Сәбит Мұқановтың шығармалары
Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы:С.Мұқановтың шығармашылығының
зерттелу жайы
Орындаған:Тоқсейтова.М
Қабылдаған:Толысбаева.А
Жоспар:
◦ Кіріспе
◦ Сәбит Мұқановтың өмір жолы
◦ Жазушының ығармалары
◦ Алаш зиялыларына қандай қатысы бар?
◦ "Шашыңнан айналайын, Мәриям"
◦ Қорытынды
◦ Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов– қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым
академиясының академигі. 1936 – 1937 және 1943 – 1952 жылдары Қазақстан Жазушылар
Одағының төрағасы болған.
Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола
губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында
туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген
ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше
еңбек етеді.Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы
болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи
алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл
молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар
молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне
– Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын»
жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін
Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді.
Сәбит Мұқановтың еңбек жолы
Сәбит Мұқанов 1918 – 1919 жылдары Омбыдағы
оқытушылар курсында білім алды. Оқып жүріп
Мағжан Жұмабаевқа хатшылық етті. Оның
педагогика курсы тарихынан оқыған дәрістерін қағаз
бетіне түсірді. Өзі шығарған алғашқы өлеңдерін
Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.
Оқуын тәмамдағаннан кейін Сәбит Мұқанов біраз
уақыт мұғалім болып қызмет етті. 1920 жылы жазда
Мағжан Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар
курсы қайта ашылып‚ күзге дейін сонда оқуын
жалғастырды. Сәбит Мұқанов 1926-1928 жылдары
баспасөз орындарында қызмет атқарып,
республикалық "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен
Қазақстан") газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан
Мемлекеттік баспасының бас редакторы болды. 1928
жылы Петропавл қаласының "Кеңес ауылы" газетінің
редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі
қызметін атқарды. 1930 жылы жергілікті ақын-
жазушылардың шығармалары негізінде "Жарыс"
альманахын шығарды.
Сәбит Мұқановтың шығармалары
◦ Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің барлық жанрында өнімді
еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра – көп
жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары
әрі құнды. Сәбит Мұқанов 80 мың жолға жуық лирикалық
өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман,
көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-
жазушыларының шығармаларын талдайтын
монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы мен
этнографиясы туралы зерттеу еңбектер және тағы басқа
кітаптар жазып қалдырды.
◦ Жиырма жасынан поэма жаза бастады.1928 жылы
"Сұлушаш" дастаны, 1931 жылы "Адасқандар"
романы және тағы басқа туындылары жарық көрді.
"Сұлушаш" дастанында ғашықтық, махаббат
мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор
түйіндерді толғаған. Ал "Адасқандар" романы қазақ
әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды.
Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959
жылы "Мөлдір махаббат" деген атпен қайта
бастырып шығарды.
Сәбит Мұқанов және Алаш зиялылары
◦ Қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов туралы таласты пікірлер көп. Алаш қайраткерлерін жаппай
ақтау кезінде кейбір тұлғаларға күйе жағылды. Олардың арасында Мұқанов та бар еді. Ел
арасында Сәбит Мұқанов "Алаш зиялыларына қиянат жасады" деген қаңқу сөз тарады. 1932
жылы Сәбит Мұқановтың "20 ғасырдағы қазақ әдебиеті" атты кітабы жарық көрді. Бұл
кітаптың төңірегіндегі дау көпке дейін басылмады. Бірі бұл кітапты Мұқановтың ғылыми
еңбегі деп тапса, екіншілері бұл кітапта Мұқанов Алаш зиялыларына қиянат жасады деп
есептеді.Еңбекте Ахмет Байтұрсынов‚ Міржақып Дулатов‚ Жүсіпбек Аймауытов, Ғұмар Қараш‚
Сұлтанмахмұт Торайғыров‚ Мағжан Жұмабаев‚ Мұхтар Әуезов және тағы басқа ақын-
жазушылардың шығармаларына сол кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас
тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев
туралы "Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады.
Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚
Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ" деп пікірін ашық жазды. Сәбит
Мұқанов кеңестік идеологияға шын жүрегімен сенген, Алашорданы қабылдамаған. Сол
себепті де Алаш зиялыларын таптық тұрғыдан аяусыз сынаған. Олардың бағытының дұрыс
еместігіне сеніп, жаны ашып, тура жолға салғысы келген. Алайда ешкімге қастық ойламаған,
сатқындық жасамаған.
"Мұқановты ақтайтын да, қаралайтын да еңбегі 1923 жылы "Еңбекші
қазақ" газетінде жарияланған – "Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер,
шешендер" мақаласы. Бұл мақаласында жазушы Абайдан бастап,
Шоқан, Ыбырай, Кенесары, Ахмет Байтұрсыновтың шыққан ортасын,
тегін, бай орта екенін айтып сынайды, ал шығармашылығына тиісе
қоймайды. Бірақ осы мақаласы Сәбит Мұқановты күні бүгінге дейін
сөзге қалдырып келе жатыр. Шын мәнісінде Мұқанов сол мақаласына
қайтып оралды. Соның ішінде өзі сынаған Ахмет Байтұрсыновқа ғана
орала алмады. Ал қалғанына оралды. Шоқан туралы, Абай жайлы
зерттеу еңбегін жазды, Ыбырай, Кенесары туралы да айтты. Сол
мақаланы қайта қарап, мен сол кезде саяси сауатсыз едім, әдеби
білімім кемшін еді, сондықтан сауатсыздығымды мойындай отырып,
саяси сауатын жетілдіріп, өзінің қатесін мойындады", - деген еді
филология ғылымдарының докторы, профессор Күләш Ахметова.
"Шашыңнан айналайын, Мәриям"
Сәбит Мұқанов екі рет үйленген. Бірінші жары көп тұрмай қайтыс болған соң, екінші рет
шаңырақ көтереді. Жұбайы – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова. Мәриям апаймен жазушы 47
жыл отасқан.Мәриям Мұқанова "Менің Сәбитім", "Сағынышым Сәбитім" естеліктерінде былай
дейді: "Мен он алты жасымда Сәбитке тұрмысқа шықтым. Сәбит екеуміз 47 жыл бірге өмір
сүрдік... Сәбиттің жиі айтар сөзі "шашыңнан айналайын Мәриям" болушы еді. Расында да
шашым ұзын болатын. Екі шешем (туған анам мен әжем) шашымды қымызбен жуып
мәпелейтінін білетін Сәбит: "Бір үйдің еркетотайы едің, қайдан білейін күте алып жүрсің бе,
жоқ па шашыңды" - дейді. Бақсам мені жассынады, жайы болмай жүр ме деп ойлайды екен
ғой. ...Содан бір күні Мәриям деп шақырып алып, түюлі шашымды тарқаттырды. Өргізді. Жаңа
көргендей үңіліп, әр қырынан қарайды. Жас кезім, қатты қысыламын. Бірақ ештеңе демеймін".
Сол кезде Мәриям апайдың шашына қарап отырып, жазушы Сұлушаш бейнесін суреттеген
екен. Сәбит Мұқанов 1973 жылы 18 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болды.
Қорытынды
◦ Сәбит Мұқанов сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі, өсіп-
өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің қадамдарына қолдау көрсетіп,
қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. Сәбит Мұқанов есімі қазақ
әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары
әлемнің 46 тіліне аударылған. 1956-1966 жылдары Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 2 - 8 сайланған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі
болып сайланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 1-
лауреаты атанған.
Пайдаланылған әдебиеттер
◦ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
◦ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
◦ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
жыл.ISBN 9965-26-096-6
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz