Қазақ көшпелілер мәдени мұрасы



Қазақ көшпелілер мәдени мұрасы
Орындаған: ОҚытушы:

Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
Көшпелілер мәдениетінің ерекшелігі;
Рухани мәдениетттің даму ерекшеліктері;
Қорытынды.

Көшпенділер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты.
КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
12/5/2023
Б. з. д. Vғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мақтап жазады. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары сипаттайды. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпенді өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшықалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен адал болып көрінді.

КӨШПЕНДІЛЕР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:
Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі - олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар, одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
12/5/2023

Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының Тау Беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Археолог к. Ақышевтың пікірі бойынша, қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б. З. Д. IX-VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, орталық, батыс қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал шығыс қазақстан мен жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
12/5/2023

Көшпелілік қалыптасты
Зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен - Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Зерттеушілер көшпелі қоғам тарихының қалыптасуына көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі.
12/5/2023

Көші-қон
Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл - сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады.
12/5/2023

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті бөтен мәдениет болып қала береді», -дейді. Бұл мүлде қате пікір.
12/5/2023

Ш. Уалиханов қазақ халқының рухы туралы айта келе, ол оның керемет екендігіне арнайы тоқтап, суырып салма ақындардың жадының ғажаптығына таңғалады. Даланың өмірін жан-жақты жырлайтын фольклорлық туындылардың бізге сол қалыпында өзгеріссіз жеткендігін атап көрсетеді. Ол көшпелі және сауатсыз орданың ауызша жеткен деректерінің осындай адам нанғысыз дәлдігі шын мәнінде ешбір күмән келтірмейтін шындық екендігін мойындайды. Жалпы қазақ халқының тарихында, оның мәдени дамуында музыка мен поэзияның алатын орны ерекше. Олар этностың бірігуіне, ұрпақ байланысының үзілмеуіне жағдай жасап, көшпелі қоғамның эстетикалық құндылықтарын дүниеге әкелді деуге болады. Олай болса, А. Затаевичтің қазақ даласы - музыка теңізі дегені бекерденбекер айтылған сөз емес шығар.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz