттары қағаз бетінде қалып отырабы.
Бұлай болу себебі – графиттің кристалл торының құрылымының қат –
қабаты болуына байланысты.

● Қатты денелерді зерттеген кезде табиғатта олардың белгілі
бұрыштармен орналасқан жазық беттерінің болатыны, кей
жағдайларда олардың дұрыс көпбұрыштар түрінде кездесетіні белгілі.
Мұндай қатты денелерді монокристалдар деп атайды (грек, моно -
бір). Көпшілігінде монокристалдардың мөлшерлері өте кішкентай,
әйтсе де олардың арасында улкендері де бар, мысалы тау
хрусталының кейбір монокристалының өлшемі адам бойымен
теңеседі.
Механикалық қозғалыс

Механикалық қозғалыс - дегеніміз уақыт өтуіне қарай дененің
немесе оның кейбір бөліктерінің санақ денесі деп аталатын
басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы.
Зерттелетін нысанның қасиеттеріне байланысты Кинематика:
нүктелер Кинематикасы, қатты денелер Кинематикасы және
үздіксіз өзгеріп отыратын орта (деформаланатын денелердің,
сұйықтықтардың, газдардың) Кинематикасы болып бөлінеді
Қозғалыстың жалпы түрлері:

Кез келген қатты дененің қозғалысы
ілгерілемелі және айналмалы
қозғалыстардан тұрады.
Ілгерілемелі қозғалыс деп – қозғалатын денемен
байланысты түзудің өзіне-өзі параллель
қозғалуын айтады.
Айналмалы қозғалыс деп – дененің барлық
нүктелерінің айналу осі арқылы шеңбер жасай
қозғалуын айтады.
Айналмалы қозғалыс

Айналмалы қозғалыс
Айналмалы қозғалыс дегеніміз қозғалыс кезінде
дененің барлық нүктелері шеңберлер сызатын
және олардың центрлері айналыс осі деп
аталатын бір түзудің бойында жататын
қозғалыс. Жалпы алғанда дене бір мезгілде әрі
ілгерілемелі, әрі айналмалы қозғалыста бола
алады. Айналыс осі денемен салыстырғанда
өзінің орнын өзгерте алады. Мұндай жағдайда
берілген уақыт мезетінде дене лездік осьтен
айналады.
Механикада материалдық денелердің
қозғалысын зерттегенде олардың негізгі
қасиеттерін сипаттайтын ұғымдар:
1.Материалдық нүкте – массасы бар,
геометриялық өлшемдері ескерілмейтін дене;
2.Абсолют қатты дене – кез келген екі
нүктесінің ара қашықтығы барлық жағдайда
тұрақты дене;
3.Өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің,
сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын
зерттегенде олардың молекулалық
құрылымын ескермеуге болатын жағдайда
қолданылатын .
Механикада қозғалыстың негізгі кинематикалық
өлшемдері: нүкте үшін – жылдамдық пен үдеу,
ал қатты дене үшін – ілгерілемелі қозғалыстың
жылдамдығы мен үдеуі және айналмалы
қозғалыстың бұрыштық жылдамдығы мен
бұрыштық үдеуі алынады
Тұтас орта механикасында денеге әсер ететін
күштер беттік немесе көлемдік таралуымен,
яғни күш шамасының дене бетінің ауданына
(беттік күштер үшін) немесе көлеміне
(массалық күштер үшін) қатынасымен, ал сол
ортаның әрбір нүктесінде пайда болатын ішкі
кернеулер жанама және нормаль кернеулер
жиынымен (кернеулер тензорларымен)
анықталады.
Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы
Анықтама. Қозғалушы денемен
өзгерместей бекітілген кез келген кесінді
өзіне-өзі параллель қала берсе катты дене
қозғалысын ілгерілемелі қозғалыс деп атайды.
Ілгерілемелі қозғалыстағы қатты дененің
барлық нүктелерінің кез келген уақыт
кезеңіндегі кинематикалық сипаттамалары
(траекториялары, жылдамдықтары және
үдеулері) бірдей. Ілгерілемелі қозғалыстағы
дене нүктелерінің траекториялары әр түрлі
болуы мүмкін: түзу сызықты және қисық
сызықты.
Қорытынды

Қатты дене деп заттың пішіні мен көлемі, оның
агрегарттық күйін айтамыз. Олар екі түрде
болады. Кристалдық және аморфтық. Ал
қозғалысына қарай ілгермелі және айналмалы
болады.
Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі
ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа
бір дененің орын ауытыруын айтады.
• Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
• www.goоgle.kz
https://kk.wikipedia.org/wiki/.
://lib.kstu.kz:8300/tb/books/Teoreticheskaya%20mehanika
%20
https://phys.sarwar.kz/technical/fram
• Интернет.www.dostar.ru
• WWW.GOOGLE.RU

Ұқсас жұмыстар
Қатты денелердің қасиеттері
Қатты дене қасиеті
Материалдық нүкте мен қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының динамикасы
Дыбыс толқынын сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері тербеліс амплитудасы, таралу жылдамдығы және дыбыс жиілігі
Кристалдар денелер
Кристалл және аморф денелер
Термодинамика анықтамалары және сыныптамасы
Кристаллохимия
Механикалық энергия
Молекулалардың қозғалысы. Диффузия
Пәндер