АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ




Презентация қосу
АНАЛИТИКАЛЫҚ
ХИМИЯ
ЖОСПАР
Кіріспе
Аналитикалық химияның
негіздері
Аналитикалық әдістер
Аналитикалық химия – бұл заттардың
химиялық құрамын, зерттелетін үлгінің
құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық
және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістер
туралы ғылым.
Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау
әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі
заттардың құрамын анықтау әдістемелерін
жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну.
Сапалық талдау НЕ? деген, ал сандық анализ
ҚАНША? деген сұраққа жауап береді.

Cапалық анализ заттың қандай компоненттерден
тұратынын анықтайды, ал сандық анализ
компоненттердің мөлшерін анықтайды.

Сапалық талдау мақсаты – анализденетін
материалдың құрамына кіретін элементтерді,
атомдарды, иондарды т.б.анықтайды.
Аналитикалық химияның Қазақстанда дамуы
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.
Козловскийдің есімімен байланысты. Одан кейін үлес қосқан
ғалымдар: А.И. Зебрева, Е.Ф. Сперанская, О.А. Сонгина, В.А.
Захаров, З.Б. Рождественская, Р.Н. Матакова.
Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электрхимиялық
процестерге әсері (мыс, кадмий, мыс, таллий, мырыш сияқты
металдардың электродтардағы бөліну процесі) зерттелді (М.К.
Наурызбаев, Д.К. Меңдәлиева). Болаттың түрлі
маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға
төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары
ұсынылды (Т.З. Ахметов). Термодинамикалық зерттеулерге
сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теория
негіздері жасалды (Х.Қ. Оспанов). Комплексті қосылыстарды
аналитикалық мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғылым
жұмыстар жүргізілді (Е.А. Мәмбетқазиев, А.М. Шалдыбаева).
Аналитикалық химияның теориялық
негізін жаратылыстанудың іргелі
заңдары құрайды:
заттың массасы және
энергиясының сақталу заңы;
зат құрамының тұрақтылығы;
әрекеттесуші массалар және
эквиваленттер заңы;
Д.И. Менделеевтің периодтық
заңы және т.б.
Аналитикалық химияның негізгі мақсаты –
химиялық қосылыстардың сапалық және сандық
құрамын анықтау, сондықтан оны екі үлкен бөлімге
бөлуге болады: сапалық және сандық талдау.
Сапалық талдау заттардың қандай
элементтерден, иондардан, атом топтарынан
немесе молекулалардан тұратынын анықтайды.
Сандық талдау заттар құрамындағы
элементтердің, иондардың сандық мөлшерін
анықтайды.
Біріншіден сапалық, содан кейін сандық талдау
жасалады, өйткені сандық анализ әдісін дұрыс
таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей
байланысты.
Аналитикалық әдістер:

химиялық;
физикалық;
физика-химиялық.
Химиялық әдістер заттар арасында жүретін
химиялық реакцияларға негізделген, олар көбінесе
ерітінділерде (суда немесе қышқылда жиі ерітіледі),
кейде құрғақ күйде жүреді және әр затқа тән тұнба
түзілуі, немесе түсті қосылыс пайда болады немесе газ
тәрізді заттарға әкеледі.
Мысалы, калий ионын анықтау үшін мынадай реакция
қолданылады:
NaCl + K Sb(OH)6 = Na Sb(OH)6
+ RCl
Реакция нәтижесінде ақ тұнба түзіледі.

Химиялық анализ ыңғайлығы: оны кез-келген жерде
жүргізуге болады, оған тек қолданылатын реактивтер
және қарапайым зертханалық ыдыстар ғана қажет.
Химиялық әдістер:

Гравиметриялық (өлшемдік) талдау
анықталатын заттың және реакция
нәтижесінде түзілген заттын массасын
дәлдікпен өлшеуге негізделген әдіс.

Титриметриялық (көлемдік) талдау
реакцияға жұмсалған реактивтің
көлемін анықтауға негізделген.
Физикалық әдіс – элементтің, ионның тұрақты
физикалық қасиеттеріне негізделген (түсі,
спектрі, тығыздығы т.б.).
Физикалық қасиеттерге төмендегі қасиеттер жатады:
1. Заттың әртүрлі жарық сәулелерімен әрекеттесуіне
негізделген (радиоактивті, атомды-эмиссиялық, атомды-
абсорбциялық) әдістер;
2. Заттың электр және магнит қасиеттерін анықтауға
негізделген әдістер (кондуктометриялық –
электрөткізгіштігін анықтау, потенциометрия –
электродтық потенциалдар арқылы ерітінді рН анықтау,
масс-спектроскопиялық әдістер);
3. Заттың механикалық қасиеттерін анықтау (тығыздығы,
дыбыс жылдамдығы, тұтқырлығы, қайнау температурасы
т.б.) негізделген әдістер.
Физика-химиялық талдау әдістері белгілі бір химиялық
реакция барысында талданатын жүйедегі өзгерістердің:
жарық сіңіру, жарықтың сынуы, электрөткізгіштік сияқты
физикалық сипатын бақылауға негізделген.
Бұл кезде алдымен химиялық реакция
жүргізіліп анықталатын затқа тән айырықша
қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық
әдіспен зерттейді. Бұл әдістер үшін арнайы құрал-
жабдықтар қажет, сондықтан бұл әдістер тек
зертханалық жағдайда жасалынады.
Физика-химиялық талдау әдістерінің
артықшылығы:
1) сұрыптамалығы – құрамдас бөліктері арасынан
бір мезгілде тек керектісін сұрыптап, таңдап алу;
2) анализ жылдам жасалады;

Ұқсас жұмыстар
Химиялық талдау
Полимерлі электролиттер
Химиялық талдау әдістері
Аналитикалық химия және экология
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
Изомерлері мен атаулары
Талдаудың аспаптық әдісі
Экология мәселелеріндегі аналитикалық химияның орны
Тотығу - тотықсыздану титрлеу әдісі
Физико-химиялық талдау әдістері
Пәндер