Жаңа экономикалық саясатқа көзқарастар


Slide 1

Жаңа экономикалық саясат

«Разорение, нужда, обнищание»

Slide 2

Қазақстан 20-жылдың бас кезінде

Егіс көлемі 20% кеміді

Ауыл шаруашылық саймандарының тозуы

Өнім 3 есеге азайды

Егінші шаруалардың 20% сайман мүлдем болмады

Мал басы 35% кеміді

Slide 3

1921-1922 жылдар аралығындағы аштық

Сипаты. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн. 508 мың адам ашыққан болса, 1922 жылы наурызда олардың саны 2 млн. 303200 адамға жетті. Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынан азық - түлік салығы бойынша 4 млн. пұттан астам астық және 24, 5 мың пұт май жинап алынды. Бұл жинап алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары - Москваға, Петроградқа, Самараға, Казаньға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман-сау» аудандардың халқы ашыға бастады.

Қолданған шаралары.

Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканың егін шықпаған аудандардың халқы азық - түлік салығынан босатылды. 1922 жылғы егіс көлемінің 80 % жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді. 1921 жылы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.

1922 жылы 4 тамызда Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР - іне ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом бөлінді.

Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпауынан зардап шеккен шаруалардың мал сатып алуы үшін 21131 мың сом бөлді. 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18, 5 мың баланы РКФСР - ге әкетті. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті.

Slide 4

1921-1922 жылдардағы аштықтың салдары:

Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 - ке дейін азайды.

700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

Slide 5

Лениннің пікірінше ЖЭС-тің негізгі мәні -елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша іске асуы керек болды:

Ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру

Ауыл шаруашылық техникасын шикізатпен айырбастау жолымен сырттан алу

Селолық ұсақ тауар өндірушілерді көтермелеу

Slide 6

ЖЭС

Азық-түлік салығының еңгізілуі

Сауда еркіндігі

Жерді жалға беру

Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру

Еңбек міндеткерлігін жойды

Жалдамалы еңбекті колданды

Ұсақ кәсіпорындарды жалға беру

Несие, тұтыну кооперациясын дамыту

Slide 7

Азық-түлік салығы:

Slide 8

Жаңа экономикалық саясат

Әскери коммунизм

Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылды.

Азық-түлік салғырты (барлық артық өнімдер тартып алынды) енгізілді

Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат беріледі

Өнімдей айырбас-бөлу жүйесі жүзеге асырылды

Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.

Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді

Мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды

Ақшалай жалақы орнына карточкалық «паек» берілді

Мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат беріледі.

Жекеше кәсіпорындар мемлекет қарамағына алынды. Өндірістік тауарлар мен астық саудасына мемлекеттік монополия орнатылды

Slide 9

«Әскери коммунизм» саясатының салдары мен жэс-тің табыстары

Әскери коммунизм саясатының салдары

ЖЭС-тің табыстары

Басқарудың шамадан тыс орталық тандырылуы, бюрократизмге жол ашты, төтенше шаралар қолданды.

Елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты.

Ауыл шаруашылығының аса ауыр жағдайы, егістік жер көлемі азайды.

Нарықтық қатынастарға көшу, ақша айналысын ретке келтіру басталды.

Мал басы кеңіді (малдың барлық түрлерінің саны 10, 5млн-ға кеміді)

1922-1924 жж. ақша реформасы жүргізілді.

Аштықтың етек алуы, халықтың жаппай пана іздеп кетуі. 1млн адам аштықтан, суықтан өлді.

1925ж 92 млн пұт астық жиналды.

Жер-жерде бүліктер мен көтерілістердің шығуы.

Өнеркәсіп орындарының 60 % іске қосылды.

Өнеркәсіпті анархия жайлады.

Сауда кең құлаш жайды, 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс жасады.

Slide 10

Өнеркәсіптегі өзгерістер:

1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады.

.

Кемшіліктер:

1. Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. 2. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.

Нәтижесі:

Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 - 1928 жылдары ғана аяқталды

Slide 11

Тауар айналымындағы өзгерістер

1921 жылғы мамырдың 24 - індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы - 30 млн. сомға жетті.

Басты жәрмеңкелер:

1) Семей губерниясында - Қоянды, Баянауыл.

2) Ақмола губерниясында - Атбасар.

3) Ақтөбе уезінде - Ойыл, Темір.

4) Бөкей ордасында - Орда.

Slide 12

Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер

1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2, 5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.

Нәтижесі:

1. Егіс көлемі ұлғайды,

2. Мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді.

3. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

Slide 13

Жер-су реформасы


Ұқсас жұмыстар
Саяси ғылымның теориялық аспектілері
Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік - саяси көзқарастар жүйесі
Саясат және саяси басекелестік
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Ауылшаруашылық артельдерінің жарғысы
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЯСИ САНА
САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Гендерлік және рассалық теңдік
Мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz