Жұмыссыздық және халықты жұмыспен қамту



Дайындаған: Альжанова Алина
Асқар Гауһар
Мақсатова Ақмарал
Жұмыссыздық және халықты жұмыспен қамту

Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты:
Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс.
Құрылымдық жұмыссыздық - елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс.
Циклдік жұмыссыздық - елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды.

Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы - ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында биылғы 2012 жылы 4 -ші бағыт бойынша қосымша сұралған қаражатты қоса есептегенде барлық сома 2 млрд. 819 млн. 264 мың теңгені құрады. Қамтылатын қатысушылар саны - 4632 адам. Оның ішінде: бірінші бағыт бойынша 3993 адамға - 1 млрд. 157, 3 млн. теңге қаралып отыр, оның ішінде 2622 адам кәсіптік даярлаудан өтіп, 415 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 956 адам жастар практикасына жолданады; екінші бағыт бойынша 259 адамға микрокредит беру жоспаралнып, олардың ішінде 159-ы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 129 несие алушылардың жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымдары дамытылады, осы мақсаттарға барлығы 706, 2 млн. теңге қаралып отыр; бағдарламаның 3-ші бағытын алдағы жылдары іске асыру үшін бекітілген критерийлерге сәйкес 6 аудан бойынша экономикалық әлеуеті төмен 32 елді мекендердің тізімі анықталып (Мойынқұмда - 11, Сарысуда - 13, Талас ауданында 4, Меркі - 2, Қордай -1, Т. Рысқұлов ауданында 1 елді мекен), ол ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді дамыту» атты жаңа төртінші бағыты бойынша 2012 жылы облысымызға ауылдық елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және оларды көріктендіруге облыстағы экономикалық белсенді халық санына сәйкес 759, 3 млн. теңге бөлініп, 68 нысан тізімі белгіленіп, осы саладағы жұмыстарды атқаруға 600-ден аса адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр. Бұл бағыт 2009-2010 жылдары іске асырылған Жол картасы бағдарламасы сияқты төмендегідей салаларда жүзеге асады: коммуналдық-инженерлік нысандарды, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды жаңғырту, күрделі, орта және ағымды жөндеуден өткізу; әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, күрделі және ағымды жөндеуден өткізу; абаттандыру.

Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айында Жұмыспен қамту орталықтарынан 688 адам бағдарламаға қатысу бойынша кеңес алып, оның ішінде 465-і өтініш берсе, олардың 396-сы бойынша Бағдарламаға қатысушы ретінде шешім қабылданып, олармен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды.

Жалпы алғанда, осы бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыста барлығы 8 млрд. 728 млн. теңге қаражатқа 10235 адам қамтылатын болады. Соған сәйкес 2015 жылға жұмыссыздық деңгейі 5, 5 пайыздан аспайтын болады, жалпы халық санына шаққандағы табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5, 1 пайызға дейін төмендесе, жұмыспен қамтылғандарға шаққандағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі 3, 6 пайызға төмендейді. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 23 % құрайтын болады.



- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz