Сынып ұжымының жалпы мектеп ұжымымен байланысы



М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТі
«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛТТЕТІ
«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы:МШ балалардың тәрбиесінің деңгейін зерттеу бағдарламасы
Орындаған: Бектасова Балнұр
ТП-18-2к1
Қабылдаған:Құлжабаева Гүлсезім Ажығалиқызы


«Тәрбиешi, - деп жазды ол, - адамның шын мәнiнде қандай екенiн, оның барлық кемшiлiгi мен бүкiл ұлылығын, барлық күнделiктi ұсақ қажеттерi мен оның бүкiл асқан рухани талаптарын бiлуге ұмтылуы тиiс. Тәрбиешi адамды семьяда, қоғамда, халық арасында, адамдардың iшiнде және өзара барлық жағдайда бiлуi тиiс».
К. Д. Ушинский шәкiрттiң адамгершiлiгiн жан-жақты зерттеудiң қажеттiгiн атап көрсеткен



А. С. Макаренко «Тәрбие процесiн ұйымдастыру методикасы» - әдістемесі деген еңбегiнiң «Тәрбиешiлер жұмысы» бөлiмiнде тәрбиешi өзiнiң шәкiрттерiн күнделiктi зерттеу процесiнде жауап алуға тиiстi бiрқатар сұрақтарды атайды.


І. Оқушы жөнiндегi жалпы мәлiметтер
Ол қайда тұрады. Отбасы құрамы, оның материалдық жағдайы.
Ата-анасының мәдени деңгейi. Отбасыдағы үлкендердiң дiнге көзқарасы. Отбасыдағы өзара қатынас.
Отбасыдағы тәрбиенiң сипаты. Ата-ана мен Отбасыдағы үлкендердiң оқушының оқуына ықпалы.
Оқушының оқу кестесi. Оның бос уақытты пайдалануы. Үй жұмысына қатысуы.
Оқушының мектептегi және мектептен тыс жердегi достары. Олардың ықпалы және оқушымен өзара қатынасының сипаты.
Оқушының денсаулық жағдайы (мектеп немесе учаскелiк дәрiгердiң дерегi бойынша) .

II. Оқушы дамуының жалпы дәрежесi
Оқушының жалпы дамуы. Оның ой өрiсi. Сөз мәдениетi, бiлiктiлiгi, ынта-ықыласының ауқымы мен тұрақтылығы. Кино, театр, музейге баруы, телехабар көруi.
Оқуға деген көзқарасы. Оқушы сабаққа қалай қарайды. Сабақты зер салып тыңдай ма. Үй тапсырмасын қалай орындайды. Оқудағы төзiмдiлiгi мен ынтасы. Оқу жұмысын ұйымдастыра ала ма? Оқудағы табыстар мен сәтсiздiктерге (өзiнiң және басқа оқушылардың) қалай қарайды?
Дене еңбегiне көзқарасы. Өзiне өзi қызмет көрсетуге қалай қарайды? Еңбек сипатындағы қоғамдық тапсырмаларды қалай орындайды? Мектеп шеберханасы мен мектеп жанындағы учаскеде жұмыс iстеудi ұната ма? Мектептен тыс жерде еңбек етуге қатыса ма? Еңбекте инициатива көрсете ме және өз бетiмен әрекет ете ме?
Оқушының тәртiптiлiгiнiң дәрежесi. Оқушыларға арналған ереженi бiледi ме және қалай орындайды? Мәдени тәртiп дағдысы мен әдеттерi бар ма? Сабақтағы жинақтылық. Қлкендермен, жолдастарымен араласудағы сыпайылық. Күнделiктi өмiрдегi тазалық пен ұқыптылық.
Ынта мен бейiмдiлiк. Оқудағы ынта. Әдебиет, өнер, ғылым, техника, спорт саласындағы ынта. Оқушы қандай үйiрмеде жұмыс iстейдi және мектептен тыс қандай мекемеге барып жүр? Қандай мамандыққа қызығады? Оның ынта-ықыласы болашақ мамандық таңдаумен байланысты ма, еңбек адамдарына қалай қарайды?

III. Оқушының қоғамдық бейнесi және қоғамдық жұмысы
Сыныптың, отрядтың қоғамдық өмiрiне қатысуы. Сынып өмiрiне деген ынта және қоғамдық жұмыстағы белсендiлiк. Пионер немесе комсомол ұйымындағы жұмыс.
Қоғамдық жұмысты орындай. Адал ниеттiлiк. Бастаған iстi аяғына дейiн жеткiзу шеберлiгi. Басқа оқушыларды жұмысқа тарта бiлу бейiмдiлiгi. Басқару және жолдастарына, оқушылар коллективiнiң органдарына бағына бiлу бейiмi. Ұйымдастыру икемiнiң болуы.
Оқушының сынып коллективiндегi орны. Ол коллективпен байланысты ма, әлде шет қалған ба? Сынып оқушыларының оған деген қатынасы. Сыныпта сыйластық пен беделге ие ме? Қандай қоғамдық тапсырмалар орындайды және оған қалай қарайды?

IV. Оқушының негiзгi қасиеттерi
Қоғамдық сана. Оқушының дүние танымы және идеялылығы. Оның қоғамдық мұраттары мен ынтасының бағытылығы. Мұраттарды нақтылы iстерге айналдыра бiлу шеберлiгi. Оқу және қоғамдық жұмыстың iшкi себептерi.
Оқушының моральдық қасиеттерi. Отанға деген сүйiспеншiлiк сезiмi. Ағымдағы оқиғаларға деген ынтасы. Метепке көмек көрсетуге әзiрлiгi. Коллективизм, борыш және жауапкершiлiк сезiмi. Шыншылдық пен адалдық, принципшiлдiк пен қарапайымдылық. Жолдастарына сергек қарап, көңiл аудара ма, оларға көмектесе ме? Басқа ұлт балаларымен дос па? Көпшiлдiгi.
Мiнездiң ерiк - жiгер қасиетi. Мақсаттылық пен белсендiлiк. Өз бетiмен әрекет ету және инициатива көрсету. Жинақылық, төзiмдiлiк, өзiне деген сенiмдiлiк. Табандылық, батылдық, қайсарлық, өзiн-өзi сынай бiлу. Ерiк-жiгердiң жеткiлiксiздiгi.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz