Ұлттық құндылықтар




Презентация қосу
Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті
көрсетеді, әрі өмір сүру және адамдық болмыс
қалпының негізін кұрайды. Құндылықтар
қоғамды реттеу кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар
жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды адамдык
нормалар мен құкықты өзіне бағындыра отырып,
ыңғайлы деңгейге ие болады.
«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар
сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық
құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді»
М.О.Әуезов.
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты –өз
ұрпағының бойында адамдық қасиет,
ұлттық рұх пен мәдениеттің күш -
қуатын қалыптастыру, ұлттың
болмысын, оның өмір сүру тәсілі мен
тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы
мен бағытын ұғындыру. Тек ұлттық
құндылықтарымызды сақтау арқылы
еліміздің білім мен саясатының
ұлттық-рухани дамуына, білім
жүйесінің жетілуіне қоғамда өзіне
лайықты орын алатын білімді
болашақ тәрбиелеуге , озық қоғам
құруға қол жеткізуге болады.
Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап
білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие
сағаттарында, оқыту үрдісінде қазақ зиялы
қауымның еңбектерінің, қоғам дамуына қосқан
үлесін айтып түсіндіру арқылы олардың бойына
адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз.
Сондай – ақ ұлттың салт сананың өмірдегі
қолданылмалы көріністері: рәміздер, ырым –
тыйымдар, жөн – жорағылар, діни ұғымдар,
сенімдер, перзеттік парыз, адамгершілік борыш,
ұрпақтың міндеті арқылы ұрпақтық міндет арқылы
іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»

«Біртұтас тәрбие
бағдарламасы» – ұлттық, адами
құндылықтарға негізделген.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына
сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты
тәрбиелеу.
Міндеттері:

• 1.Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен
берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
• 2.Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел
бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке
тәрбиелеу.
• 3.Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-
ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен
әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық
мәдениетін қалыптастыру.
• 4.Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға,
ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
• 5.Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи
ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және
еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже
• Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді,
«қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын
бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
• Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді,
мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды
борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-
дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
• Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және
мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет
көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
• Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін
түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
• Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға
және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа
жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның
бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Қорытынды

Қорытындылай келгенде, М.Дулатов «... жалғыз құрғақ білім
үйрену емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса беру, балқыған
жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін
үйретіп шығару. Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай
жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы
жасымайды, қайда болсады, тіршілігінде қандай ауырлық
өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады» деген.
Қазіргі тәрбие жұмысына қойылатын басты талап дені сау,
ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, іскер т.б.
игі нәтижелері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе
Ұлттық құндылықтар мен Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің сабақтастығы
Ұлттық мұра және құндылықтар
Тыңдалымалды тапсырма
Мәдениеттің атқаратын қызметтері
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар
Отбасы құрылымы
Қазақ халқының ұлттық этикалық құндылықтары
Туған жер бағдарламасы
Пәндер