Өлең жаттау ережесі
Презентация қосу
Өлеңдерді есте сақтауға және
жаңғыртуға әсер ететін факторлар
Орындаушы: Ержанова А. Е.
Жоспар:
• Өлең жаттау ережесі
• Есте сақтау қабілетін нығайту
• Балаларға арналған өлеңдер жинағы
• Қоршаған орта әсер факторлары
Өлең жаттау ережесі
Алдымен өлеңді бірнеше рет дауыстап оқып алыңыз. Одан соң
оқиғаның ішіне еніп, әр картинаны көзге елестетіп, мәнін ұғыныңыз.
Өлеңде бас кейіпкер болса, оның орнына өзіңізді қойып немесе ақынның
не айтқысы келгенін түсінуге тырысып, жан дүниесіне үңіліңіз. Өлеңді
көшіріп жазып алсаңыз, көз алдында елестеп, тағы бір есте сақтау жолы
арқылы қабылдайсыз. Енді жазып алғаныңызды тағы бір рет дауыстап
оқи отырып, миыңызға тоқып алыңыз. Содан соң жаттауға көшеміз.
Бірінші шумағын бірнеше рет оқып, қайталап, есіңізде сақтаңыз, келесі
шумақтарын да осылай бір-бірден қосып отырыңыз. Қосымша қағазға әр
жолдың бірінші жолын жазып қойыңыз. Барлық шумақты есте
сақтағаннан кейін, ұмытып қалсаңыз, қарап алуға болады.
Есте сақтау қабілетін нығайту үшін 10
әдіс
1. Жақсы кітаптар оқыңыздар. Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер, оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты
жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруына себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте
сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.
2. Компьютер ойындары. Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындар үшін қуанышты жаңалық. Олар ойын кезінде өздерінің миын
жаттықтырады. Бірақ... Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды
ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты
сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.
3. Ұйқы. Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді - оңай болсын,
қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.
4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз. Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді
жаңа әуес іске жұмсаңыздар - мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз
миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.
5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз. Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға
алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз - сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.
6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз. Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз
елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды
жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.
7. Жаттап үйреніңіздер. Жатқа қанша тақпақ білесіздер? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ
немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы
нәрсеге де қол тигізесіздер. Бір кездері әріптестеріңізге, отбасыларыңызға жатқа өлең айтып, оларды таңғалдырасыздар.
8. Өткеніңіз туралы айтыңыз.Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіздер,
кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.
9. Шет тілдерін үйрену. Шет тілдерін үйрену - миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды
әдетке айналдырыңыз. Осы әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшу керек.
10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз. Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға
қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді
өмірде қолдану арқылы жаттаңыздар. Егер сіздер есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырмасаңыз, оны жоғалтып аласыз. Есте
сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін мына 10 кеңесті қолданыңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін
сіздің миыңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыздар.
10 ең жақсы балаларға арналған өлеңдер
1. Менің шөжелерім
2. Жалқаубек
3. Ертегілер әлемі
4. Айгөлек
5. Қошақаным
6. Асыл әжем
7. Дастарқан
8. Саржайлауым
9. Айбопем
10. Бір бала
Қоршаған орта әсер факторлары
Өлең жаттау үшін қоршаған орта үлкен әсерін тигізеді. Мысалы,
жалпы бір нәрсеге кіріп ұғыну үшін тыныштық керек, ал кей кезде
осы қоршаған ортада тыныштық болмайды. Адам баласы өз
назарын мүлдем басқа нәрсеге апарады, осы қиындықтар кей
кезде теріс әсерін тигізеді. Алайда, оң жақтарыда бар. Табиғат
аясына қараған сәтте жаттап алынған өлең аясына жаңа көріністер
келе бастайды, осы сәтте адам өз өлеңінде шығаруы мүмкін. Сол
себепті жаңғарту факторлар әсер етуі мол болып саналады.
Қорытынды ойлар
Қорытындай келе, өлең жаттау әдістерінен басқа, өз есте сақтау
қабілетімізді тексеру барысында нақты бір жоспарға келіп жеңіл
жаттау жолын ұйымдастыру. Алайда, оңай тәсілдер жоқ, сол
себепті сөз қорымызды көбейтіп, бірнеше шумақ жолынан оқып,
есте сақтап, парақ бетіне жатқа жазу тәсілімен жаттау. Есте сақтау
қабілетін көптеген көркем әдеби шығармаларын оқыр нығайту,
бірнеше өлеңдер жинағын жаттап трейнинг жасау.
Назарларыңызға рахмет!☺️
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz