Ұлу түйін


Slide 1

Презентация

Тақырыбы: Есту және статокинетикалық анализаторлардың

өткізгіш жолдары.

Орындаған: Улыкпанова Р

Қаржау Ұ

Меліс Қ

Тобы: ЖМҚА 04-22

Қабылдаған: Оспанова Н. Б

“Морфофизиология кафедрасы”

Шымкент-2023ж

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Есту анализаторы

Кіреберіс-ұлу дене

Ұлу түйін;

Кіреберіс түйін

II. Негізгі бөлім

Есту жолдары

Статокинетикалық анализаторлардың өткізгіш жолдары

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиет

Slide 3

Есту анализаторының қабылдау бөлігі - құлақ, өткізгіш бөлігі - есту нерві, ал орталық бөлігі - ми қыртысының есту аймағы.

Slide 4

Есту анализаторын сипаттағанда қарастырылған жарғақты лабиринттің басқа бөліктері статокинетикалық анализаторға жатады.

Гравитация анализаторының кұрылысы. Sacculus utriculus және жартылай түтіктер ампулуларының тегіс эпителимен астарланған ішкі бетінде сезімтал (түкті) жасушалар орналасқан, оларға сыртқы жағынан pars vestibularis n. vestibulocochlearis-тің талшықтар келеді. Utriculus пен sacculus-терде бұл жерде ақшыл дақтар - maculae utriculi et sacculi пішіндес келеді, өйткені олардағы сезімтал эпителий іркілдек затпен жабылған, ал жартылай дөңгелекті түтіктердің ампулаларында олар қырлар - cristae ampullares - түрінде болады. Қырларды жабатын эпителидің құрамында түктері бар сезімтал жасушалар орналасады, оларға нерв талшықтары келеді. Гравитация анализаторы рефлекс доғасының бірінші нейроны - ganglion vestibulare ішінде жатады. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері - pars vestibularis n. vestibulocochlearis құрамында лабиринт нервтерінін VIII жұбының pars vestibularis-i турінде осы нервтін pars cochlearis-мен бірге porus acusticus internus аркылы бас сүйек қуысына өтіп, одан әрі көпір-мишық бұрышында ми затына енеді.

Slide 5

Есту анализаторының құрылысы.

Жарғақты лабиринттің суйекті ұлуда орналасқан алдыңғы бөлігі - ұлу түтігі - ductus cochlearis - есту мүшесінің ен манызды бөлігі болып табылады.

Ductus cochlearis кіреберістін recesus cochlearis-та ұлу өзегі мен sacculus-ті қосатын ductus reunions-тің артында тұйык шетімен басталады.

Содан кейін ductus cochlearis сүйекті ұлудын бүкіл иірмелі өзегімен өтіп, оның ұшында тұйық аяқталады. Келденең кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді . Оның үш кабырасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп өседі, басқа қабырғасы - membrane spi- ralis сүйекті ірімді табақшасының жалғасы болып, оның бос жиегі мен сырткы кабырға арасында созылып жатады. Үшінші, ұлу түтігінің өте жұқа кабырғасы, paries vestibularis ductus cochlearis иірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға карай қигаш тартылған. Membrana spiralis імінде жайғасқан базилярлы табақшада (lamina basilaris) дыбыс қабылдаушы аппарат - иірмелі мүше орналасады. Ductus cochlearis арқылы scala ves- tibule мен scala tympani бір-бірінен бөлінеді, олар тек ұлу кумбезінде гана - helicotrema деп аталатын тесік аркылы өзара жалғасады. Scala vestibuli кіреберісті перилимфалык кеңістігімен қатысады, ал scala tym- раni ұлудың терезесі жанында тұйык аяқталады.

Slide 6

Есту физиологиясы

Есту анализаторы үшін дыбыс барабар ынталандыру болып табылады. Әр дыбыстық реңктің негізгі сипаттамалары - дыбыстық толқынның жиілігі мен амплитудасы. Жиілік неғұрлым жоғары болса, дыбыс соғұрлым жоғары болады. Дыбыстың күші, оның көлемімен, амплитудаға пропорционалды және децибельмен өлшенеді (дБ) . Адамның құлағы 20 Гц-тен 20, 000 Гц дейінгі диапазондағы дыбысты қабылдауға қабілетті (балалар - 32000 Гц дейін) . Құлақ 1000-нан 4000 Гц-ге дейінгі жиіліктегі дыбыстардың ең жоғары қозғыштығына ие. 1000 және 4000 Гц-тен төмен құлақтың қозу қабілеті айтарлықтай төмендейді.

30 дБ дейінгі дыбыс өте әлсіз естіледі, 30-дан 50 дБ-ға дейін адамның сыбырына сәйкес келеді, 50-ден 65 дБ-ға дейін, қарапайым сөйлеуге дейін, 65-тен 100 дБ-ге дейін, қатты дыбысқа - 120 дБ, “ауыру шегі” - 140 дБ ортаңғы (құлақтың жарылуы) және ішкі (Корти ағзасының бұзылуы) .

Slide 7

Кіреберіс-ұлу дене

Кіреберіс- ұлу нерві, n. vestibulocochlearis- бассүйек нервтерінің VІІІ- жұп нерві, арнаулы сезімтал нерв (есту және вестибулярлы), ұлу және кіреберіс бөліктерінен тұрады. Нервтің әр бөлігінің меншікті сезімтал түйіні бар.

1) жоғарғы түбіршік, radix superior, немесе кіреберіс нерві, n. vestibularis;

2) төменгі түбіршік, radix inferior, немесе ұлу нерві, n. cochlearis.

Екі түбіршік бірігіп, кіреберіс-ұлу нервін түзеді.

Slide 8

Ұлу түйіні, ganglion cochleare (ұлудың иірмелі түйіні), ұлудың иірмелі өзегінде орналасады. Бұл түйіннің жасушаларының шеткі өсінділері иірімді дене (кортии) жасушаларында бітеді, ал орталық өсінділері ұлудың дорзальді және вентралді ядроларына бет алады. Ұлу түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділерінің жиынтығы VІІІ жұп нервтің ұлулық бөлігін, pars cochlearis, құрастырады.

Кіреберіс түйіні, ganglion vestibulare, ішкі есту өтісінің түбінде жатыр. Бұл түйіннің жасушаларының шеткі өсінділері кіреберіс рецепторларында: алдыңғы және артқы және латеральді ампулалық нервтер, nn. ampullares anterior, posterior et lateralis, эллипсті - қаптық нерв, n. utricularis, эллипсті - қаптық - ампулалық нерв, n. urticuloampullaris, дөңгелек - қаптық нерв, n. saccularis бітеді, ал ортаңғы кіреберіс түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділері VІІІ-жұп нервтің кіреберіс бөлігін, pars vestibularis, құрастырып, кіреберіс ядроларына (медиальді, латеральді, жоғарғы және төменгі) барады. Ішкі құлақ рецепторларынан кіреберіс -ұлу нерві ішкі есту өтісіне бет алады. Одан шыққан соң көпір-мишық бұрышы аймағында бет нервінен сырттай ми көпіріне кіреді.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Есту анализаторының құрылысы.

Жарғақты лабиринттің суйекті ұлуда орналасқан алдыңғы бөлігі - ұлу түтігі - ductus cochlearis - есту мүшесінің ен манызды бөлігі болып табылады. Ductus cochlearis кіреберістін recesus cochlearis-та ұлу өзегі мен sacculus-ті қосатын duc- tus reunions-тің артында тұйык шетімен басталады. Содан кейін ductus cochlearis сүйекті ұлудын бүкіл иірмелі өзегімен өтіп, оның ұшында тұйық аяқталады. Келденең кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді . Оның үш кабырасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп өседі, басқа қабырғасы - membrane spi- ralis сүйекті ірімді табақшасының жалғасы болып, оның бос жиегі мен сырткы кабырға арасында созылып жатады. Үшінші, ұлу түтігінің өте жұқа кабырғасы, paries vestibularis ductus cochlearis иірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға карай қигаш тартылған. Membrana spiralis імінде жайғасқан базилярлы табақшада (lamina basilaris) дыбыс қабылдаушы аппарат - иірмелі мүше орналасады. Ductus cochlearis арқылы scala ves- tibule мен scala tympani бір-бірінен бөлінеді, олар тек ұлу кумбезінде гана - helicotrema деп аталатын тесік аркылы өзара жалғасады. Scala vestibuli кіреберісті перилимфалык кеңістігімен қатысады, ал scala tym- раni ұлудың терезесі жанында тұйык аяқталады. Иірмелі муше - organon spirale - бүкіл ұлу түтігі бойында базилярлы табақшада орналасып, оның lamina spiralis ossea-ға ең жақын бөлігін алып жатады. Иірмелі мүшенің өзі эпителий жасушаларының бірнеше қатарынан құралады, олардың арасынан түктері бар сезімтал дыбыс жасушаларын ажыратуға болады. Ол механикалық тербелістерді электр тербелістеріне айналдыратын "кері" микрофон қызметін атқарады.

Slide 12

Дыбысты жеткізу жолдары (есту анализаторының схемасы) .

Функционалдық жағынан есту мүшесі (есту анализаторының шеткі бөлігі) екі бөлікке бөлінеді:

дыбыс өткізгіш аппарат - сыртқы және ортаңғы құлақ, сонымен қатар ішкі құлақтың кейбір элементтері (перилимфа менэндолимфа) ;

2) дыбыс қабылдагыш аппарат - ішкі құлақ. Құлақ қалқаны жинайтын ауа толқындары дабыл жарғағына соғып, оның тербелісін тудырады. Керілу дарежесі m. tensor tympani-дің (n. trigeminus нервтендіреді) жиырылуы арқылы реттелетін дабыл жарғағының тербелісі, онымен бітісіп-өскен балғашыш сабын қозғалысқа келтіреді. Балғашық тес сүйекшені, ал төс сүйекше ішкі құлаққа апаратын fenestra vestibule-ге орнатылған үзеңгіні қозғалтады. Үзеңгінің кіреберіс терезесіндегі ығысу шамасы m. stapedius-тің (n. stapedius, n. facialis- тен) жиырылуымен реттеледі. Сүйтіп, жылжымалы байланысқан сүйекшелер тізбегі дабыл жарғаның тербелмелі қозғалыстарынбағыттай кіреберіс терезесіне қарай өткізеді


Ұқсас жұмыстар
Спиральді мүше
Есту тепе - теңдік мүшесі
Қосжақтаулы ұлулар класы
Көмектес септік
Ұлулардың тамақтану кезі
Тәулік. Көмектес септік
Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары
Сыртқы құлақ
VII бет нерві
"Ұ" дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz