Қарақұмық жылусүйгіш өсімдік




Презентация қосу
Қарақұмы
қ

Орындаған: Шапай Мирас
Қарақұмықтың халықшаруашылығындағы
маңызы.

Қарақұмық - бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық
дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді.
Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады.
Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын ақуыздарға, майларға, минералды заттар мен
дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді
және емдәмдік қасиеттерге ие.
Ботаникалық сипаттамасы. Қарақұмық Қарақұмықтар
тұқымдасының өкілі жатады және ол бірнеше түрлерді
біріктіреді: кәдімгі қарақұмық, барлық жерлерде өсіріледі және
көпжапырақты қарақұмық.
Кәдімгі қарақұмық бірнеше түршелерге ажыратылған,
олардың ішінде кең тарағандары: «alata» және «aptera».
Қарақұмықтың өсіп-жетілу кезеңі қысқа (70-85 тәулік),
бастапқы өсуі шапшаң, гүлденуі мен пісуі созылыңқы, ал бұл
аймақ жағдайындағы бозқырауды ескеруді талап етеді.
Морфологиялық ерекшеліктері. Мәдени
қарақұмық – біржылдық шөптесін өсімдік, сабағы
қуыс және бұтақты, биіктігі 30-дан 150 см-ге дейін.
Жапырақтары үшбұрышты – жүрек немесе жүрек –
жебе пішінді болып келеді де төменгілері ірі, ал
жоғары бөлігіндегілері біршама ұсақ. Тамыр жүйесі
алғашқы (ұрықтық) кіндік тамырдан, одан тараған
ұзын бүйір тарамдарынан және жеткілікті ылғалды
жылдары сабақтан төменгі бөлігінен түзілетін
екіншілік қосалқы тамырлардан құралған.
Тамырлары топыраққа 70-90 см-ге дейін бойлауға
қабілетті, алайда олардың негізгі массасы жоғары
құнарлы қабатта (25-30 см) орналасады.
Биологиялық ерекшеліктері. Қарақұмық жылусүйгіш өсімдік. Оның
тұқымдары топырақ температурасы 7-8оС жеткенде өне бастайды, алайда
өскіндердің дамуы 15-30оС аралығында жақсы жүреді. Оның егін көгі
бозқырауға сезімтал және минус 2-3оС ауа температурасында жарақаттанады,
ал - 4оС-да өсімдіктер мүлдем опат болады.

Қарақұмықтың өсіру технологиясы. Қарақұмыққа өсіп-жетілу
кезеңінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, микроклимат
қалыптасатын және тозаңдатқыш – дернәсілдер көп, жақсы жарықтанатын
алаңдар дұрыс. Сондықтан дақылды орман жолақтары немесе ұсақ
шоқылардың маңайындағы танаптарға сепкен дұрысырақ.
Себу мерзімі мен егінді жинау

Себу мерзімі. Бұл дақылдың ерте себілген егістігі көктемгі бозқыраулармен, ал кеш егістігі күзгі ерте
бозқыраулармен зақымдануы мүмкін. Сондықтан аймақ жағдайында оның жаппай гүлденуі мен жеміссалу кезеңдері
ылғалды уақытқа, Қазақстанның солтүстігінде ол уақыт көп жылғы деректер бойынша шілденің үшінші онкүндігі –
тамыз айлары, дәл келетін мерзімді таңдап алу керек. Қарақұмықтың мұндай оңтайлы себу мерзімі топырақтың 8-10
см тереңдігіндегі температура 12-14оС жететін– мамырдың соңы – маусымның басына (28.05- 05.06) дәл келеді.

Егінді жинау. Қарақұмықтың пісу кезеңі ұзақ дақыл. Бұл жинау мерзімін дұрыс анықтауды қиындатады. Тым
ерте жиналғанда толықпаған дәндердің, олардың жоғары қабықтылығының және ядросының аз мөлшері есебінен
астық өнімі төмендеп кетеді. Егін кешіктіріліп жиналғанда, дәндердің айтарлықтай ысырабынан өнім төмендейді.
Қарақұмықтың жинау мерзімін анықтағанда оның екіншілік (үздіксіз) жеміссалу мүмкіндігі барын ескеру шарт.
Мұндай жағдай жеміссалу кезеңінің басындағы құрғақшылық мол жауын-шашынмен алмасқанда байқалады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Орындаған: Шапай Мирас

Ұқсас жұмыстар
Алғы дақылдар
Алқалар тұқымдасы
Зәйтүн дақылы
ҰН, ЖАРМА ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ КОНЦЕНТРАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МАҚТА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары
Күріштен жарма өндіру
Жармалық шикізаттың сипаттамасы және жарманың ассортименті
ЖАРМА ӨНІМДЕРІН САРАПТАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Жарма алудың аппаратуралық - технологиялық схемаларын қарастыру
Пәндер