Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық - саяси қозғалыстар



АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu. kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№ 10 Дәріс. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар.
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К. Ж.
Раб. тел. :8 (727) 296-71-52 (вн. 107)

Дәріс жоспары:
1. Саяси партиялардың негізгі максаттары, міндеттері және қызметтері.
2. Партия жүйелер ұғымы. Партиялық жүйелерді жіктеу.
3. Қоғамдық саяси қозғалыстар және ұйымдар.

Саяси партиялардың мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңыздылығы зор. Алайда, олар бүгінгі деңгейі мен қоғамдағы беделіне жету үшін ұзаққа созылған күрес пен тартыс-таласқа толы күрделі даму жолынан өтті. Бұл даму жолын қалыптасу мен даму эволюциясы жолы деп атауға болады. Ежелгі грек қала - мемлекеттерінде олгархиялық және демократиялық “партиялар”, ежелгі Рим республикасында плебейлердің мүддесін қорғаған популярлар мен нобилитеттердің мүддесін қорғаған оптиматтар, ортағасырлық Италияда пополандар мен саудагер - колөнершілердің мүдесін қорғаушы гвельфтер және нобилдер яки феоалдардың мүддесін жақтаған гиббелиндер, ХҮІІ ғасырдың басындағы Нидерландиядағы арминиандар мен гомарилар, ХҮІІ ғасырдың ортасындағы ағылшын буржуазиялық революциясы тұсындағы просветриандар мен индепенденттер сияқты түрлі әлеуметтік - діни топтар партиялық мүдделерді қорғауды іс жүзіне асырғандығы тарихтан белгілі.
Алайда бұл шын мәнінде беделді саяси көшбасылар мен мемлекеттік қайраткерлердің төңірегіне топтасқан шағын жақтастастар мен қолдаушылардың тобы болатын. Әрине оларда қандай да бір ұйымдасқан, құрылымдық жүйесі, қызмет атқарушы апппарты мен партияларға өзге де рәміздердің болуы туралы әңгіме қозғау дұрыс емес. ХІХ ғасырға дейін “партия”, “фракция”, “мүдде” тағы басқа да осы секілді терминдер өзара аламасып отыратын бір мағыналы сөздер ретінде қолданылып келген. Осы заманғы партияларды саяси процестерді жүзеге асырудың қажетті құралы ретіндегі түсініктің қалыптасуы кейіннен капиталистік институттар мен буржуазиялық саяси жүйелердің қалыптаса бастауының нәтижесінде жүзеге асты.

Партия деген сөз латын тілінде “бөлек”, “бөлшек” деген мағынаны білдіреді. Партия ұғымын анықтауда әлі күнге дейін тұрақты бір пікір қалыптаса қойған жоқ. Мәселен, Б. Констан партия негізінде бір идеологиялық доктринаға топтасқан адамдар тобын жатқызса, М. Дюверже мемлекет жүйесінде іс-әрекет жасайтын ұйымды - партия деп қарайды. Ал марксшілдер партияны белгілі бір таптың мүддесі үшін күресетін оның алдыңғы, саналы бөлігі деп есептейді. Әртүрлі пікірлерге тән ортақ ойларды ескере отырып, біздіңше, мына анықтамаға тоқтаған абзал.
Партия -белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске асыру жолында үкімет билігін пайдаланатын адамдардың ерікті ұйымы. Партияның әлеуметтік саяси мәнін көрсететін үш факторға назар аударыңыздар:
Белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін іске асыру;
Билік тұтқасын осы мақсатта пайдалану;
Партия құрамына кіру мен шығу еркіндігін беру.
Бастапқыда партиялар саяси жүйенің маңызды элементі ретінде Европа елдерінде, сонан соң әлемнің басқа бөліктерінде қалыптасып, орнықты. Бұл елдердің көшбасында Ұлыбритания және АҚШ болды. АҚШ -та буржуазиялық саяси жүйені құрудың саяси - құқықтың негізін қалаған тәуелсіздік Декларациясы мен Конституцияда партиялар туралы, олардың қоғамдағы орны мен рөлі туралы ешқандай да мәсе қарастырылмаған. Ал американдық мемлекеттіліктің негізгі параметрлерін бекіткен “Федералдық” заңдар топтамасында партиялар туралы тіптен олардың кертарпа рөлі туралы сөз болады.

Джорж Вашингтон партиясыздық негізінде тұңғыш президент болып сайланды, және өзін партиялар мен саясаттан жоғары тұрмын деп санады. Өзінің әйгілі “Қоштасулық жолдауында ” ол “партиялық рухтың” қатерлілігі туралы жазды.
АҚШ - ның мемлекет ретінде орнығып, дамудың тұрақты жолына түсу кезеңіндегі саяси қайреткерлердің көпшілігі республикалық басқару формасы шеңберінде партияларға мұқтаждықтың тіптен де қажеті жоқ деген көзқарасқа сенімдері кәміл болған. Бұған себеп, құрылған партиялардың қай қайсы да өздерін абсолютті дұрыс бағытта деп санап, өзге партияларды жоюды өздерінің басты мақсаты деп санады. Бір айта кететін жәйт АҚШ - та 1844 жылға дейін президенттік биліктен кеткен бір де бір партия билікті қайта жеңіп алған емес.
ХІХ ғасырдың өн бойында партиялардың қоғамдық өмірдегі рөлі мен орны туралы пікір талас бір сәтке толастаған жоқ, дегенмен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында саяси партиялар қоғамның саяси жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып орнықты деп айта аламыз. Мысалы 1861 жылғы Ұлыбританиядағы парламенттік сайлауда партиялар сайлауға мүлде қатыспаған болса, 1951 жылғы сайлауда биліктік құрылымдарға партиялардан тәуелсіз бір де бір үміткер сайлана алған жоқ.
Алғашқы құрылған партиялар қатарында ХІХ ғасырдың ортасында құрылған Германиядағы Прогрессивтік партия, Бельгияның либеральдық партиясы және т. б. атуаға болады. Олардың үлгісімен Англияда консерваторлар клубы құрылды т. т.

Партиялардың түрлері
САЯСИ ИДЕОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ ӨМІРДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ БОЙЫНША
АЛДЫНА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША
. Коммунистік партиялар
Консервативтік партиялар
Либералды партиялар
Демократиялык партиялар
Фашистік партиялар
Революциялық партиялар
Реформисттік партиялар
Діни партиялар
Ұлттық партиялар
Билеуші партиялар
Оппозициялық партиялар

Саяси партиялардың атқаратын негізгі функциялары:
Саяси партиялардың негізгі мақсаты

Партиялық жүйелер - дегеніміз саяси билікті жеңіп алу, ұстап қалу және іске асыру мақсатымен құрылған .
Партиялық жүйелер
көппартиялық
екіпартиялық
бірпартиялық болып бөлінеді.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделер мен пікір алуандылығын қоғамның одан әрі алға басуына пайдаланатын қоғамдық басқару түрін айтады. Осындай жүйе парламенттік мемлекеттерде кең тараған, Мысалы; Италия, Испания, Германия т. б.
Екіпартиялық жүйеде - саяси жүйеде басқа да кішігірім партиялар болғанымен, өкімет үшін күрес екі үстем және ірі партияның арасында жүргізіледі. Осы жүйе ең тиімді болып саналады. Бір жағынан бір-бірімен бәсекелескен партиялар сайлаушылардың дауыстарына ие болу үшін олардың мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға барлық күш жігерін салады. Осы жүйенің негізгі үлгісі АҚШ-да және Ұлыбританияда қалыптасқан. АҚШ -да Демократиялық және Республикалық партиялар болса, Ұлыбританияда Лейбористер мен Консерваторлар бір-бірімен билік үшін күрес жүргізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz