Тапсырмалар түрі


Slide 1

Тақырыбы: Таксономия оқыту нəтижесін бағалау құралы ретінде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

Орындаған: Бектасова Балнұр

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Малгайдарова Г

Slide 2

Таксономия түсінігі

Slide 3

Блум таксономиясы

Бенджамин Блум

(1913-1999)

Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) -америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.

Slide 4 Slide 5

ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алайда ол жөнінде ғалымдар мен практиктердің тарапынан көптеген сын айтылуына байланысты оларды мектепте қолдану деңгейі едәуір төмендеді.

Slide 6

Блум таксономиясы

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Білу, тану

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Slide 7

Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі - төмен деңгей.

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:

Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды) ;

Нақты фактілерді біледі;

Жұмыстың орындалу ретін біледі,

Негізгі ұғымдарды біледі;

Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Slide 8

ІІ. Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі - орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді

атқаруды атауға болады:

Slide 9

Шәкірт:

Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара

байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз;

графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

Slide 10

ІІІ. Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі - орта деңгей.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Шәкірт:

Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:

Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті

бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

Slide 11

ІV. Талдау.

Таным мен ойлау деңгейі - жоғарғы деңгей.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Шәкірт:

Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

Slide 12

V. Жинақтау.

Таным мен ойлау деңгейі - жоғарғы деңгей.

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шәкірт:

Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:

Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз,

бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

Slide 13

VІ. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейі - жоғарғы деңгей.

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын

білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол

жеткізуді меңзейді.

Шәкірт:

Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Slide 14

Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны

Білу түрінің мазмұны:

Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi:

жабық тест тапсырмалары;

қалдырып кеткен белгiлердi қою;

жатқа айту;

анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Slide 15

Түсіну түрінің мазмұны:

мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру;

есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау.

ұқсастықтарды анықтау;

айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.

«Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:

Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау:

”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену;

”Салыстырыңыздар”,

”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау.

Slide 16

2. Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру:

формуланы сөзбен айтып беру;

графиктi оқып беру;

суреттi түсiндiру;

мәліметті өз сөзiмен мазмұндау.

3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi.

4. Анықтамалар:

атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу;

таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек) .

Slide 17

Қолдану түрінің мазмұны:

Slide 18

Талдау (анализ) түрінің мазмұны:

зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу;

оқушы/студент әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi.

Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi.

Талдаудың түрлерi:

1. Негiзiн тану;

2. Астарлы мағынаны ажырату;

3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау.

Slide 19 Slide 20

Синтез түрінің мазмұны:

жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру;

болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру.

Жұмыс және нәтиже түрлерi:

шығармашылық жанрлар.

жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу.

абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.

Slide 21 Slide 22

Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар мазмұны

Білу

Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау.

Түсіну


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылары
Жоспарлау Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау
Ойлау деңгейі Сұрақтар үлгілері
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
Практикалық тапсырмалардың түрлері, орындау тәсілдері
Саралау оқыту әдісі
Шығармашылық тапсырмалар бала белсенділігін арттырудың негізі
Сұрақтар түрі
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz