СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ


Slide 1

9 - дәріс сабағы. СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ

Slide 2

Дәріс мақсаты: үздіксіздік теңдеуін, Бернулли теңдеуін, Пуазейль формуласын қорыту.

Жоспары:

1. Сұйықтар мен газдарды өрістер арқылы сипаттау.

2. Идеал сұйықтың қозғалысы үшін Эйлер теңдеулері.

3. Сұйықтың стационар ағысы, ағын түтігі, үздіксіздік теңдеуі.

4. Ағыстың толық энергиясы. Бернулли теңдеуі.

5. Ламинарлық және турбуленттік қозғалыстар. Рейнольдс саны.

6. Маңдайлық кедергі және көтеру күші. Жуковский жұмыстары. Магнус эффектісі. (өз бетімен)

Slide 3

Гидродинамика

Архимед заңы

Сұйыққа (газға) батырылған денеге осы дене ығыстырған сұйықтықтың (газдың) салмағына тең кері итергіш күш әсер етеді:

Slide 4

Сұйықтың тұрақты (стационар) ағысы

Slide 5

Сұйық ағынының сызықтары дегеніміз - әр нүктесінде жанамалары сұйық бөлшегінің жылдамдық бағытымен дәл сол нүктеде сәйкес келетін сызықтар.

Ағынды сызықтарды, әдетте, сұйықтық ағынының жылдамдығы көп болған кезде олардың тығыздығы үлкен, ал сұйықтық баяу ағатын жерлерде аз болатындай етіп салады.

Slide 6

Үздіксіздік теңдеуі

Slide 7

Идеал сұйықтықтың ағын жылдамдығының және көлденең қимасының көбейтіндісі берілген ағын түтігі үшін тұрақты шама болып табылады .

Slide 8

Бернулли теңдеуі

Slide 9

Ерікті таңдалған қима үшін Бернулли теңдеуі жарамды:

мұндағы Р - статикалық қысым

- динамикалық қысым

 gh - гидростатикалық қысым.

Slide 10

Қысымды өлшеу1

Статикалық қысым ағын бағытына перпендикуляр орнатылған манометрмен өлшенеді.

Қарапайым жағдайда

ашық сұйық

манометрін қолдануға

болады.

Slide 11

Қысымды өлшеу 2

Толық қысымды ағын бағытына параллель орналастырылған манометрмен өлшейді (Пито түтігі) .

Бұл статикалық қысымнан динамикалық

қысым шамасына артық.

Slide 12

Қысымды өлшеу 3

Динамикалық басу (динамикалық қысым) . Толық және статикалық қысымның айырмашылығы тиісті аспаптардың комбинациясымен өлшенеді, оны Прандтль қысым түтігі деп атайды.

Бұл құрылғы әсіресе газ ағынының жылдамдығын өлшеу үшін жиі

қолданылады.

Slide 13

Қысымды өлшеу 4

Екі статикалық қысым арасындағы айырмашылықты анықтау үшін Вентури түтігі қолданылады. Бұл құрылғы ағынның әртүрлі қималарындағы статикалық

қысымдардың айырмашылығын

өлшеуге мүмкіндік береді.

Өлшенген қысым

айырмашылығы бойынша

ағын жылдамдығын анықтауға

болады.

Slide 14

Тұтқырлық

Тұтқырлық (ішкі үйкеліс) - бұл реал сұйықтықтардың сұйықтықтың бір бөлігінің екінші бөлігіне қатысты қозғалуына қарсы тұру қасиеті.

Тұтқыр сұйықтықта денені жылжыту үшін үйкеліс күшіне шамасы бойынша тең күш қолдану керек, оны ішкі үйкеліс күші деп атайды.

Slide 15

Ішкі үйкеліс күшінің модулі

Slide 16

мұндағы  - сұйықтықтың табиғатына байланысты болатын, тұтқырлық немесе динамикалық тұтқырлық деп аталатын пропорционалдылық коэффициенті.

∆υ /∆x шамасы х бағытындағы қабаттан қабатқа өту кезінде жылдамдықтың қаншалықты тез өзгеретіндігін көрсетеді, қабаттардың қозғалыс бағытына перпендикуляр және жылдамдық градиенті деп аталады.

Тұтқырлықтың өлшем бірлігі- Паскаль-секунд [Па . с] .

Slide 17

Сұйықтың ағу режимі

Егер сұйық қабаттары көршілес қабаттармен араласпай сырғып кетсе, сұйық ағынын ламинар деп атайды.

Егер сұйықтықтың ағуы мен араласуында құйындардың қарқынды араласуы болса, онда сұйықтық ағыны турбулентті (құйынды) болады.

Slide 18

Рейнольдс саны

Ағылшын ғалымы О. Рейнольдс (1842-1912) ағынның табиғаты Рейнольдс саны деп аталатын өлшемсіз шамаға тәуелді екенін анықтады.

Кинематикалық тұтқырлық -

Rе<< Rекр - қозғалыс ламинар;

а) шариктың сұйықтағы қозғалысы үшін Rекр= 0, 5;

б) ұзын түтіктегі сұйық ағыны үшін

1200 Slide 19

Тұтқырлықты анықтау әдістері

Slide 20

2. Пуазейль әдісі

Slide 21

Тексеру сұрақтары:

1. Ағын сызығы және ағын түтігі дегеніміз не?

2. Сұйықтың орныққан ағыны үшін не тән?

3. Сығылмайтын сұйық үшін үздіксіздік теңдеуі?

4. Бернулли теңдеуі.

5. Сұйықтың қандай ағысы ламинарлық және турбуленттік деп аталады? Рейнольдс саны нені сипаттайды?

6. Қандай құбылыс сұйықтың тұтқырлығы деп аталады?

Slide 22

7. Жылдамдық градиенті дегеніміз не?

8. Динамикалық тұтқырлық коэффициенті?

13. Стокс және Пуазейль әдістерін түсіндіріңіз.


Ұқсас жұмыстар
НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТАР
НЬЮТОНДЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАР
Физика концепциясы
Хроматографиялық анализ әдіс
Тамақ өнімдерінің реология негіздері
Өртке қарсы алдын ала шаралары
Диэлектриктердің классификациясы
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Молярлық көлем
Масса алмасу үрдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz