МЕЛИОРАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ПӘНІ



«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Cу ресурстары және мелиорация » кафедрасы
« Мелиорация жүйелерді пайдалану және автоматтандыру » пәні
№13-дәріс
Тақырыбы:Гидромелиоративтік жүйелері мен құрылымдарын пайдалану кезеңінде жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау шаралары.
Оқытушы: Жанымхан Құрманбек

Қарастырылатын Сұрақтар:
1) Пайдалану кезеңіндегі жер беті және жер асты суларының ластану себептері мен оларды болдырмау шаралары.
2) Су шығындары мен күрес жолдары (сіңу, булану, техникалық шығын) .
3) Жүйенің ПӘК-н жоғарылату шаралары.
4) Жер ресурстарын қорғау.
5) Суармалы жерлердің тұздануы мен батпақтануының негізгі себептері, оларды болдырмау шаралары.

Гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланғандағы табиғатты қорғау
Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және қорлардың сарқылуынан қорғау біздің уақытымыздағы күрделі мәселе болып табылады, оның ішінде гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланғанда да.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған гидромелиоративтік жүйелер оң нәтижелері мен қатар өзінің күшінде орындалмауы және сапасының төмендігі көп жағдайда қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әерін тигізеді. Жағымсыз жағдайлар ғасырлар бойы қалыптаскан табиги үрдістердің бұзылу салдарынан пайда болады, Әсіресе гидромелиоративтік жүйелерді бірінші жылдары пайдаланғанда. Бұл құбылыстардың кейбіреулері сөзсіз болатын құбылыстар, бірақ табиғи; үрдістердің заңдылықтарын біле отырып олардың көпшілігін болдырмауга болады. Гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланғанда табигатты қорғау судың және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымын басқаруға негізделуі керек.
Гидромелиоративтік жүйелерде негізгі табиғатты қорғау нысанасы су және жер қорлары, сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлемі болады.

Су ресурстарын қорғау
Су қорларын қорғау олардың сарқылуын, ластануын және бүлінуін болдырмауға және кешенді пайдалануға арналған іс-шаралар жүйесі болып саналады. Әрекеттерінің барлығы судьің жағдайына әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар суды қорғайтын іс -шараларды жүргізуге міндетті.

Гидромелиоративтік жүйелер әсер ететін аймақтардағы су көздерінің таусылуының негізгі себептері суармалы жердің ауданының дәлелсіз көбеюі, ылғал сүйгіш дақылдардың ауданының аса көтерілуі, суармалы тізбектегі және танаптардағы су ысырабының көбеюі, суару және суландыру мөлшерінің аса көтерілуі болып табылады.
Жер бетіндегі су көздерінің ластануының негізгі себептері: оларға суармалы немесе құрғататын өлкелердегі кәріздін және ақаба суларды тастау, сонымен қатар төгінді суларды тастау (тұрмыстық, өндірістік, калалық, жануарлардың) . Кәріздің-суларында мелиорацияланатын жерге қолданылатын минералды тыңайтқыштардың және пестицидтердің қалдықтары бар. Сондай-ақ, тұздалған жерлерде де топырақтан шайылған суда еритін тұздар бар. Суармалы танаптардан тасталған ақаба суларда минералды және органикалық тыңайтқыштардан, пестицидтерден басқа да жер қыртысының эрозиясының және түскен өсімдіктердің өнімдері бар. Жыл сайын су көздеріне ластанған сулармен жүз мыңдаған тонна әр түрлі лас заттар тасталады, бұл қасапсыз экономикалық зиян келтіреді.

Тұрмыстық-қалдықтардан ластанған жер беті суы
Кәріз суларынан ластанған жер беті суы

Гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланғанда суларды сарқылудан және ластанудан қорғайтын негізгі іс-шаралар: суару және суландыру мөлшерлерін азайту, табиғи жағдайларга сәйкес оларды дәлме-дәл дифференциялды пайдалану, суарылатын танаптарда және суармалы тізбекте суарылатын судың ысырабын болдырмау, кәріздің және ақаба суларды жүйелердің сыртына тастауды азайту және толық доғару.

Суару және суландыру мөлшерлеріл азайтудың мүмкіншілігі осы заманғы ғылыми зерттеулер мен суармалы егіншіліктің тәжіребесінде жеткілікті сендіру дәлелденген. Биологиялық оңтайлы деп аталатын суландыру мөлшері, өсімдікті оптимальді сумен жабдықтауға және жоғары өнім алуға есептелінген, бірақ олар бұның экономикалық тиімсіз екенін куәландырып отыр. Экономикалық және экологиялық тиімді суландыру мөлшері 1, 3-1, 5, ал кейде 2 есеге дейін оңтайлы суландыру мөлшерінен кіші. Бұл жағдайда ауылшаруашылығы дақылдарының өнімі жоғарғы У мах өніммен салыстырғанда төмендеуі 5-15%-дан көп емес. Ылғалы көбірек аймақтарда (орманды дала, далалық) суландыру мөлшерін ылғалы аз (шөлді, шөлейт) аймақтарға қарағанда үлкенірек мәнге төмендетуге болады. Мысалы, ҚазСШҒЗИ (Қазақтың су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) берілгендері бойынша орманды дала аймағының жағдайында суландыру мөлшерін 1, 5 есеге төмендеткенде дақылдардың өнімі 10%-ға темедейді; ал солтүстік шөлді аймағының жағдайында 1, 2 есеге төмендету керек. Өндірістік жағдайда өнімнің 5-15% төмендеуі егістің алақұлалығына өсімдіктердің ауруына байланысты барлық уақытта орын алады. Сондықтан дақылдардың өнімділігіне (0, 85-0, 95) Утах байланысты суландыру мөлшерінің кемуі орынды және экономикалық тиімді.

Жуйектермен суарғанда суарылатын судың ысырабын азайтуға арналған негізгі іс-шаралар: уақытқа байланысты шапшып ағатын судың шығынының өзгеруі, жүйектердің орынды ұзындың шығынының өзгеруі, жүйектердің орынды ұзындығы, жүйектердің арасын ұлғайту (жүйекі аралық аркылы суару), жүйектерге суаратын ағынды дискретті (үзік-үзік) беру, көп сатысысты суару технологйясы, жүйектерге ағынды үлестіруге арналған жетілген техникалық құралдар

Суармалы жердің сортаңдалуының негізгі себептері: тұзданған топырақ суларының жоғару жатуы немесе олардың деңгейінің көтерілуі, келесісі олардың капиллярлы көтерілуі және топырақтың бетінен булануы, ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға тұздылығы жоғары суларды пайдалану (құрғак далалық және далалық аймақтарға топырақтар үшін 0, 5-0, 8 г/л көбірек, шөлді аймақтардағы топырақтар үшін 1, 5-2 көбірек, қаратопырақты аймақтар үшін 2 г/л көбірек) ; топырақтың құрылымының бұзылуына әкелетін, агротехникалық шараларды уақытылы жүргізбеу.
Суармалы жерді сортаңдалудан және батырылудан сақтау үшін кешенді пайдалану (агротехникалық, мелиоративтік, орман мелиоративтік) шаралардың кешенін қолданады. Оларға: тізбектердегі және суармалы танаптардағы ысыраптарды азайта отырып суармалы суды тиімді пайдалану; қысқы мезгілге қарай жүйелерге су беруді уақытылы тоқтату; суармалы жерге күріш егуді ұтымды жоспарлау; коллекторлы-кәрізді тізбекті жұмысқа жарамды жағдайда ұстау (тұздардан және өсімдіктерден уақыты тазарту, бүлінген жерді қалпына келтіру) ; топырақтың жоғарғы қабатының құрылымын түйір, борпылдақ жағдайда сақтау; көп жылғы шөптерді пайдалану арқылы шөп танапты ауыспалы егісті қолдану; суармалы танаптарды пайдаланғанда тегстеуді жүйелі түрде жүргізу; каналдар мен жолдардың жиектеріне орман жолақтарын отырғызу (биологиялық кәріз) ; күшті сортаңдалған топырақтарды шаю; терең жырту; топырақтарды гипстеу (әсіресе сорланған) ; тұзға төзімді дақылдарды егу (арпа, т. с. с) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz