Сабын және Синтетикалық заттар




Презентация қосу
9-сынып
Тақырыбы: «Сабын және
Синтетикалық заттар»
Сабын және синтетикалық жуғыш
заттар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға
сабын және синтетикалық
жуғыш заттар туралы қосымша
мәліметтер беру
Үй тапсырмасын тексеру:
«Күрделі эфирлер мен майлар» тақырыбына химиялық диктант (ия
немесе жоқ деп жауап беріледі)

1. Күрделі эфирлердің хош иісі болады.
2. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарының өзара
әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
3. Май- биологиялық отын.
4. Май қатты және сұйық болып бөлінеді.
5. Май суда жақсы ериді.
6. Майды ұзақ сақтаған өте пайдалы.
7. Май тірі организмдердің жылуын сақтайды.
8. Кокос майы сұйық майға жатады.
9. Қатты майдың құрамында қаныққан карбон
қышқылының қалдығы болады.
10. Тазартылмаған өсімдік май организмге зиянды.

10 дұрыс жауап – «5»
8 дұрыс жауап – «4»
6 дұрыс жауап – «3»
Сабын
Сабын құрамында 16-18 көміртек атомдары бар жоғары
карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек
атомының орнын металл атомы басқан туындысы. Сабындар
қатты және сұйық болады. Қатты сабынның құрамына натрий,
ал сұйық сабынның құрамына калий атомдары кіреді.

Сұйық сабын Қатты сабын
Сабын
Сабын алу үшін майды натрий гидроксидімен
немесе натрий карбонатымен қосып қыздырады.
Май + NaОН → глицерин + RСООNa (сабын)

Сабын гидролизденгенде сілтілік орта түзіледі:
RСООNa + Н2О → RСООН + Na+ +ОН-
Сабын жасау
Синтетикалық жуғыш заттар
СЖЗ- құрамы күрделі синтетикалық қосылыстар. Сабыннан
артықшылығы кальцийлі тұздары да суда жақсы ериді,
сәйкесінше кір алғыштық қасиеті кермек суда жоғары болады.
Кір сабынның пайдасы
Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір
жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің
ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар
көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі
ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында
«жаман ауру» деп аталып келе жатқан қатерлі ісік
ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста
қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті.
Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ
сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын
заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың
бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына
тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра
алмайды.
Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды
десек, артық айтпаймыз. Алайда, бұл өнімдер ағзамызды улап, су,
топырақ, ауаны, бір сөзбен айтқанда, табиғи ортаны кірлетіп
отырғаны жайлы ойландық па? Тері, ауыз, асқазан аурулары мен
жүйке жүйесінің бұзылуына себепкер екенін білеміз бе? Еуропа,
Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде
химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы үшін қауіпті екені
дәлелденді.

Фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның
құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған
кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып
қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен
шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана
шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам
ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері
дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін де шектен тыс
құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып
кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі
себепші.
Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған
жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп,
адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі
заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды
шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып,
соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды
залалсыздандыруға көмектеседі.
Мысалы, қарапайым май кетіретін сұйықтықтардан кейін жуған
ыдысымызды сірке қышқылы қосылған сумен бір-екі рет шайқап
алғанымыз жөн. Себебі, құрамында ағзаға қауіпті канцероген қоспасы бар.
Айғайлап жарнамалап жататын жуғыш өнімдерінің құрамында фосфат пен
хлор мөлшерден тыс екен. Кір жуу ұнтағында фосфаттың мөлшері 5
пайыздан аспау керек. Ал хлор болса, канализация жүйесіндегі органика
қоспалармен араласқан кезде «трихалометан» деген өте қауіпті химиялық
затты ортаға шығарады. Сонымен қатар бұл өнімдердің құрамында
иістендіруші, түс беруші мұнай қоспалары бар. Тұрмыста табиғи сабынды
және жуғыш өнімдерін жасауға бола ма?
Ол үшін сода, карбонат, ұшпа өсімдік майлары, сірке қышқылы мен бура
(натрий бор қышқылы) қажет. Бура — суда тез еритін, сырт келбеті
нафталинге ұқсас бор қосындысы. Ол жалпы тазартушы ретінде
қолданылады. Түрлі иісі бар, дақ шығару, бактериялардың көбеюіне қарсы
тұру ерекшеліктері бар. Сода май дақтарын шығарады, суды жұмсартады.
Сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы
(сабын мен сжз қасиеттерін салыстыру)

сабын сжз

Үйге: §57
БББ кестесі (оқушылар тақтаға сызады)
Білемін Білгім келеді Білдім
Қош болыңыздар!!!

Ұқсас жұмыстар
Май өнімдерінің қосалқы өнімдері
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР. ҚЫШҚЫЛДАР
САБЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Органикалық ауыл шаруашылығ ының әдістері
Күрделі эфирлердің гидролизі
Химиялық талшықтар
Химиялық әдіс
Тері гигиенасы
Қазақ халқының байырғы қара сабыныды қазіргі заманауи брендке шығару
Аллергиялық аурулар кезінде науқастарға күтім жасау ережелері
Пәндер