ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ БЕЛГІЛЕРІ - Біз және олар, өзіміз және басқалар болып бөліну
Презентация қосу
ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ – нақты бір адамға емес, ортақ белгілері бар
адамдар тобына қарата айтылған өшпенді ой-пікір, көзқарас, мәлімдеме.
Өшпенділік тілі қандай да бір топтың дініне, ұлтына, азаматтығына,
тұрғылықты жеріне, өзгеше көзқарасына және тағы басқа белгілеріне
қатысты болады
«ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ» БЕЛГІЛЕРІ
— «Біз» және «олар», «өзіміз» және «басқалар» болып бөліну.
— «Біз оларға қарсымыз» деп кереғар қою.
— Фейк, жалған ақпарат.
— Кемсітетін лексика.
— Адамдардың белгілі бір әлеуметтік/ ұлттық/діни/басқа да тобына қарсы
әрекетке үндеу (анық, жасырын).
— Манипуляция.
— Сыни ойдың болмауы.
«ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІНІҢ» мақсаты —
коммуникация құралдарын қолданып,
төзімсіздікке негізделген жеккөрініштің
барлық түрін қоздыру, өршіту немесе ақтап
алу.
«ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІНІҢ» екі формасы бар.
Ашық айтылған, айқайлап тұрған, стереотиптерге,
ярлыктарға және клишелерге толы болса, бұл —
«өшпенділік тілінің» блатант формасы.
«Өшпенділік тілінің» тікелей қорлау мәні жоқ
жасырын, анық емес түрімен жұмыс істеу әлдеқайда
қиын. Мұндай форманың мақсаты — азшылықтардың
заңды екенін жоққа шығару (делегитимация).
Интернет желісін қолданушылар арасындағы
«өшпенділік тіліне» психологиялық
проблемалар мен кедейліктен, теңсіздіктен,
дискриминациядан, жеке өмірдегі сәтсіздіктен,
отбасындағы, балалармен, ата-анамен арадағы
қиындықтардан, кәсіби жетілуге жағдай
болмағаннан туындаған күйзелістер де әсер
етуі мүмкін.
Аталған жайттардың бәрі адамды әлеуметтік
желілерде агрессия көрсету арқылы өзін
мойындатуға тырысуына итермелеуі мүмкін,
«өшпенділік тілі» арқылы ол шынайы өмірдегі
ұдайы шиеленістен туған күйзелістен арылады.
Әлеуметтік желілерге «өшпенділік тілі»
ыңғайлы бола бастады.
Әуелі түріне қарап «ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІНЕ» мысал
алмай ма екен
келтіріп кететін болсам. Әлеуметтік
желіге кіріп бір әдемі суреттің
Бірінші арықтап
астындағы пікірлерді қарайтын болсақ.
алшы, сосын биле Көптеген кемсітулер, мазақтаулар сың
пікірлерді көптеп көруге болады.
Біздің елден кет!
«ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІ» адамдарға, жеке адамға
немесе топтарға олардың белгілі бір
сипаттамасы бойынша бағытталады. Адам
құқықтары саласындағы халықаралық құқық заң
алдында барлық адам тең және заң бәрін
шектеусіз тең қорғауы керек деп белгілеген.
Мемлекеттердің көбі «өшпенділік тіліне»
тыйым салатын заңдар шығаруда.
Соның бірі өзіміздің Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы:
«Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайды».
Біздің аймақтағы елдерде «өшпенділік тіліне» қарсы
тұру үшін халық арасында, әсіресе жасөспірімдер мен
басқа да жастар арасында медиа және ақпарат
бойынша сауатты кең таратқан маңызды. Медиа және
ақпарат сауатын дамыту — жастарға сыни ойлауды
үйретудің шешуші амалдарының бірі. Бұл ақпаратты
неғұрлым түсініп қабылдауға, фейкті, өтірікті шындық
пен фактілерден ажырата білуге және «өшпенділік
тілінің» ықпалына берілмеуге септігін тигізеді.
«ӨШПЕНДІЛІК ТІЛІНІҢ» қаупі өте көп. Ол туралы
біліп, оған қарсы тұра алу керек
«Өшпенділік тілінің» манипуляция жасайтын қасиеті
де бар екенін айта кету керек, оның көмегімен «түпкі
ниетті өте оңай жасырып, бір нәрсенің орнына басқа
бірдеңені айтуға болады».
Бүгінгі таңда бір жерді өртеп, бір жерді
күйретіп, қоғам ішін алатайдай бүлдіріп
жүрген бір жау бар. Оның аты – тіл. Иә,
кәдімгі сүйреңдеген қызыл тіл. Бірақ әр
нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүретіні
секілді тілдің де кейде үлкен апаттары
кездеседі.Халқымыздың "басқа пәле - тілден"
деген мақалы бар. «Басқа пәле – тілден»
деген сөз пайымын түсінген адам басқаға
ғана емес, ең алдымен өзіне төнер қауіптен
құтылады.Сондықтанда айтар сөзімізді ой
иелігінең өткізіп ойланып айтқанымыз
дұрыс.«Өшпенділік тілінен» құтылуға, оны
сөзімізден жоюға, оны «келісім тіліне»,
диалогқа айналдыруға болады.
«ӨШПЕНДІЛІK ТІЛІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!
БІЗ КЕЛІСІМ ТІЛІН ТАҢДАЙМЫЗ!»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz