Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам




Презентация қосу
СҰЛТАН БЕЙБАРЫС
(1223 - 1277)
1.Сұлтан Бейбарыс жайлы не білесіздер?
Сұлтан Байбарыс
1223—77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан.
1223 жылы беріш руынан туған. Мәмлүк
мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин
Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте
қызықты және қарама-қайшылықтарға толы.
Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол
хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер
руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Сол
кезде беріш руы Қырым өңірінде тұрған (қазіргі
заманда беріш көбінесе Атырау облысында
қоныстанған).Әмір Айтегін әл-Бұндуқтар
Димашқ құл базарында сатып алған сондықтан
Байбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған.
Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс — қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мухаммед (с.ғ.с) пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық кақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан
қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты.
1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді.Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыста Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді.
Таққа отыруы
Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға — "крестілер жорығы" мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді. 1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды.
Жас батырдың жетістіктері
Бейбарыс өзін мықты сарбаз әрі қабілетті стратег
ретінде көрсете білді. Соның нәтижесінде Мысыр
сұлтанының жеке гвардиясының қолбасшысы
болып тағайындалды. Ал кірескерлер жорығы
кезінде алғашқы әскери табысына қол жеткізді.
1250 жылы Бейбарыс Франция королі Луи IX-дың
әскерін талқандап, корольді тұтқынға алды. Осы
шайқастан кейін мәмлүктердің күші мен беделі
өсті. Салих сұлтан қайтыс болғаннан кейін тақа
оның ұлы Тұран шах отырады. Мұрагері Айбек
екеуінің мәмлүктерге деген сенімі азаяды.
Олардан құтылуға тырысады
Бейбарыс басшылығымен сарай төңкерісі жасалады. Мемлекет билеушісі
Тұран шах қастандық жасалады. Жаңа сұлтан Му’иаз әд-Дин Айбек таққа
отырған бойда қастандыққа қатысушыларды өлім жазасына бұйырды.
Бейбарыс біраз уақыт бой тасалап, Сирияға кетуге мәжбүр болады.
Мәмлүктер Айбекті өлтіргеннен кейін Бейбарыс Каирге қайта оралды.
Сұлтанды өлтірген кім?
1277 жылы уәзір Қалауын Бейбарысты
улап өлтірді. Әйгілі сұлтан Дамаск
қаласында жерленді. Бейбарыс қайтыс
болған соң орнына ұлы Насыраддин
отырды. Алайда Бейбарыстың
балалары билікті ұзақ уақыт ұстап тұра
алмады. Билікке жетуге тырысқан
мәмлүк әміршілері оның ұлдарын
өлтіріп, ақырында қыпшақтан шыққан
келесі әмірші Сейфуддин Қалауын
билікке келді. Бүгінде Сирия астанасы
Дамаскіде Бейбарыс Сұлтан кесенесі
бар. Қазақстан оны қалпына келтіру
жұмыстарына үнемі атсалысып келеді.
Бейбарыс сұлтанның кіндік қаны
тамған жері – Жайық өзенінің
атырауында алып ескерткіш
Сұлтан Бейбарыс кесенесі орнатылды.
Сұлтан Бейбарыс мешіті (Каир)
Атырау қаласының орталығында Әйтеке би
көшесінде облыстық әкімдік ғимаратының
алдында аңызға айналған тұлға, жауынгер және
мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарысқа
арналып ескерткіш орнатылды. Бірден айта
кететін жайт, бұл Мысырдың билеушісі болған
ұлы қыпшаққа қойылған әлемдегі жалғыз
ескерткіш болып табылады.
Ескерткіш биік тұғырда бар бойымен тұрған
Сұлтан Бейбарыстың мүсіні түрінде орындалған,
белбеуінде қылыш ілініп тұр, ал иығын ауыр
плащ жауып тұр, Сұлтан алысқа қарап,
намысқор, тура көз тастап тұр, ол қоршаған
кеңістікті, мәңгілікті жарып тұр. Ескерткіш
Алматы облысының Күрті ауданынан әкелген
граниттен жасалған. Сұлтан Бейбарыс
ескерткішінің авторы мен бас мүсіншісі Қ.
Кәкімов, сәулетшісі Қ. Жұмабай болып табылады.
Ескерткіштің негізгі мүсіні жанында мұнара мен
киіз үй тәрізді тас мүсіндері орнатылған, бұл
Сұлтанның екі елдің –Мысыр мен Қазақстанның
тарихи тұлғасы болып табылғандығын көрсетеді.
Биыл атақты қолбасшы, қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін
көтерілген Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толып отыр. Ол
ислам әлемін кірескерлердің шабуылынан және моңғол
шапқыншылығынан құтқарды. Заң саласында бұрын-соңды болмаған
өзгеріс енгізді.
Сұлтан Бейбарыс жайлы нені білемін Сұлтан Бейбарыс жайлы нені білдім

Ұқсас жұмыстар
Жошы ханның баласы
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
Османлы мемлекеті
Берке хан Өзбек хан
Алтын Орданың ірі қалалары
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиеті
Сабақтың жүрісі
Мемлекет құрылуы
Самарқан қаласынан
Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов Қостанай уезінде
Пәндер