Алматы қаласындағы ауа ластануы: себептері, денсаулыққа әсері және басқару шаралары


Slide 1

Қала ауасының ластануы

Студент: Сейсенбай. А

АО “НАРХОЗ”

Slide 2

Кіріспе

Ауаның ластануынан жыл сайын әлемде 6, 5 миллион адам көз жұмады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Жер шарындағы халықтың 92 пайызы ауа сапасы белгіленген стандартқа сай келмейтін аймақтарда күн кешіп жатыр. Экологиялық жағдайдың ушығуынан түрлі аурулардың белең алу қаупін артады, дейді ұйым өкілдері. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып, әлем елдерін ластануға қарсы шараларды қолға алуға шақырды.

Slide 3

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.

Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек - тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Slide 4

Атмосфералық ауаның ластануынан пайда болатын қауіп:

Смог

Қышқыл жаңбыры

Парниктік эффект

Озон қабатының бұзылуы

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 - 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң) . Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

Slide 5

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан - тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Атсмосфера қабаттары

Slide 6

Алматы каласы да дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне енді

Slide 7

Алматы қаласы 2011 жылғы Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларының ішіндегі ауа ластануының жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан.

Slide 8

Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді.

Slide 9

Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.

Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т. с. с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т. б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.

Slide 10

Машина тоқтаған уақытта көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының ауа ластануы: ЖЭС шығарындыларының экологиялық және денсаулыққа әсері
Алматы қаласындағы смог: пайда болуы, түрлері және денсаулыққа әсері
Қалалық атмосфераның ластануы, денсаулыққа әсері және TiO2 фотокатализі арқылы ауа тазарту
Алматы қаласының экологиялық жағдайы: ауа ластануы, ластану көздері және реттеу шаралары
Алматы облысының экологиялық жағдайы: топырақ эрозиясы, ауа мен су ластануы және табиғатты қорғау шаралары
Қазақстандағы су ресурстарының ластануы: себептері, әсері және алдын-алу шаралары
Алматы қаласының экологиялық жағдайы: ауаның ластану себептері және басқару шаралары
Ақтөбе облысының атмосфералық ластануы: себептері, салдары және басқару шаралары
Қоршаған ортаның ластануы және қалдықтарды басқару: денсаулыққа әсері мен реттеу мәселелері
Алматы қаласының экологиясы: атмосфералық ауа мен су бассейндерінің ластануы және ластаушы көздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz