Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары


Slide 1

Тақырыбы: Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары

Орындаған:Жеткізгенқызы Райхан

Қабылдаған:Туленова. У. Т

Кафедра: Мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру

101топ

Slide 2

Жоспар

Педагогика - тəрбие жөнiндегi ғылым

Педагогиканың пайда болуы жəне дамуы

Педагогиканың негiзгi ұғымдары

Slide 3

« Қазақ мектептерi - қазақтарға бiлiм берудің басты құралы … бiздің барлық үмiтiмiз, қазақ халқының келешегi осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы бiлiм берiлетiн болсын. Ғылыммен қаруланған, əр нəрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейiп, бүкiл халыққа əсер ете алады».

Ы. Алтынсарин

Slide 4

Педагогика - тəрбие жөнiндегi ғылым

Мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағы балалардың тəрбиесімен педагогика ғылымының арнайы саласы - бастауыш мектеп педагогикасы шұғылданады. Кейде бұл пəн бірнеше өзара байланысқан салаларға бөлініп қарастырылады: отбасы педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика жəне бастауыш мектеп педагогикасы. Бастауыш мектеп педагогикасының негізгі мəселесі - мектепке дейінгі жəне бастауыш мектеп жасындағы балаларды тəрбиелеу.

Slide 5

Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тəрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейiн педагогика философия-ның бiр бөлiгi ретiнде қарастырылып келді. Педагогика ерекше ғылым ретiнде философиялық бiлiмдер жүйесiнен ХII ғасырдың басында бөлектенiп шықты. Осы ғасырда-ақ педагогика-ның өзiндiк статусы аса көрнектi чех педагогi Ян Амос Коменскийдiң /1592-1670/ еңбектерiнде беки түстi. Оның теориялық идеялары дүние жүзiне кең танымал да, əрi осы күнге дейiн өз маңызын жойған емес. Коменскийдiң əйгiлi ''Ұлы дидактика'' атты еңбегiнде балаларды оқытудың негiзгi теориялық мəселелерi мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды

Slide 6

Педагогика мұғалiмдердi белгiлi жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшелiктерi жөнiндегi кəсiби бiлiмдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу, тəрбие үдерісін болжастыруға, жобалауға жəне iске асыруға, оның тиiмдiлiгiн бағалауға үйретедi. Тəрбие үдерісін ұдайы жетiлдiрiп отыру қажет, себебi адамдардың өмiр жағдайлары өзгермелi, ақпараттар көлемi ұлғаюда, адамға қойылған талаптар жыл сайын күрделене түсуде. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсiп келе жатқан əулиеттi оқыту, тəрбиелеу жəне оған бiлiм берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап бередi.

Slide 7

Педагогиканың негiзгi ұғымдары

Ғылыми тұжырымдарды аңдататын негiзгi педагогикалық ұғымдарды педагогикалық категориялар деп атау қабылданған. Олардың қатарына тəрбие, оқу, бiлiм категориялары кiредi. Педагогика сонымен бiрге даму жəне қалыптасу деген жалпы ғылымдық категорияларды да кеңiнен қолданады.

Тəрбие - тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлы жəне ұйымдастырылған үдеріс. Педагогикада тəрбие ұғымы əлеуметтiк жəне педагогикалық мəнде қолданылады.

Оқу - бұл көзделген мақсатқа орай нəтижесi бiлiм, ептiлiк, дағдыларды игеру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарыны мен шығармашылық мүмкіндiктерiнің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы жəне басқарымды мұғалiм мен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпалəрекеттер жүйесi.

Бiлiм - оқу нəтижесi. Тiкелей мағынада, бiлiм жақсы оқыған, тəрбиелi, зиялы адам бейнесiн байқатады. Бiлiм - бұл оқушының тəлiм алу үдерiсiнде игерiп жинақтаған бiлiм, ептiлiк, дағды, ойлау тəсiлдерiнің жүйелi тобы. Бiлiмдiлiктің басты көрсеткiшi - бiлiмдер жүйелiлiгi жəне ойлау жүйелiлiгi

Slide 8

Педагогика жүйесi келесi салаларды қамтиды:

Жалпы педагогика;

Жас кезеңдер педагогикасы;

Әлеуметтiк педагогика;

Арнайы педагогикалар

Slide 9

Жалпы педагогика

Жалпы педагогика - адам тəрбиесi заңдылықтарын зерттеп, барша түрдегі тəрбиелiк мекемелердегi оқу-тəрбие үдерiсiнің жалпы негiздерiн теориялық тұрғыдан қалыптастыратын iргелi ғылыми пəн.

Slide 10

Педагогика

педагогиканың жалпы негіздері

тәрбие теориясы

дидактика

Мектептану

Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлiмнен тұрады:

Осы құрылымды аталған бөлiмдерiмен бiрге бастауыш мектеп педагогикасы да қайталайды

Slide 11

Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейiнгi жəне мектептiк жүйешелерiн өз алдына бөлiп қарастырады. Олар өсiп келе жатқан əулеттің белгiлi жас тобына байланысты оқу-тəрбие iс-əрекеттерi ерекшелiктерiн бейнелейтiн тəрбие заңдылықтарын зерттейдi. Қазіргі күнде өз алдына пəн ретiнде оқылатындары - мектепке дейiнгi педагогика, кəсiби техникалық мектептер педагогикасы, өндiрiстiк педагогика, қашықтықтан оқыту педагогикасы, т. б

Жас кезеңдер педагогикасы

Slide 12

Əлеуметтiк педагогика

Əлеуметтiк педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлi тəрбие педагогикасы, алдын алу педагогика дамуда. Естiмейтiндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесiмен сурдопедагогика, зағиптармен - тифлопедагогика, ақыл-есi кемдермен - олигофренопедагогика шұғылданады. Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндiк əдiстемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерiнің барша типтерiнде өтiлетiн нақты оқу пəндерiнің оқытылуы мен игерiлу заңдылықтарын ашып, мұғалiмдерге ұсынады. Өз пəнiн оқыту əдістерiмен əрбiр педагог жоғары деңгейде таныс болуы мiндеттi.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Педагогика әдіснамасы
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
Ізгілік педагогикасының манифесі
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz