Критерийлер бағалау


Slide 1

Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Орындаған: Бектасова Балнұр

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Малгайдарова Г

Slide 2

Бағалау: Бұл не үшін қажет?

«Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі.

Б. Г. Ананьев: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші, өзінің нақты білімі көрініс тапқан объективті баға негізінде өзіндік бағалауды құрудың орнына адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».

Slide 3

«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.

Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Slide 4

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттары

Slide 5

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі жүйесіне талдау

Сипаттамалар

ҚР Жалпы білім беретін мектептердегі бағалау жүйесі

ЭЫДҰ ұсыныстары

Негіздеме

Бағалаудағы «Нормативті бағытталған» тәсілге негізделген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

«Қазақстанның барлық бастауыш және орта мектептеріне (сонымен қоса жоғары сыныптарға) критерийлер негізіндегі бағалау жүйесін енгізу қажет. Бұл бағаларды жоғарылатуға жол бермейді және ата-аналар үшін оқушылардың үлгерімі жайында есептерді барынша түсінікті етуге ықпал етеді».

ЭЫДҰ қорытындылары (2014) : «Сыныптағы үлгерімді бағалау бойынша берілген «нормативті бағытталған» тәсілде кемшіліктер кездеседі. Сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналарына түсіндіруге болатын әр түрлі пәндер бойынша нәтижелерді бағалау мен салыстырудың дифференциалданған критерийлері жоқ».

Қорытынды бағалау бойынша шешім

Мұғалім оқушының пән бойынша тоқсан барысында алған барлық бағаларын орташа арифметикалық негізде қабылдайды.

«Бағалардың әр түрлі типтері жайында мақсаттардың айқындылығын орнату мен оларды дұрыс пайдалану сыныптар, мектептер және білім беру жүйесі деңгейінде бағалау құрылымын жетілдіруге оңтайлы үлес қосуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болып есептеледі».

ЭЫДҰ қорытындылары (2014) : «Әдеттегідей, мұғалімдер бағаларды сыныптағы оқушылардың орташа, жоғары және төмен деңгейлерін салыстыру негізінде қояды …»

Оқушылар

дың дайындық деңгейіне қойыла тын талаптар және бағалау шәкілі

Жеке нәтижелер

Жүйелік әрекет нәтижелері

Пәндік нәтижелер - Сандық

сипаттамалар

Бесбалды шәкіл: 1-ден 5-ке дейін (шынында 4 балл қолданылады)

«…мұғалімдерді тиісті түрде «критерийлерге негізделген бағалаудың» арнайы әдістерін тиімді пайдалану үшін дайындық барысында кемшіліктерді бұл әдістер көмегімен еңсеруге болады. Қазіргі таңда критерийлерге негізделген әдістер Қазақстан территориясында және жетекші жеке мектептерде, соның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қолданылады (НЗМ, 2012) ».

ЭЫДҰ қорытындылары (2014) : «Мұғалімдер оқушылардың білімін 1-ден 5-ке дейінгі шәкіл негізінде бағалайды, сонымен бірге алғашқы КСРО кезінде жасалған жалпы дидактикалық критерийлердің кешені сыныптағы үлгерімді бағалау бойынша пәндік тәуелсіз нұсқаулықпен қамтамасыз ету үшін өнделген».

Тәуекелдер

Мұғалімдердің субъективті шешім қабылдауы негізінде 3-ке («қанағаттанарлық») бағаланған оқушылардың жоғары үлесінің болуы

«Критерийлерге негізделген бағалау моделі оқушылар үшін әділ болып табылады, … . Берілген модель шеңберінде субъективті стандарттарға негізделудің орнына шынайы және алдын ала мәлімденген мақсаттарға бағытталған объективті стандарттар бойынша оқушылардың үлгерімі салыстырылады, … . …, бұл мұғалімдерге өздерінің жоғары немесе төмен баға қоюды таңдауын негіздеуге көмектеседі».

ЭЫДҰ қорытындылары (2014) : «. . әр сыныптағы үлгерімі орташа және төмен оқушылар бірге

3 (үш) деген баға алады. »

Slide 6

Статистикалық деректерге сәйкес 2014-2015 оқу жылындағы оқушылардың жалпы санының (2 609 612 адам) нәтижесі бойынша:

орта білім беру жүйесіндегі 47, 1% оқушылар (1 228 164 адам) оқуларын «үшпен» аяқтады;

35, 4% оқушылар (924 695 адам) - «төртпен» аяқтады;

17, 5% оқушылар (455 541 адам) - «беспен» аяқтады;

0, 1% оқушылар (1212 адам) - екінші жылға қалдырылды.

Оқушылардың 50%-ы орта мектепті «үштік» бағамен аяқтайды.

Slide 7

Бағалау жүйелеріндегі айырмашылықтар

Сипаттамалар

Нормативті бағытталған бағалау

(қазіргі таңда орын алатын жүйе)

Критериалды бағалау

(мазмұнды жаңарту шеңберіндегі жүйе)

Оқушылардың нәтижелерін салыстыру аймағы

Оқушылардың оқу жетістіктерін басқа оқушылардың оқу жетістіктерімен салыстыру

Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлерге негізделген күтілетін нәтижелермен салыстыру

Бағалаудың түрлері

Ағымдағы бағалау - мұғалімнің жүйелі түрде бағаны тіркеу арқылы үнемі жүргізіп отыратын бағалауы

Қалыптастырушы бағалау- мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа

да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз

ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді)

Жиынтық бағалау- оқушылардың белгілі бір оқу кезеңін аяқтағандағы оқу жетістіктерінің деңгейі (бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау)

Қорытынды бағалау нәтижесі

Оқушының барлық бағалары орта арифметикалық негізде қойылады

Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағаның пайыздық ара қатынасы ретінде қойылады.

Мазмұн мен бағалаудың өзара байланысы

Мақсаттардың жалпыланған тұжырымдамасына байланысты оқу мақсаттарына жету жолдарын көрсетпейді

Мақсаттарға және күтілетін нәтижелерге жетуді көрсетеді

Бағалаудың бағыты

Ақпараты аз баға алу

(бағаны сандық түрде білдіру)

Мазмұндылығы мен толықтылығымен ерекшеленетін күтілетін нәтижелерге жету жайында пайымдау

Мұғалім тәжірибесіндегі бағалау үдерісінің сипаттамасы

«жарысу»

шектеулі ақпарат беру

шәкілдің «өрескелдігі»

нормалар мен критерийлердің жөнсіздігі, олардың жабық болуы

«азайту» әдісі

шешім қабылдау субъективтілігі және артық күтілімдер

уақыт факторын қолданудың ақталмауы

ақпараттың ашықтығы мен оқу үдерісіне сай талаптар, нормалар, критерийлер және бағалау рәсімінің айқындылығы

оқуға қызығушылықты ынталандыру,

даму жолдарын ұсыну,

қойылатын бағалардың мәнін түсіну

Notes: Малыгин, А. А. (2013) . Оценивание результатов обучения. http://main. isuct. ru/files/edu/umu/%20Оценивание%20результатов%20обучения. pdf

Guskey T. R. Closing achievement gaps: revisiting Benjamin S. Bloom’s “Learning for mastery” // Journal of advanced academics. Vol. 19, 2007. pp. 8-31

Серебрякова Л. А. Контрольно-оценочная деятельность в образовательном процессе (проектирование и совершенствование) . http://900igr. net/prezentatsii/pedagogika/Kontrolno-otsenochnaja-dejatelnost-v-shkole/001-Kontrolno-otsenochnaja-dejatelnost-v-obrazovatelnom-protsesse. html

Slide 8

Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы

Notes: Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118

Переход на 12-летнюю модель образования

Планируется разработать и внедрить новый стандарт 12-летнего образования, основанный на компетентностном подходе.

В 2011 году будут обновлены ГОСО начального образования, разработаны учебные программы на основе компетентностного подхода основного среднего и общего среднего образования.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында

2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында ұсынылған білім берудегі

Даму теориясына (теориясынына деп жазылған) негізделген

Әр түрлі бөлек жазылады

Slide 9

Критериалды бағалау жүйе элементтерінің түйінді идеялары

КБ элементтері

Түйінді идеялар

Біліктілікке негізделген тәсілдеме

Мақсаттарды анықтау, мазмұнды сұрыптау, оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу нәтижелерін бағалаудың жалпы қағидаттар жиынтығы. Мұндай қағидаттарға келесі тұжырымдар жатады (О. Е. Лебедев, 2004) :

- Оқу үдерісін ұйымдастыру мәні білім беру мазмұнын құрайтын оқушылардың танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, адамгершілік және тағы басқа мәселелерді дербес түрде шешу тәжірибесін қалыптастыруда жатыр.

Оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында оқушылардың қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді.

Біліктілікке негізделген тәсілдеме оқушылардың білім мен дағдыларды бір-бірінен бөлек үйренуден гөрі оларды кешенді түрде меңгеруді ұсынады (А. В. Хуторской, 2002) .

Кері дизайн

Педагогикалық жобалаудың арнайы технологиясының негізгі критерийі контент емес, жоспарланатын нәтижелер болып табылады (С. Б. Велединская, М. Ю. Дорофеева, 2014) .

Оқу үдерісін жобалаудың үш кезеңі ұйғарылады (Г. Уиггинс, Дж. Мак Тай, 1998) :

1-кезең - Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Оқушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;

2-кезең - Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Оқушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;

3-кезең - Оқуды және оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау.

Notes: Хуторской А. В. Технология проектирования ключевых и предметных компетенций // Интернет-журнал "Эйдос". - 2005. http://www. eidos. ru/journal/2005/1212. htm

Лебедев О. Е. Компетентностный подход в образовании// Школьные технологии. - 2004. - № 5. - С. 3-1

Slide 10

Критериалды бағалау жүйесі элементтерінің түйінді идеялары

КО элементтері

Түйінді идеялар

Әлеуметтік-конструктивистік білім беру теориясы

Білім танымның келісілген аймағы ретінде қарастырылады; оқушы білімді пассивті түрде алуды тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды (Бер, 2015) .

Дүниежүзілік банк пен ЭЫДҰ оқу мақсаттары

Оқу мақсаттары қалаулы нәтижелерге жетудің алғышарттары деп қарастырылуы тиіс (Р. Вагенар, 2008) .

ЭЫДҰ баяндамасында біліктіліктің үш түрі ерекшеленеді (ОЭСР, 10-16 б. ) .

А. Құралдарды интерактивті түрде пайдалану:

- Сөйлеуді, символдарды және мәтінді интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;

- Білім мен ақпаратты интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі;

Технологияларды интерактивті түрде пайдалану қабілеттілігі.

В. Гетерогенді топтарда өзара әрекеттесу:

Басқаларға жақсы қатынас көрсету қабілеттілігі;

Командада ынтымақтасу және жұмыс істеу қабілеттілігі;

Қақтығыстарды басқару және шешу.

С. Өз бетімен іс-әрекет жасау:

- Барынша кең бейнені көру және әрекет ету қабілеттілігі;

- Өмірлік жоспарлар мен жеке жобаларды құру мен іске асыру қабілеттілігі;

- Құқықтарды, қызығушылықтарды, нормалар мен қажеттіліктерді қорғау мен сақтау қабілеттілігі.

Жақын арадағы даму аймағы

Л. С. Выготский ұсынған ұғым, баланың даму деңгейі (қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алады) және педагог пен өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын потенциалды даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білдіреді.

Скаффолдинг теориясы

Оқу үдерісінің барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен оқушыларды қолдау (Дж. С. Брунер, 1976) .

Қалыптастырушы бағалаудың теориясы

Оқу мен оқыту үдерісінің негізіне келесі үш сұрақ жатады: «оқушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?» бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және оқушы) (П. Блэк, Д. Уильям, 2009) .

Slide 11

Критериалды бағалау жүйесі элементтерінің түйінді идеялары

КБ элементтері

Түйінді идеялар

Тілді толық меңгеру теориясы

Блум бойынша дәстүрлі мектепте оқу үдерісіндегі қол жеткізген жетістіктердің 90% айырмашылығы негізгі үш фактор арқылы түсіндіріледі:

1. Когнитивті бастапқы мінез-құлық - бұл жаңа тапсырманы шешу алдында болатын оқушының білімі мен қабілеттері. Осы бастапқы айырмашылықтарды тексеріп, оларға оқу-педагогикалық үдерісті бейімдеу қорытындысының айырмашылықтарын 50% дейін қысқартуға болады;

2. Эмоционалды бастапқы мінез-құлық болашақ оқу мотивациясына қатты әсер ететін алғашқы сәтсіздіктерден көңілдің қалуын басу үшін бағытталған. Бастапқы сатыдағы тиімді стимуляцияның нәтижесінде қорытынды жетістіктердегі айырмашылықтар 25% дейін төмендейді;

3. Білім беру үдерісі ортамен, уақыт есебімен жүзеге асады, дегенмен ынталандыру және әрбірімен жеке жұмыс істеу де маңызды орын алады. Осыған орай, қорытынды айырмашылықтардың тағы 25% жоқ болуы мүмкін (Б. С. Блум, 1970) .

Дәстүрлі және эксперименталды сынып оқушылары нәтижелерінің (тілді толық меңгеру теориясы бойынша) салыстырмалы анализі:

Дәстүрлі сынып

Эксперименталды сынып

Slide 12

Критериалды бағалау жүйесі элементтерінің түйінді идеялары

КБ элементтері

Түйінді идеялар

Оқу мақсаттарының таксономиясы

Оқу мақсаттары интеллектуалды әрекет категорияларына сай бөлінеді (Б. С. Блум, Д. Кратволь, 1956) .

Сөйлеу әрекетінің теориясы

Сөйлеу әрекетіне үйрету әрекетінің толық сипаттамалары ие және тәуелсіз болып қалыптасу арқылы жүзеге асырылуы тиіс (И. А. Зимняя, 1973) .

Notes: Глоссарий к уровневым программам курсов повышения квалификации педагогических работников Республики Казахстан, разработанным Центром педагогического мастерства совместно с факультетом образования Кембриджского университета, Учебно-методическое пособие, 2012.

Slide 13

Критериалды бағалаудың басты қағидаттары

Бағалау білім беру жүйесінің міндеттеріне негізделеді*. Бағалау жекелеген мақсат емес. Ол жалпы білім беруді жетілдірумен қатар әрбір оқушының оқу жетістіктерін жақсартудың тиімді жолының бірден бір механизмі. Білім беру жүйесінің міндеті тек қана нені бағалауды анықтау емес, бағалауды қалай өткізуді анықтау.

Бағалау шынайы, валидті, сенімді және айқын болады. Ол бағалау рәсіміндегі ақпараттың сенімді және рас болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар тапсырмалар мен тиісті критерийлер оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізгендіктерін бағалайды.

Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі. Ол оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен тығыз байланысты. Оқу мақсаттарының түсінікті болуын және бағалау рәсімдерінің барлық түрлерінің (қалыптастыру, жиынтық) оқу бағдарламасының мазмұнымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Бағалау қолжетімді, түсінікті және ашық. Ол пайдалы ақпараттың уақтылы жетуіне, оқушылардың өзіндік қадағалайтын тәртіптерін дамытуға және аталған үдеріске қатысты барлық жауаптылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Бағалау үздіксіз үрдіс, ол өзін-өзі машықтауды талап етеді, оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауды және одан әрі дамып қалыптасудың жеке траекториясын жасауды қамтамасыз етеді.

Бағалау мектептің, педагогикалық ұжымның, оқушылардың даму бағытын анықтайды және жетекшілік етеді. Бұл әр қатысушының жауапкершіліктері мен өз қызметтерін жүзеге асыруға ықпалын тигізеді.

* 2007 жылдың 27 шілдесіндегі №319-III Казақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 11-тармағына сәйкес

Notes: Закон «Об образовании» Республики Казахстан от 27 июля 2007 года №319-III

Статья 11. Задачи системы образования

Задачами системы образования являются: 1) создание необходимых условий для получения качественного образования, направленного на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки и практики; 2) развитие творческих, духовных и физических возможностей личности, формирование прочных основ нравственности и здорового образа жизни, обогащение интеллекта путем создания условий для развития индивидуальности; 3) воспитание гражданственности и патриотизма, любви к своей Родине - Республике Казахстан, уважения к государственным символам и государственному языку, почитания народных традиций, нетерпимости к любым антиконституционным и антиобщественным проявлениям; 4) воспитание личности с активной гражданской позицией, формирование потребностей участвовать в общественно-политической, экономической и культурной жизни республики, осознанного отношения личности к своим правам и обязанностям; 5) приобщение к достижениям отечественной и мировой культуры; изучение истории, обычаев и традиций казахского и других народов республики; овладение государственным, русским, иностранным языками; 6) обеспечение повышения социального статуса педагогических работников; 7) расширение автономности, самостоятельности организаций образования, демократизация управления образованием; 8) функционирование национальной системы оценки качества образования, отвечающей потребностям общества и экономики; 9) внедрение и эффективное использование новых технологий обучения, в том числе кредитной, дистанционной, информационно-коммуникационных, способствующих быстрой адаптации профессионального образования к изменяющимся потребностям общества и рынка труда; 10) развитие систем обучения в течение жизни, обеспечивающих взаимосвязь между общим обучением, обучением по месту работы и потребностями рынка труда и помогающих каждому максимально использовать свой личный потенциал в обществе, основанный на знании и компетентности; 11) интеграция образования, науки и производства; 12) обеспечение профессиональной мотивации обучающихся; 13) обеспечение опережающего развития технического и профессионального образования путем активного взаимодействия с работодателями и другими социальными партнерами; 14) создание специальных условий для получения образования лицами (детьми) с особыми образовательными потребностями.

Slide 14

Бағалау критерийлері мен оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлерінің сипаттамасы

Деңгейлер

Білу және түсіну

Қолдану

Анализ

Синтез

Бағалау

5 балдық шәкілге ауыстыру кезінде

Төмен деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді

жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі

ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады

жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады

1 -2 бағаға сәйкес

Орташа деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді

әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады

ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады

әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады

тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді

3-4 бағаға сәйкес

Жоғары деңгей

пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді

қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады

әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады

қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады

тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды

5 бағаға сәйкес

Slide 15

Критериалды бағалаудың ұйымдық құрылымы

Кері байланыс «мұғалімнен оқушыға», «оқушыдан мұғалімге», «әкімшіліктен мұғалімге»

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау

Жоғары және орта кезеңді аяқтағанда өткізілетін қорытынды рәсім

Пән бойынша күтілген нәтижелерге сәйкес оқу бағдарламасының оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау

Сыртқы бағалау

Бір тоқсанның жиынтық бағалауы

Қорытынды рәсім әр тоқсанның аяғында өткізіледі

Тоқсанның оқу мақсаттарына жеткендігі туралы шешім қабылдау

Жылдық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу

(тоқсандық бағалардың орта арифметикалық мәні)

Оқушының портфолиосы

Мұғалімнің портфолиосы (мектептің қалауы бойынша)

Notes: Портфолио учителя - рекомендационного характера, как показатель результатов формативной практики

Slide 16

Қалыптастырушы бағалаудың үдерісі

Notes: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

Пән бойынша оқу бағдарламасы

Пән бойынша күтілетін нәтижелер

Бөлімдер\құрамды тақырыптар - бөлімшелер - оқу мақсаттары

Күтілетін нәтижелер

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Қолдану

Анализ

Синтез

Бағалау

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

Қалыптастырушы бағалаудың практикасы

Қызметі

Міндеттері

Әдістері

Қалыптастырушы

-құндылықтар жүйесін практикада бекіту мен қалыптастыру, құрастырудан тұрады

Ынталандырушы

-оқушының тиімді ілгерілеуі үшін қалайтын нәтижеге қол жеткізуде қолайлы жағдай жасаудан тұрады

Жігерлендіруші

-оқушының оқуы мен жетістікке жету қорытындысынан тұрады

Оқушының өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырады

Оқушыларға үнемі кері байланыс жасап отырады

Оқушының оқуын одан әрі мақсатты бағыттауға жігерлендіру

Ақпараттарды ұсыну:

-оқушыларға жұмысының сапасы туралы

-мұғалімдерге оқушыны ілгерілету туралы

-ата-аналарға оқудың жетістік нәтижелерінің дәрежесі туралы

«Бағдаршам»

Қолды көтерген мезетте бірге ойлануға уақыт беру

Портфолио, журналдар мен рубрикалар

Викториналар\сұрақтар

Концептуалдық карталар

Қолмен белгі беру

Жинақтау үшін карточкалар индексі

Бір минуттық эссе

Сөйлеу үлгілері

Түсінік бойынша қателіктерін тексеру

Үш минуттық үзіліс

Мұғалімнің күнделікті практикасы

Slide 17

Қорытынды бағалау үдерісі


Ұқсас жұмыстар
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері
Критерийлерді құрастыру
Сабақ жоспары таныстырылымын жиынтық бағалау
Критериалды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Оқушының бағалаудан
Критериалды білім беру сапасы
Критериалды бағалау туралы ақпарат
Критериалды бағалаудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz