Мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісу, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беру
Презентация қосу
Мақсаты:
1.Мамандық таңдауда
жауапкершілікті қалыптастыру,
өз-өзін тану аймағын кеңейту.
2.Мамандықтар жөнінде
мәліметтермен бөлісу, еңбек
нарығында енді ғана пайда болған
мамандықтар жөнінде мағлұмат
беру.
Барысы
1.Кіріспе сөз
2.Мен өз болашағымды бүгіннен өзім
бастаймын
3.Сауалнама
Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс
бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет
аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды
жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ
мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен
бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының
ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата-
анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген
көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз.
Ақпараттың көптігі де, өзін-өзі танудың әліппесі де,
оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен түкке
жарамсыз болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі.
Басқаша айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі
тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы
және оған бейімделу мәселесі туындауда. Яғни, мамандық
таңдауда оқушыға өз ақыл ойымен, дұрыс шешім
қабылдау үшін психолог маманның көмегі керек.
Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар:
Бірінші әдісі:
Сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша
адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған
жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды.Бұған
адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.
Екінші әдісі:
Қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану,
өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын
білу.
Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол
мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет.
Тағы бір үшінші жолы бар:
Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларының мамандығын
таңдау.Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-
ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады.Бірақ ең бастысы-
адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген
сүйіспеншіліктен туындамақ.
Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне
қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан
арғы жауапкершілікті де өз мойынына алады.
Ал, қазір мен сіздерді мамандық таңдау бойынша
оқушыларға арналған жадынамамен таныстырып
шығайын:
Жадынама:
Мамандық таңдау – маңызды және
жауапкершілікті талап ететін жұмыс! Мамандық
таңдауда ең бірінші орында қызығушылық пен
қабілетіңе, арман – тілектеріңе назар аудару керек,
тек содан кейін ғана отбасының салт-
дәстүрлеріне, отбасының қызығушылығын
ескеріңіздер.
1. Өз қалауыңызбен таңдалған мамандықтың пайдасы
мен кері әсерлерін отбасы мүшелерімен бірлесіп шешуге
тырысыңыз!
2. Болашақ мамандықты таңдау кезінде, материалды
жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес,
сонымен қатар моральдық сезімдеріңізді
қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыруға
тырысыңыз!
3.Болашақ мамандықты таңдау кезінде, таңдалған
кәсіпке тұлғалық қасиеттеріңнің сәйкес келу, келмеуін де
ескере отырыңыз!
4. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық
туындап жатса, психологпен кеңесу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
5.Өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеу адамға
зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол болмақшы!”
6. Естеріңізде болсын! Балалар ата – ананың таңдаған
мамандықтарын салт – дәстүр ретінде жалғастыруға
жақын тұрады.
Анкеталық сұрақтар
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында
қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
II– бөлім
Өмір жолындағы
мақсатым:___________________________________________________________
Таңдайтын
мамандығым:____________________________________________________________
Оған қол жеткізудегі
міндеттерім:____________________________________________________________
________
Менің бойымдағы
қорларым:________________________________________________________________
____________________________
Кедергі жасайтын жағымсыз
қасиеттер:_______________________________________________________________
____________________________
Онымен күресу
жолдары:_________________________________________________________________
____________________________
Таңдаған мамандығымның қосымша түрлері және ішкі
ерекшеліктері____________________________________________________________
____________________________
Оған қажетті
қасиеттер:_______________________________________________________________
____________________________
Оларды дамыту
жолдары:_________________________________________________________________
____________________________
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz