Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі janibek history Қазақстан тарихы



Бастадық па!
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

§ Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: қорытындысы және нәтижелері
§ Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен.
Деректерге сүйенсек, 1938-1945 жылдар арасында 18-ден 50 жасқа дейінгі ер адамдар, яғни Қазақстан халқының 70%-ы әскер қатарына шақырылыпты.
Фашистік Германия жаппай мобилизация кезінде әскери іске 12% ғана халқын тартқан екен.
Қазақстан бойынша соғыста қаза болған, тұтқында аурудан немесе жарақаттан қайтыс болған, хабар- ошарсыз кеткен адамдар саны шамамен 601 011 немесе 11, 2%-дай.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Соғыс кезінде қазақстандық бес әскери құрамаға «Гвардиялық» құрметті атағы берілді.
8-гвардиялық) Панфилов дивизиясының даңқы шартарапқа тарады. Бұл құраманың қатарында сан ерлік көрсеткен батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлы мен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Габдуллин есімдері соғыс шежіресінде мәңгілікке жазылды.
Жаудың шебінде қоршауда қалған жерлестеріміздің көбі партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Олардың арасында Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова сияқты әйел партизандар да болды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін
Қазақстан өкілдері Квантунь армиясына қарсы шайқасты.
Қазақстандық Қ. Асылбеков, A. Құрынбаев, Г. И. Сухоносенко және олардың жауынгерлік серіктері жапондардың шегарадағы қорғаныс құрылыстары мен бекеттерін жойды. Кеңес әскерінің бөлімдері Маньчжурияға кірді.
Кеңес Одағының Жапонияға қарсы 23 күндік соғысына қазақстандық екі әскери құрамасы қатысты. Біріншісі Ақтөбеде құрылған 74 жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері даңқын шығарды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді.
Қазақстан минометшілері ерлік көрсеткені үшік 2027 жауынгер ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапонияны жеңгенде Екінші дүниежүзілік соғыс жаудың тізе бүгуімен аяқталды.
Өзбектер, қазақтар, қырғыздар, татарлар және Орта Азиядағы басқа да халықтар өкілдерінен құрылған «Түркістан легионы» (әскер) қиын да қасіретті жолдан өтті.
Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған: ұшқыш Н. Әбдіров, танкіші Т. Позолотин, атқыш Г. Рамаев
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ірі апат.
Соғысқа 72 мемлекет қатысты. Жер шарының 80%-ын немесе 1, 7 млрд адамды қамтыды, 55 млн-нан аса адам мерт болып, 35 млн адам жараланды.
Майдан даласында күніне 25 мың адам қаза болып отырған.
1418 күнге созылған сұрапыл соғыстағы жеңіс Кеңес азаматтарына оңайға түскен жоқ.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

§Соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың
қажырлы еңбегі
Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды.
Жаңа мұнай кәсіпшіліктерінің, Қарағанды шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Балқаш пен Жезқазған мыс өнеркәсібі іске қосылды. 1941 жылы шілдеде Шығыс Қоңырат молибден кеніші
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Ақтөбеде салынып жатқан ферроқорытпалар зауыты Запорожье ферроқорытпалар зауытының құрал-жабдықтарын алды, көмірлі Қарағанды өзінің техникалық кешенін донецкілік Пархоменко атындағы шахтаның жабдықтарымен толықтырды.
Алматыдағы автожөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цех- тары орналасқан базаға айналса, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының құрал-жабдықтарын алды.
Балқаш мыс қорыту кешенінің қуаты Владимир облысындағы Кольчугин қаласының түсті прокат зауытының құрал-жабдықтарын меңгеріп, оны іске қосқан соң елеулі түрде артты.
Жалпы соғыс жылдарында Қазақстанға 300-ден астам көшіріліп әкелінген зауыт орналастырылып, жұмыс істеді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақстан - майдан арсеналы. 1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО-дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту, полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орнын сақтап қалды.
Барланған кен орындарының негізінде металл Қазақстан аумағына адам өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорындары салынады эвакуациялауқандай ды (Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец)
Донской хромит кеніштері (рудниктері), Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты т. б. ) . Осының арқасында Қазақстан Одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60% -ын, висмуттың 65%-ын, полиметалл рудаларының 80% -ға жуығын өндірді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі теміржол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Құрылыстың қарқын алуына орай Теміртау, Текелі, Жезді, Шығыс Қоңырат, Ақшатау, Макин секілді жаңа қалалар мен жұмысшы поселкелерінде бой көтерді. Қазақстандағы қалалар саны 5-ке, поселкелер саны 35-ке өсті.
Өз өлкеңнен соғыс жылдарында майданға ірі көлемде көмек көрсеткен азаматтарға. Соғыстың соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы еңбеккерлері фашизмнен зардап шеккен 45 аудан мен 12 каланы қамқорлыққа алды.
Мұнай туралы хабарлама Жұмыс істеп тұрған «Ембімұнай» тресіне 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған бұрғылау скважинала дайындалды. Гурьев мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастады. Соғыс жылдары республика мұнай өндіруді 40% -ға дейін арттырды. Электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа нысандарымен толықты.
Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300-дей эвакуацияланған кәсіпорын салынды. Теміржол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола-Магнитогорск желісінің құрылысы аяқталды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Жезді марганец кенін ашуда Қ. И. Сәтбаев және Жезді геология-барлау партиясының ұжымы ерекше еңбек өіңірді.
Соғыс жылдарында Батыс Қазақстан облысының Буденовка МТС-інде жұмыс істеген П. Ангелинаның әйелдерге «тракторға отырындар» деген үндеуі үлкен маңызға ие болды.
БК(б) П ОК мен КСРО ХКК 1941 жылы 27 маусымда «Адамдар мен қүнды дүние-мүлікті әкету және орналастырутәртібі туралы» Қаулы қабылдады. Шымкент және Лениногор зауыттарының жұмысшылары қорғасын қорытты.
200-дей ipi өнеркәсіп қазақстан аумағына эвакуацияланды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақстандықтар - тыл қаһармандары. Ы. Жақаев, Ким Ман Сам, Ш. Берсиев және т. б.
Ақтөбе облысындағы «Құрман» ұжымшарының звено жетекшісі Ш. Берсиев тары шығымдылығын арттыруда жоғары нәтижеге жетті.
Қызылорда облысы «Авангард» ұжымшарының звено жетекшісі Ы. Жақаев пен Ким Ман Сам күріш өсіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Қаскелең ауданы III Интернационал атындағы ауылшаруашылық артелінің звено жетекшісі М. Мұхамедиева қант қызылшасынан жоғары өнім жинады. Диқандар бидайдан да жақсы түсім алды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Ж. Қуанышбаев қаракөл қойларын өсіруде үлкен жетістіктерге жетті.
Жезқазған ауданы Амангелді атындағы ұжымшардың шопаны Ж. Мұқашев жыл сайын әр жүз саулықтан 180 қозы алып, мал басын аман сақтады.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды.
1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды.
1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды.
1942-1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен жеке ұшақтар жасалды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

§Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
ғылымы, әдебиеті мен өнерінің дамуы
Республика астанасына 20-дан аса ғылыми-зерттеу институттары орналасты.
Қазақстанға келген тарихшылардан А. М. Панкратовадан басқа КСРО тарихының бес маманы және жалпы тарихтың бес маманы болды.
Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың жетекшілігімен геолог ғалымдар Р. А. Борукаев, Н. Г. Кассин, М. П. Русанов және олардың ізбасарлары: вольфрам, марганец, молибден, мыс, мұнай, көмір және т. б. пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашты.
Ғалымның Жезқазған мыс кеніштері жөніндегі көпжылдық еңбегіне 1942 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Әдебиет. М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин,
И. Шухов және т. б.
Қазақстандық 90-ға жуык жазушы майданға барды. Олардың 25-і Отан үшін қаза тапты.
Соғыс жылдарында партизан Ж. Саинның өлеңдері, Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы жарыққа шықты.
М. Әуезовтің көптомды «Абай» эпопеясының бірінші кітабы, C. Мұқановтың «Өмір мектебі» өмірбаяндық повесі, Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ», Ә. Әбішовтің «Жас түлектер» туындылары шықты.
Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» жыры шықты. Бұл жыр М. Тарловскийдің аудармасымен орыс тілінде радиодан жиі беріліп, плакаттарға басылып, халықтың рухын көтерді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

А. Толстой Қазақстанда «Иван Грозный» трилогиясын жаза бастады.
Фольклорлық-түркологиялық тақырып - «Алпамыс», «Орақ және Мамай» сияқты эпостық жырларды профессор B. М. Жирмунский өзінің зерттеу нысаны ретінде алды.
Майдангер-офицер Д. Снегиннің «Шығыс желі» атты өлеңдер жинағы мен «Іргеде» (1949 ж. ) деген деректі материалдар негізінде жазылған повесі жарық көрді.
1970-1980 жылдары Д. Снегин 50-жылдары бастаған тарихи-революциялық тақырыпта жазған романдарын жалғастырды.
Олар: «Біз Жетісуданбыз», «Біздің жүрегіміз арқылы», «Әлемнің шегінде»және «Айырылусыз кездесулер» (1986 ж. ) атты әдеби естелігі.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақ әдебиеті C. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллинсынды жаңа есімдермен толықты.
Майдангер-офицер Б. Бұлқышевтың публицистикалық мақалалары елге белгілі бола бастады. Әдебиеттанушы, академик А. С. Орлов қазақтың батырлық эпостарын зерттеп, кітап жазды. Ол 1945 жылы басылып шықты.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Өнер, театр, кино.
1941 жылы 15 қарашада эвакуацияланған Мәсқеудің «Мосфильм» киностудиясы, Ленинградтың «Ленфильм» киностудиясы және Алматы кинохроника студиясының негізінде Бірлескен Орталық көркем фильмдер киностудиясы (БОКС) құрылды.
«Екі жауынгер», «Партизандар», «Аудком хатшысы», «Украина даласында», «Ленинградтықтар», «Георгий Саакадзе» фильмдері түсірілді.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

1942 жылы маусымда «Бақшасарай фонтаны» балеті қойылымында Мария рөлін орындаған Г. С. Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. 1944 жылы бірінші рет қазақ тілінде Д. Пуччинидің «Чио-Чно-Сан» классикалык операсы және А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» опералары қойылды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды. Осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шегаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді.
Халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланова соғыс жылдарында концерттік бригада құрамында болып, майдандағы жауынгерлер алдында ән айтып, өнер көрсетті.
Жалпы концерттік ұйымдар 36, 5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің да-
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

1943 жылы Шет тілдері педагогикалық институты, Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы Алматыда Кон серватория және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Бұл оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрларын қоныс аударғандар, репрессияға ұшыраған ғалымдар және педагогтер құрады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы Кеңес Одағының мәдени-экономикалық орталықтарының бірі саналды.
Алматыда 15 жоғары оқу орындары мен техникумдар, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары болды. Соғысқа дейінгі 20 жоғары оқу орнының қатарына 4 жаңа жоғары оқу орны қосылып, онда оқитындардың саны 15 мыңға дейін өсті.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен театры. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды.
1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жубанов пен Л. Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» опералары жазылды.
1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды.
1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Г. Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. Соғыс қарсаңында Қызыл- ордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

Ұлы Отан соғысы жылдарында ақын Жамбыл Жабаев халықты жеңіске жігерлендірді. «Ленинградтық өрендерім» өлеңі жау қоршауында қалған қаһарман қаланың қорғаушыларына үлкен рух, сенімді серпін берді. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарында халықтың батыр ұлдарының жарқын бейнесі сомдалды.
Жамбылдың шығармалары дүниежүзінің қырықтан астам тіліне аударылған. Қазақстандық орыс жазушысы Д. Ф. Снегиннің (1912-2006) Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған «Жылдар», «Адалдық» жыр жинақтары мен «Никита Огнивцев», «Алыстағы биіктікте» поэмаларында жауынгерлердің ерлігі, жан дүниесінің байлығы суреттеледі. Жазушы И. П. Шуховтың «Отан», «Майдандағы армия» романдарында халықтар достығы, патриотизм рухы шынайы баяндалады.
Қазақстан тарихы
+7 778 743 8202
@janibek_history

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz