Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы




Презентация қосу
Жеке капиталдың ұдайы жаңғыртылуы

Оқытушы: Алтаева Ф.Ж.
Пәні: Экономика негіздері
ВИКИПЕДИЯДА
Капитал нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты
нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада –
табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің
тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б.
өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки
қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың
жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс
құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған
сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал
болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-
А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық
қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім
алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың
ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер
тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан
пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын
шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан
осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі
жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Өндірістік капитал екіге бөлінеді:
1 НЕГІЗГІ
2 Өзгермелі
Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік
капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған
өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады.
Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнімге бірден
толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай
формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат,
жанармай т.б жатады. Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта
қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы
амартизация деп аталады.
Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде
Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер
тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы,
адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды
төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал
тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған.
Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып,
қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске
ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен
өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес,
негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге
жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың
бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының
ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры.
Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал.
Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді
өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс
жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын
зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап
көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны
қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық
ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен
жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі
тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар
Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті —
станок, машина, шикізат т.б. түрінде.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың
алғашқы қорлануын, капитализмнің
қалыптасуының бастапқы кезеңі деп
тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos
accumulation) өзіндік еңбекке негізделген
индивидуалдық жеке меншікті жою процесі,
жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті
шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей
өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық
жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-
жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың
капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды.
Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының
жандана дамуы, белгілі экономикалық және
әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі.
Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы
кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының
қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда
бола бастаған буржуазия табының барлық
кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандык алып», жалдама жұмыскерлер табы
қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет
игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін
көретін адамдардьң көбеюі — бұл капиталистік өндірістің дамуының
өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар
мен қолөнершілердің жаішай экспроприациялануы құрайды.
Тауарлық-акша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп
жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар
ьдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң
қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал
етті. Бұл зандар тарихқа «экспроприацияланғандарға карсы қанды
зандар» атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған
өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді
және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыкқа ие болған жерлер
пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға
айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола
алады — бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау»
әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic
алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік
— екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар
түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашкы қадамдары, мүліктік
жікгелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп,
кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер — сатып
алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды
кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру
қарқының жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін
мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған
отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз
үлесін қосты.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

Капитал ұғымына анықтама беріңіз?
К.Маркстің Капитал еңбегінен үзінді келтіріңіз?

Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталының көрсеткіштері
Ұлттық байлық статистикасы
Капитал. Ауыспалы айналым мен айналым
Рухани жаңғыру бағдарламасы
СЫНАУДЫ АНЫҚ ТАУ, СЫНАУ ОБЪЕКТІСІ, СЫНАУ ДЕҢГЕЙІ, СЫНАУ ҚҰРАЛДАРЫ, СЫНАУДЫШЫ ОРЫНДАУШЫЛАР, СЫНАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК­ НОРМАТИВТІК НЕГІЗІ
Қаржыгер мамандардың кәсіби сөздері
Ұдайы өндіріс теориясы. Ұлттық есептеу жүйе
Экономикалық шиеленістің түрлері және түсінігі
Капитал ретіндегі ақша айналысының формасы
Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Пәндер