Шығармашылық білім беру саласы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті

Тренинг
Тақырыбы: Шығармашылық білім беру саласы

Орындаған: Ораз Г
Тобы: ТП-18-2к1
Қабылдаған: Кабылбекова З
Білім беру саласы: “Шығармашылық”

Оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: “Анама арналған
моншақтар”
Мақсаты: Қарандашты дұрыс пайдаланып,
моншақтың суретін салуға үйрету. Бояумен ұқыпты
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікті,
әдептілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар:
қуыршақ Айсұлу, түрлі -түсті
моншақтар, әр балаға дайын
салынған моншақ суреті, түрлі-түсті
қарандаштар.
Билингвальді компонент: Моншақ-
бусы.
!
Шаттық шеңбері.

Күлімдеп күн бүгін,
Қарады мағанда.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады сағанда.
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн ана !
-Сәлеметсіз бе апайлар!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Түрлі-түсті моншақтар мен олардың көлемі мен таныстыру.
Моншақтардан жасалатын бұйымдар мен адамдарға
қажеттілігі
Таңғажайып
сәт.

Қуыршақ
Айсұлу
Таңғажайып сәт.
- Қуыршақ Айсұлу ренжіп келеді. Айсұлу моншақтарын бізге келе
жатқанда үзіп алыпты, сендер сол әдемі моншақтарын тізіп
беруге көмектесе ме екен,- деп үміттеніп келіпті.
-Көмектесеміз бе, балалар?
-Моншақ әшекей бұйымдарға жатады. Моншақты қыз
балалар әдемілікке, сәндікке тағады.Үстеріндегі
көйлектеріне, киімдеріне үйлестіріп тағады.
-Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік.
Ол үшін алдарыңдағы қағазға салынған моншақтарды түрлі-
түсті етіп қарандаштармен бояп шығайық.

Биллингвальды компонент: моншақ- бусы.
-Балалар, мұқият әдемілеп саламыз.
Өз бетінше жұмыс жасағандарына мұқият
қарап бақылау.
Балалардың жұмыс барысында ұқыпты
жұмыс істеулері қадағаланады
Моншақты бояуға арналған үлгі
Сергіту сәті

Моншақтарды
алайық,
Мойнымызға
тағайық.
Дөңгелене би билеп,
Көңілденіп алайық.
Дидактикалық ойын: “Моншақты жина”
Керекті құрал-жабдықтар: Қалың баулар мен моншақтар.
Ойын мазмұны: Балаларға моншақты өткізуге арналған
баулар мен өткізуге ыңғайлы моншақтар беріледі, балалар
моншақты тізбектеп өткізеді.
-Балалар ,біздің сабағымызға кім
келді?
- Біз ненің суретін бейнелеп бердік
қуыршаққа?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне
жақсы қатысқан балаларды жеке-
жеке атап мадақтау, өздері тізбектеп
өткіген моншақтарды сыйға тарту .
.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Моншақтың әшекей зат
екенін.
Қандай түсініктерді игерді:Моншақ
туралы қарапайым түсініктерін
Меңгерген дағдыларымен
іскерліктері: Қарандашты дұрыс
пайдалануды.
Назарларыңызғ
а рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығы
Халық ауыз
Балабақшада стандарт талабын жүзеге асыруда әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Алғашқы қадам бағдарламасы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет бойынша білім берудің бес саласы- бала тәрбиесінің басты құралы
Модульдік - кредиттік технологияны енгізу ерекшеліктері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Шет тілі
Тұлғаның функционалды сауаттылығы
Пәндер