Алғы дақылдар


Slide 1

Жармалық дақылдар (тары, қарақұмық)

Slide 2

Тары (лат. Panicum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Тары Қазақстанда ежелден, VI ғасырдан бастап өсіріле бастаған екен. Ал, шығу орталығы Шығыс Азияның таулы аудандары. Әлемде тары 25 млн. га жерде өсірілуде. Қазақстанда тары егістігі баска облыстармен салыстырғанда Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Шығыс Казакстан облыстарында басымдылыққа ие. Айталық, 2010 жылы Қазақстанда тары 100 мыңнан астам жерде өсірілсе, соның 50 мыңдай гектары Павлодар, 25 мыңы - Батыс Қазақстан, 15 мыңы Актөбе, 10 мыңдайы - Қостанай облыстарында көрінеді. Қуаңшылыкка. анызакка, ыстыққа төзімділігін ескерсек, тары әртараптандыру (диверсификациялау) мәселесін шешуде маңызды рөл аткаруы мүмкін.

Slide 3

Тарының дәнінен сөк немесе ақталған тары, талқан және жарма өндіріледі. Бұл өнімдерге жоғары сіңімділік және дәмдік сапа тән. Жармалардың кұрамында 12-14% ақуыз, 82 %-ға дейін крахмал, 3. 5-4% лизин, метионин, триптофан ж. б. амин қышқылдары біршама жоғары мөлшерде кездеседі. Онын кұрамындағы мальтоза, амилаза, липаза ж. б. ферменттердің белсенділігі өте жоғары.

Сонымен бірге тарыда В және В₂ дәрумендері баска астық дақылдарымен салыстырғанда екі есе көп. Құрамындағы крахмалдың молдығы тарыны сыра кайнатуға және шарап өндірісінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тарының малазықтық құндылығы да жоғары. Тары тұқымының себу мөлшері аз болғандықтан оны кейде жасыл балауса мен пішен өсіруге пайдаланады, ол сапасы жағынан сұлы, шай жүгері, жүгері және атқонақ пішенінен асып түседі.

Slide 4

Ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен сұрыптары. Ботаникалық сипаттамасы.

Тары 400 түрді біріктіретін Раnicum туыстығына жатады. Барынша кең тараған түрі - кәдімгі тары. Қазакстанда өсіруге рұқсат етілген Шортандинское 7. Саратовское 3. Саратовское 6. сұрыштар

Биологиялық ерекшеліктері. Тары жаздык түрде ғана өсіріледі. Тары сұрыптары өсінді кезеңінің ұзақтығына карай көптүрлілігімен ажыратылады: 50-70 тәулікте пісетін ерте сұрыптарымен қатар, кеш 100-120 тәлікте пісетін сұрыптары да бар. Қазакстанда өсірілетін сұрыптардың өсінді кезеңінің ұзақтығы 75-85 тәулік.

Slide 5

Тары жаксы сақтық дақылы болып табылады. Кешірек себілетіндіктен, кұрғақшылыққа төзімділігінен және өсінді кезенінің салыстырмалы түрде қысқалығы күздік және жаздык дақылдардан кейін сеуіп жасыл балауса ғана емес, жекелеген жағдайларда астык өнімін жинауға да мүмкіндік береді. Тары - біркатар дақылдарға жаксы алғы дақыл. Өзінің биологиялық мүмкіндіктеріне байланысты тары жоғары өнімді дақыл және өсіру технологиясын дұрыс колданғанда өте жоғары өнім бере алады.

Қостанай, Павлодар ж. б. облыстардың озык шаруашылықтары кезінде үлкен егістік алқаптардан колайлы жылдары әр гектардан 17, 1-22, 5 ц және одан да жоғары астық өнімін жинаған. Өкінішке орай соңғы жылдары елімізде тары өсірудің қыр- сырына аз мән берудің кесірінен астық өнімі төмен деңгейде орташа есеппен 4, 0-6, 5 ц/га шамасында ғана.

Slide 6

Өсіру технологиясы. Алғы дақылдар.

Тарыны тын және тыңайған жерлерге немесе көпжылдық шөптер кыртысына орналастырған дұрыс. Олардан кейін тары барынша жоғары астык өнімін қалыптастырады, сондықтан оны жер кыртысы өсімдігі деп те атайды. Тарыға отамалы және дәнді бұршақты дакылдар да жаксы алғы дақыл, сүріден кейінгі екінші дакыл болғанда да тәуір өнім береді. Өсінді кезеңінің қысқалығы тары егістігін жинағаннан кейін күзде ерте сүдігер дайындауға мүмкіндік береді. Бұл Қазакстанның солтүстік өнірінде тарыны жақсы алғы дақыл ете алады. Топырақ өңдеу және қар тоқтату. Тары үшін топырак өндеужүйесі танаптарды арамшөптерден тазартуды, егін көгінің жаппай пайда болуын және тамыр жүйесінің жақсы дамуын камтамасыз етуге бағытталады. Тары тұқымы топыракка біркелкі тереңдікке сіңіріледі, топыракпен жақсы қабысатындықтан тұқымның бөртуі және көктеуі, кейіннен өсімдіктердің біркелкі дамуы камтамасыз етіледі.

Slide 7

Қарақұмық (лат. Fagopyrum) - тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Халықшаруашылығындағы маңызы. Қарақұмық - бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Азык-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма, шамалы мөлшерде ұн түрінде колданылады. Қарақұмық жармасы женіл қорытылатын ақуыздарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жаксы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және емдәмдік касиеттерге ие. Қарақұмық жармасындағы органикалық қышқылдар (алма, кымыздык, лимон) және көп дәрумендер кұрамы (В1, В2. В. Е. РР ж. б. ) ас қорытуды жақсартады. Қарақұмықтың балды дакыл ретіндегі рөлі де зор. Ғылыми деректерге карағанда карақұмықтың әрбір гектар егістігі орташа есеппен 40-60 кг, ал колайлы жалдары 100 кг дейін бал жинауға мүмкіндік береді.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егістік
Ауыспалы егіс
Құс саңғырығы
Асбұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егістігінің 80 -дан астамында өсіріледі. Оны азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіреді
Ноқат дақылы
Өсімдік шаруашылығы
АС БҰРШАҚ ЖАЙЛЫ
Асбұршақ
Топырақ өңдеу жүйесі
Көпжылдық бұршақ – астық тұқымдастардың шөп қоспалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz