Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты



АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ

Ас қорыту мүшелеріне түскен тағам фищикалық және химиялық өндеуден өтіп, нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға қорытылады, қанға сіңіріледі. Адамның денесі ас қорыту мүшелері арқылы жасушалардың өсуі мен жаңаруы үшін қажетті заттарды қабылдайды, денені энергиямен қамтамасыз етеді.
Ас қорыту жүйесі 2 үлкен топқа бөлінеді:
1. Ас қорыту жолы
2. Ас қорыту бездері
Ас қорыту жолы ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке және тоқ ішектер.
Ас қорыту бездеріне сілекей бездері, ұйқы безі ас қорыту жолының қабырғасындағы бездер және бауыр жатады.

Ас қорыту жолының жалпы ұзындығы 8-10 м-ге дейін түтік, құрлысы әр түрлі болып келеді. Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты болады. Ас қорыту жолдары қуыс мүшелер, қыбарғалары үш қабаттан тұрады;
1. Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты
2. Бұлшық ет
3. Сір қабаты

Organs and Organ Systems
ІШКІ ШЫРЫШ ҚАБАТЫ
БҰЛШЫҚ ЕТ ҚАБАТЫ
СІР ҚАБАТЫ
Ас қорыту мүшелерінің ішкі бетін астарлап, астың қорытылуына қатынасады. Бұл қабат кілегей дәне дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі шырышты қабатта қан, лимфа тамырларына, жүйке ұштарына, сөл шығарып тұратын бездерге бай. Шырыш асты қабатының негізі борпылдақ дәнекер ұлпа. Ол ет қабатына бос жабысқандықтан, шырыш қабат қатпарларынан тұрады.
Тек тіл мен өңештің жоғарғы бөлігі көлденең жоғарғы бұлшық еттер, ал қалған мүшелер біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Асқащанның, ішектің қабырғасындағы бұлшық еттер көлденеңіне және ұзына бойына екі бағытта орналасқан. Олардың кезекпен жиырылып, босаңсуы нәтижесінде бұл мүшелерде қимыл толқыны пайда болады.
Іш қуысындағы мүшелерді сыртынан қаптап тұрады. Ол негізынен дәнекер талшықты ұлпадан құралған. Сір қабаты жазық кілегеймен қапталған, беті үздіксіз сір сұйығымен шыланып тұрғандықтан мүшелердің бір-бірімен үйкелісі азаяды. Ас қорыту жолының кейбір мүшелеріне сір қабаты болмайды, оның орнына борпылдақ талшықты дәнекер үлпа қабаты қаптап тұрады

Ауыз қуысы
Еріндер
Ас қорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Сілекей ферменттері тағам құрамындағы көмірсуды ыдыратады, ас түйіршігін жұтуға дайндайды.
Жоғарғы ерін және төменгі ерін ауыз қуысын жауып, оның көлденең саңылауын шекаралап тұрады. Саңлаудың екі шеті ауыз бұрышы деп аталады. Еріндер ауыздың көлленең бұлшық еттерімен борпыллақ дәнекер тіннен, шырышты қабаттан тұрады.

Ауыз кіреберісі- тістер, қызыл иек, жоғарғы, төменгі еріндер арасындағы қуыс.
Қызыл иек тістердің мойнын, жоғарғы және төменгі жақтың альвеолер өсінділерін жауып тұрған шырышты қабат.
Ұрт- ұрт б. етінен пайда болған.
Қатты таңдай (palatum durum) ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Оның негізі- жоғары жақтың таңдайшасы мен таңдай сүйегінен пайда болған. Шырышты қабаты сүйек қабына берік жабысып тұрады. Қатты таңдайда көлденең қатпарлар бар, олар астың жылжуына көмектеседі. Қатты таңдай әрі қарай жұмсақ таңдайға өтеді.
Жұмсақ таңдай (palatum molle) шырышты қабатпен жабылған, б. ет табақшасы. Оның артқы, ортаңғы бөлігінде тілше, ал екі бүйірінде жұп таңдай доғалары бар; біреуі тілдің түбінен басталатын тіл доғасы, екіншісі жұтқыншақ қабырғасынан басталатын жұтқыншақ доғасы. Осы екі доғаның арасында ойық бар. Бұл ойықта қорғаныс қызметін атқаратын таңдай безі немесе бадамша безі орналасқан. Бадамша безі- лимфоциттер жасап шығаратын лимфа бездерінің шоғыры. Оның бетінде шұңқырлар немесе крипталар бар.

Тіл (lingua) - шырышты қабықпен қапталған, б. етті мүше. Ол дәмді сезеді, тағамның ауыз қуысында араласуына, жылжуына, сөздің пайда болуына қатысады. Тілдің 3 бөлігі бар:
түбі, денесі, ұшы.
Тістер (dentes) тағамды тістеп, майдалайды, сөздің анық болуына мүмкіндік жасайды.
Тістер төменгі және жоғарғы жақтардың альвеоляр шұңқырларында орналасқан. Әрбір тістің сауыты, түбірі және мойны бар. Тістің іші қуыс, ол пульпа сұықтығымен толған. Тіс түбірінде тесік бар, ол арқылы қуысқа қан тамырлары, жүйке талшығы өтеді. Тіс эмальдан, дентиннен, цементтен тұрады. Тістің негізгі заты- дентин, оның сауыты эмальмен жабылған, ал түбірі цементпен қапталған. Тістер пішініне қарай:күрек, сойдақ, үлкен және кіші азу тістер болып бөлінеді.
Күрек тістер (резцы) жақтың әрбір бөлігінде 2-ден орналасқан, барлық саны 8. Күрек тістің алды дөңес, ұшы өткір, түбірі біреу. Асты тістеп жұлып алуға икемделген.
Сойдақ тістер (клыки) - күрек тістермен қатар орналасқан. Саны- 4, оның түбірі конусше, сауыты үшкір.
Кіші азу тістер (малые коренные зубы) жақтың әр жартысында 2-ден орналасқан . барлық саны-8. Кіші азу тістердің шайнау беті ортасында саймен бөлінген, 2 томпақ бар. Олардың ішкі томпағы- тілдік, сыртқы томпағы- ұрттық. Кіші азу тістің түбірі екі айрық болады.
Үлкен азу тістер (большие коренные зубы) жақтың екі жартысында 3-тен, жалпы саны-12. Бұл тістердің шайнау беті сайлар арқылы 4 төмпешікке бөлінген. Оның 3 түбірі бар.
Адамның жасына байланысты тістер: сүт және итұрақты болып бөлінеді.

өзектері ауыз қуысына ашылатын көптеген бездер. ішіндегі ең ірісі-құлақ маңы, төменгі жақ асты және тіл астылары. Олардың сөлін сілекей сөлдері деп атайды.
құлақ қалқанының алдыңғы жағында, тері астында, шайнау б. етін жауып орналасқан, сыртынан қатты қапшықпен қапталған. Оның өзегі жоғарғы үлкен азу тістің түбіне, ауыз қуысына ашылады.
жақасты етінің астында орналасқан. Бұл бездің өзегі ауыз б. еттерінен өтіп тілдің астына шығады.
тіл астында, жақ-тіл асты б. етінің үстінде, шырыш қабатпен жабылып тұр. оның бірнеше өзектері бар. Ең үлкен өзегі - тілдің астына төменгі жақ асты безінің өзегімен бірге ашылады. Тіл асты безінің сөлі- шырышты, ақуызды болады.

Жұтқыншақ (pharynx) ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтікше, асқорыту жолының 1 бөлігі.
Оның ұзындығы 12-15 см. Жұтқыншақ жоғарыда бас сүйегінің негізіне бекіген. Төменде VI-VII мойын омыртқаларының аралығында орналасқан. Атқаратын қызметі: Ауаны мұрын қуысына көмекейге өткізеді; Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді.
Сонымен жұтқыншақта тыныс алу жолымен асқорыту жолы айқасады.
Жұтқыншақ 3 бөліктен тұрады:мұрын, ауыз, көмекей бөлігі.
Жұтқыншаққа 7 тесік ашылады: 4 тесік-хоаналар, 2 тесік-есіту түтігінің тесігі, 1 ауыз қуысының тесігі.
Жұтқыншақ мұрын, ауыз, көмей қуыстарының артында орналасқан. Омыртқа жотасының мойын бөлімінен жұтқыншақ мойынның омыртқаалды шандыры және борпылдақ ұлпа қабаты арқылы бөлініп тұрады. Жұтқыншақтың бүйір қабырғаларының бойымен ірі тамырлар мен жүйкелер өтеді. Жұтқыншақтың қуысы үш бөлімнен тұрады: мұрын (мұрынжұтқыншақ), ауыз және көмей.
Мұрынжұтқыншақ мұрын қуысымен хоаналар арқылы, ал оң және сол есту түтіктері арқылы ортаңғы құлақтың дабыл қуысымен қатынасады. Мұрынжұтқыншақтың шырышты қабатында артқы қабырғасында тақ жұтқыншақ миндалинасы (аденоидты) орналасады, оның қабынуы аденоид деп аталады. Есту түтігінің жұтқыншақ тесігі мен жұмсақ таңдай арасында екі жағынан да түтік миндалиналары орналасады.
Жұтқыншақтың ауыз бөлімі аран арқылы ауыз қуысымен, ал көмей бөлімі өңешпен және кіреберісі арқылы көмей қуысымен қатынасады.
Барлық миндалина саны- алты: жұтқыншақ, екі түтік, тіл, екі таңдай- барлығы Пирогов- Вальдейердің лимфоэпителиалды жұтқыншақ сақинасын түзеді (негізгі қызметі- қорғаныстық) .
Жұтқыншақтың қабырғасы шырышты, фиброзды, бұлшық етті және дәнекер ұлпалы қабаттардан тұрады. Шырышты қабат жұтқыншақтың мұрын бөлімінде жыбырлағыш эпителиймен қапталған, ал ауыз бен көмей бөлімдерінде мүйізделмейтін көпқабатты жазық эпителиймен жабылады. Шырышасты негізімен ол фиброзды қабатпен бітісіп кеткен. Фиброзды қабат тығыз дәнекер ұлпалы пластинкадан құралып, жұтқыншақтың жұмсақ қаңқасы қызметін орындайды. Жұтқыншақтың бұлшық ет қабаты оны қысатын және көтеретін ерікті бұлшық еттерден тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы тағам кесегін өңешке итеруіне мүмкіндік береді. Жұтқыншақтың сыртқы жабыны дәнекер ұлпадан тұрады.

Өңеш
Өңеш (esophagus) ұзындығы 25-30 см, алдынан артына қарай бағытталып қысылған б. етті түтік. Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді, одан көкет арқылы іш қуысына өтіп, X-XI кеуде омыртқаларының тұсында асқазанға жалғасады. Орналасуына қарай 3 бөліктен тұрады: мойын, кеуде, іш бөліктері.
Өңеш 3 жерден тарылған:
VI-VII мойын омыртқаларының тұсында немесе жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде
IV-V кеуде омыртқасының тұсында, кеңірдек бифуркациясында.
Диафрагмадан өткен жерінде.
Мойын бөлігі: Ересектерде сақина тәрізді шеміршектен төстің мойындырақ ойығына дейін созылады. Оның ұзындығы шамамен 5-8см
Кеуде бөлімі:Төстің мойындырақ ойығынан көкеттің өңештің тесігіне дейін созылады. Оның ұзындығы 15-18см.
Іш бөлімі:Ұзындығы 1-3см болып асқазанның кардиал бөлігіне жалғасады. Өңештің іш бөлігі алдыңғы және оң жағына бауырымен, сол жағында асқазанның түбімен шектеседі. Өңештің іш бөлігі- екі бүйірінен және алдынан шарбымен жабылған

Асқазан (ventriculus gaster) ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және ас қорыту үшін сөл бөліп шығарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz